- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- •2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
- •3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі, кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері.
- •2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру.
- •3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны.
- •4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».
- •Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»
- •Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.
- •2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсілі арқылы іс–қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді.
Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс-әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс.
Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды.
Бұл тек солмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал–жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі.
Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік:
- Көрнекі құралды көрсету барысында қимыл–тәсілдер өзара үйлестіріліп, қажет техникалық–технологиялық талаптар сақталуы тиіс.
- Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн. Ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.
Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек. Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.
Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.
Болашақ өндірістік оқу мамандарын жоғары оқу орындарында еңбекке дайындық бағыты бойынша даярлау өндірістік жағдайда жүзеге асырылады. Өндірістік оқыту деп, еңбек өнімділігі тән белгілі біліктілік деңгейінде нақты жұмысшы кәсібі бойынша жұмысқа қажетті білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен оқушыларды қаруландырудағы педагогикалық үдеріс түсініледі.
Өндірістік оқыту жүйесі деп, тиісті білімі мен іскерлігі бар, жұмысшы мамандарын құзыретті деңгейде даярлауға қажетті технологиялық және техникалық білім беруге бағытталған дидактикалық және өндірістік үдерістерді мақсатты түрде біріктіру арқылы оқыту айтылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі екендігін қалай түсіндіресіз?
2. Кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері қалай жүзеге асады?
2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру дегенді қалай түсінесіз?
3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны қандай?
4. Кәсіптік оқыту педагогінің сыныптан тыс іс-әрекетінің мазмұны қандай?
4. Өндірістік оқыту мазмұны қандай?
Дәріс№ 4. Кәсіптік оқыту жүйесіне қолданылатын жалпы дидактикалық ұстанымдары (қағидалары)
Мақсаты: Кәсіптік оқыту жүйесіне қолданылатын жалпы дидактикалық қағидаларды сипаттау.
Жоспары:
Негізге алынатын және жалпыдидактикалық қағидалар туралы түсінік.
Еңбекке және кәсіпке оқытуда негізге алынатын қағидалар (оқу мен өнімді еңбектің байланысы, политехникалық, кәсіпке бағдарлау, жасампаздық, шығармашылық) және олардың кәсіптік оқыту іс-әрекеттерде жүзеге асуы.
2. Жалпыдидактикалық қағидаларының (оқытудың білім міндеттерін кешенді шешу бағыттылығы, ғылыми оқыту және оның өмірмен, практикамен байланысы; оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі; оқытудың қарапайымдылығы; оқушылардың оқыту үдерісіндегі өзбетіншілігі, саналылығы, белсенділігі; ауызша, көрнекілік пен практикалық, репродуктивтік және іздену, индуктивті және дедуктивті әдістердің оңтайлы үйлесімділігі; ұжымдық және жеке-дара оқыту формаларының оңтайлы үйлесімділігі; оқыту нәтижелерінің беріктігі мен шынайылылығы, интеграциялық) кәсіптік оқыту үдерісінде қолданылу ерекшеліктері. 4. Оқыту қағидаларын анықтау тәсілдеріне, педагогикалық қағидалар функцияларына талдау жасау, олардың оқыту үдерісіндегі орны.
Кәсіптік оқыту қағидаларына деңгейлі талдау жасау және оқыту үдерісін ұйымдастыру.
Көрнекілігі: оқу құралдары, буклеттер, әдістемелік нұсқалар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: «Кәсіби педагогика», «Педагогика».
Дәрісті өткізу формасы: Проблемалық оқыту, визуальды, бинарлы лекция.
Тірек ұғымдар: «қағида», «ереже», «арнайы қағидалар»
