- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- •2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
- •3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі, кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері.
- •2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру.
- •3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны.
- •4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».
- •Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»
- •Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.
- •2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
Кәсіпке оқыту және технология пәнінде білімгерге баға жеке технологиялық операциямен анық бір жұмыстың түрін орындағаны үшін қойылады. Бұйым дайындағанда қойылатын жалпы бағасы орындалған операциялар мен бұйымның сапалы орындалуына байланысты қойылады. Білімгерлер жұмысын бағалауда оқытушы талапқа сай бағынады. Білімгер жұмысының қателіктерімен кемшіліктерін белгілі талапқа сай талдап түзету енгізеді. Соған байланысты қойған бағасының түсіндіреді. Баға әділ қойылуы тиіс.
Бағалау барысында білімгердің тәртібі есепке алынбайды. Әйтсе де, оқытушы білімгерге тәртіпті сақтау негізінде орындалған жұмыстардың сапасын, технологиялық операцияларын түсіндіріп өтеді. Енді осы талаптарды толығымен қарастырайық. Сапалы орындалған жұмыс білімгерлердің жауапкершілігін арттырып, қалыптастырады. Нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс атқарады.
Оқытушы өндіріс орындарында дайындалатын бұйымдармен салыстыра отырып құрал - жабдықтармен қалай жұмыс атқару керектігін білімгерлердің ойына салып отырады. Мысалы: қолмен атқаратын жұмыс: ине мен оймақпен жұмыс жасау. Орындалатын еңбек операциясына сәйкес қол тігісінің біркелкі жүйелік сәйкестігі - киім бөлшектерінде қолданылады.
Машина жұмыстары: 1. Машина тігісі жеңіл киімдерде 1 см болуы; жіптің түсі машина түсіне сәйкес келуі; көркем сәнді тігістерді жібек жіптермен орындау.
2. Білімгерлердің білімі: Барлық практикалық жұмыстар кәсіпке оқыту пәнінде теориялық негізді ескере отырып орындалады. Мататану, тігін және аспаздық жұмыстар оқытушы қызметінің нәтижесін ескертеді.
3. Еңбек тәсілдерін орындаудағы жүйелілік: еңбек жүйелілігі әрбір операцияны нақты жолда орындау кезінде технологиялық операция бұзылса, онда сапасы төмендейді.
Мысалы: тілме қалтаның тігістерін үтіктеу тәсілдерінің қиындық туғызуы т.б. Оқытушы еңбек тәсілдеріне талдау жасап әділ бағалауы тиіс.
4. Уақыт өлшемін: оқытушы білімгерге жұмыстарда сақталынатын уақыт өлшемдерін ескертеді. 5 - 6 - сыныптарда тапсырманы жеделдету, уақытпен санаспау ол сапалылыққа әкеп соқпайды.
Сол себептен 7 - 8 - сыныптарда ғана уақыт өлшемі қойылады. Осы белгіленген уақытта білімгер өзі дайындаған бұйымның қателіктерін де түзетіп үлгеруі тиіс.
Бұл білімгерді уақытты үнемді пайдалануға өз бетінше жұмыс жасауға бейімдейді.
5. Жұмыс орнын ұйымдастыру: дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орны білімгер жұмысын жеңілдетеді әрі сапасын арттырады. Оған кіретіндер: білімгерлерді тазалық сақтауға және жинауға үйрету. Әрбір кескіш аспаптар мен құрал - саймандарды өз орнында сақтау.
Мысалы: ине, оймақ сантиметрлік таспа, сызғыш, қайшы т.б. Оқытушы әрбір білімгердің жұмыс орнын бақылайды, әрі бағалайды.
6. Қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтау: бұл білімгерлер үшін өте қажетті талап.
Білімгер өзіне жарақат алмауы үшін санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Үстел бетін жуу, тігін машинасындағы жұмыстарды бас киімсіз, яғни орамалсыз орындамау, т.б.
Осы талаптарды сақтағандарға «5» деген баға қойылады.
Ал талаптың бірінде бұрмалаушылық болса «4» деген баға қойылады.
Егер талаптың үшеуі бұзылса «3» деген баға қойылады.
Егер талаптың ешқайсысы орындалмаса «2» деген баға қойылады. Оқытушы бағаларды осы талаптарға әр уақытқа сай қойылатынын есте сақтау керек. Қысқаша түрде ол былай болады:
1. Өңдеудің дәлдігі мен сапасы.
2. Білімгерлердің білімі.
3. Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығы.
4. Уақыт өлшемі.
5. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Санитарлық-тазалық талаптар, техника қауіпсіздігі ережелері.
Қазіргі замандағы бағалау болуы тиіс:
икемді;
көп құралды;
түсінікті;
психологиялық жайлы;
көп құрамды: диагностикалық, суммативті және формативті бағалау.
Диагностикалық бағалау – оқушының біліктілігін және білім, білік, дағдының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе тарауды, бөлімді, тақырыпты өтудің алғашқы сабағында өткізіледі. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушылардың тапсырысына жауап бере алатындай етіп оқу жоспарын түзетуге, оқыту және оқу барысында туындайтын қиындықты бағдарлауға мүмкіндік береді.
Суммативті немесе қорытынды бағалау (емтихан, қорытынды тест т.б.) белгілі бір уақыт кезеңінде оқушылардың оқу нәтижелерін айқындайды.
- Бағалаудың формасын және тәсілдерін оқытушы анықтайды.
- Дәрісханада басты тұлға - оқытушы.
