Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»

Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.

2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б

Сабаққа әдістемелік талдау жасаудың жалпы ережесі. Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау, оқытушының қаншалықты өз мамандығын меңгеретіндігін бағалауға, озық әдістемелік тәжірибелерді пайдалануға, ұстаздық шеберлігін жетілдіруге септігін тигізеді. Сондықтан сабақты талдау, тек ондағы педагогикалық фактілердің жиынтығын анықтау емес, сабақтың не себептен солай өткендігіне нақты әдістемелік тұрғыда жауап беру? Оқыту үдерісі кезінде сабақта болатын жағдайларды анықтау - сол сабаққа қатысып отырған әрбір педагогтан терең білімді, шеберлікті қажет етеді. Сабаққа қатысып отырған педагогтың алдынан кездесетін қиындық сабақ барысында қалай өткендігін толық сипаттай алмайды.

Сондықтан сабаққа қатысушы педагог ол сабаққа байланысты қандай педагогикалық мәселелерді бақылау қажеттілігін сабақтың қай кезеңдерінде, қандай сұрақтарға аса көңіл аудару керектігін алдын ала белгілеу қажет.

Сабақты талдаудың мақсаты:

•   Білімгерлердің білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.

•   Оқытушыға нұсқаулар беру.

•   Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.

•   Оқытушының жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді

жоюға көмектесу.

•   Оқытушының атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Сабақты өткізу деңгейлері:

•   Жақсы: Оқытушының сабақ мақсатына сай білімгерлермен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі.

•   Өте жақсы: Оқытушының білімгерлерді мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі.

•   Орташа: Білімгерлерді білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы.

•   Төменгі: Білімгерлерден өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Білімгерлердің танымдық іс-әрекеті аз, белсенділіктері төмен.

Сабақты әдістемелік талдауға нұсқау:

Төменде сабақты бақылауға үлгі ретінде сабақ барысының әрбір кезеңі атап көрсетілген. Осы үлгіге байланысты бір сабақты әдістемелік талдаудың жолымен толық танысып өзіңізге тиімді /үлгі/ жасап алуға болады.

Тобы___________________________________________________________

Күні, мерзімі ___________________________________________________

Оқытушының аты-жөні __________________________________________

Білімгерлдардың саны ____________сабақтың ұзақтығы _________ 2х45

Сабақтың тақырыбы _____________________________________________

Сабақтың мақсаты _______________________________________________

І Білімгерлердің сабаққа дайындалуы.

1.1 Ұйымдамстыру кезеңіне жұмсалған уақыт.

1.2 Оқытушының дайындығы: жұмыс орны, құрал-саймандары, техникалық құралдары, көңіл-күйі.

1.3 Білімгерлердің сабаққа дайындығы: жұмыс киімдерінің болуы, жалпы сынып ұжымының көңіл-күйі

1.4 Сабақтың келесі кезеңге өтуі: логикалық баяу, байқаусыз немесе бірден күрт, еткен кезеңдермен байланыстығы

І І Білімгерлердің өткен сабақта жіберген қателіктерін талдау.

2.1 Білімгерлердің жіберген қателіктерінің барлығы ескеріледі немесе ішінара барлығы тән қателіктер ғана айтылады.

2.2 Оқытушы білімгерлердің қатесін қалай көрсетуде: тақтадан, сызбадан, технологиялық картамен салыстыру арқылы.

2.3 Сабақтың бұл кезеңінде кеткен уақыт.

ІІІ Білімгерлердің қатесін анықтау және оны болдырмау жолдары.

3.1 Қатенің болу себептерін талдау: Оқытушы өзі түсіндірді, білімгерлерге өздерінің анықтауын тапсырды, сұрақ беру арқылы білімгерлерді ойландырды.

3.2 Білімгерлердің жіберген қателіктері анықталады ма, жоқ әлде білімгерлерді қатынастырды ма?

3.3 Білімгерлердің жіберген қатесін түзетудің жолдары белгілденді ме оқытушы айту арқылы, білімгерлер қатынасу арқылы, өздігінен жұмыс істеу арқылы?

3.4 Сабақтың бұл кезеңіне кеткен уақыт.

ІV Білімгерлердің жаңа сабақты саналы меңгерудегі дайындығы.

4.1 Білімгердің назарын аудару тәсілдері: өткен сабақтығы технологиялық ситуацияны жаңарту арқылы, өткен сабақты қорытындылау арқылы, өткен сабақты пысықтау және қатені талдау арқылы т.б.

4.2 Жаңа сабақты меңгеруге байланысты білімгерлерді психологиялық дайындау тәсілдері: іштей қызығушылық тудыру, сабаққа қызығушылығы жасанды, сабаққа қызушылық тіптен жоқ.

4.3 Бұл кезеңге жіберілген уақыт.

V Жаңа білім мен шеберлікті қалыптастыруды ұйымдастыру.

5.1 Сабақтың бұл кезеңі қалай қамтамасыз етіледі: логикалық жүйелі байланыста кедейсоқ, бірден етілді ме?

Тақырып аталды ма, сабақтың мақсаты айтылды ма?

5.2 Сабақты түсіндіру деңгейі қалай: сөздердің сабақтастығы, жүйелілігі, білімгер ұғымына түсініктілігі және т.б.

    1. Көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану: көрсету техникасы, ауызша түсіндіру және көрсетудің логикалық байланысы, көрнекі және техникалық құралдар арқылы білімгердің жұмысы.

    2. Жаңа сабақты түсіндіру әдістемесі

Білімгерлерден сұрақ, жауап алу сауаттылығы.

Жаңа білімдерді хабарлау әдісі.

Білімгердің жауабын қалай пайдаланады?

Білімгердің жаңа білімді меңгерудегі өзіндік жұмыстары.

  1. Топпен байланыс: жаңа сабақты түсіндіруде оқытушының көңіл күйі қалай болады: бірқалыпты, жайдары, күйгелек, іштей қиналады, ашу шақыру арқылы және т.б.

Білімгерге жаңа сабақты түсіндіруде, қызығушылық дәрежесін арттыра білуде, теориямен практиканың байланыстылығы.

  1. Жаңа сабақты баяндау кезінде оқытушының өзін-өзі басқаруы, сыртқы кейіпте, өзін-өзі ұстауы, ұстамдылығы, сөйлеу мәнері интоннациясы, дауыс мәнері, қимылы, жүріс тұрысы.

Сабақтың бұл кезеңіне кеткен уақыт.

  1. Практикалық жұмысқа байланысты алғашқы кіріспе нұсқау.

  • А-нұсқаудың технологиялылығы «Оқыту әдістері мен жаттығуының көрсетілуі, оның логикалық байланыстылығы».

  • Нұсқаудың көрнекілігі, еңбек әдістері мен операцияларының көрсетілуі және оны көрсету кезінде көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану.

Сабақтың бұл кезеңіне кеткен уақыт.

  1. Ағымдағы нұсқау білімгердің