Суммативті бағалау. Суммативті бағалау бақылау жұмысының түрлерін өткізуде қолданылады. Бақылау жұмысын құру барысында ескеретін жағдай: бақылау жұмысының сұрақтары мен тапсырмалары өтілген материалды есте сақтау қабілетін ғана тексеріп қоймай, сонымен қатар жоғары деңгейлік дағдыларды да дамыту қажет. Осындай тапсырмаларды құру кезінде Блум топтамасында көрсетілген оқыту мақсатының деңгейлеріне сүйенуге болады (1956).
«Есте сақтау» деңгейінде оқушы еске түсіріп, қайта тұжырымдап, өтілген материалды есте сақтайды.
«Түсіну» деңгейінде оқушы материалды өз сөзімен түсіндіру, аудару немесе кестелер арқылы түсінеді.
«Қолдану» деңгейінде оқушы материалды басқа контексте қарастырып қолданады.
«Талдау» деңгейінде оқушы өтілген материалдың бір бөлігін, компонентін немесе элементін талдайды.
«Бағалау» деңгейінде оқушы рефлексия, сыни бағалау арқылы шешім жасайды.
«Құру» деңгейінде оқушы өтілген материалды қолдана отырып жаңа идеялар құрады.
Формативті бағалау.
К
үнделікті
тәжірибеде - қолданылады (сабақ сайын,
күн сайын);Ілгері басуды (прогресс) қамтамасыз ететін кері байланыс;
Оқытушыға сыныптың үлгерімін қадағалауға көмектеседі;
Сонымен, формативті бағалау мынандай қызметтер атқарады:
қалыптастырушы, ынталандырушы.
Формативті бағалау:
Ағымдық бақылау - оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру. Пəн бойынша ағымдық үлгерімнің бақылауын пəннің оқу бағдарламасына сəйкес, топта білім беретін оқытушы өткізеді.
Ағымдық бақылау түрлері ауызша сауалнама, тесттілеу, есеп шығару, эссе жазу, дөңгелек үстел, кейс-стади жəне т.б. қамтуы мүмкін.
Формативті және суммативті бағалау арасындағы айырмашылық қандай? Өсімдікпен үйлестіріп қарасақ
Егер біздің оқушылар – өсімдіктер болса, онда…
Ф
ормативті
бағалау бұл өсімдіктерді
қажетіне қарай суару, құнарландыру,
яғни олардың өсуіне тікелей ықпал ету.
Өсімдікті қорытынды бағалау - бұл оларды өлшеу үдерісі. Өлшемді салыстырып, болжағанмен олар өз өзінен өсімдіктің өсуіне ықпал жасамайды. Сол себепті, формативті бағалау оқытудың ең маңызды факторы.
Сурет 8. Өсімдік
Формативті бағалау:
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуға лайықты;
Жүйелілік сипаты бар;
Тек нәтиже ғана емес, процесс те бағаланады;
Жеке тұлғалық және метапәндік қабілеттер қалыптасады;
Әр оқушының жеке үлгерімі қадағаланады;
Формативті бағалауға қойылатын шарттар:
Оқушылардың оқыту мақсатын білуі мен түсінуі
Оқушытермен тиімді кері байланыс
Оқушының өзін тану үдерісінде белсенді қатысуы
Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі мен түсінуі
Оқушының өз жұмысын талдай алу мүмкіндігі мен қабілеті (рефлексия)
Бағалау нәтижелерін есепке ала отырып оқыту тәсілдерін түзету
Мұғалімнің сабақта оқушылардың білімін бағалауда ескерілетін қағидалары:
Мәнділік. Оқу нәтижелері мен білім алушының әрекетінің нақты нәтижелерін ғана бағалау.
Сәйкестік. Білімді, қабілетті, құндылықтар мен құзіреттілікті бағалаудың оқыту нәтижелері мен мақсатына сәйкестігін үнемі бақылап отыру.
Объективтілік және әділеттілік. Бағалаудың нақты дұрыс жасалған критерийлерін қолдану. Критерий бағалау мен бағаны білім алушыға қысым жасау ретінде қолдануға жол бермейді.
Бірегейлік. Бағалаудың алдын ала жоспарланған тыңғылықты ойластырылған оқу үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асыру.
Ашықтығы. Білім алушыларға бағалау критерийлері мен әдістері туралы алдын ала жұмысты орындамас бұрын хабарлау. Оларды бағалау критерийлерін жасау кезінде бірге қатыстыру.
Қол жетімділік. Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына қолданылатын бағалау түрлерінің, әдістерінің, мақсатының қарапайым әрі анық жасауға тырысу.
Жүйелілік. Бағалауды кезектілікпен әрі жүйелі түрде жүзеге асыру.
Мейірімділік. Жетістіктерге жетуге ынталандыратындай оқытушы мен білім алушы арасында сенімге негізделген әріптестік қатынас қалыптастыру. Білім алушыларды дамытуға және қолдау көрсетуге бағытталуы.
Блум таксономиясы. Б.Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Б.Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б.Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол білім алушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Білімгерлердің білімі, іскерлігі мен дағдысын тексерудің түрлері.
2. Күнделікті тексеру қалай жүзеге асады?
3. Ауызша тексеру қажеттілігі?
4. Тексерудің сынып ішінде кең қолданылатын тәсілдері.
5. Практикалық тексеру оқу шеберханаларында жүзеге асуы.
6. Диагностикалық бағалау дегеніміз не?
7. Суммативті бағалау дегеніміз не?
8. Формативті бағалау дегеніміз не?
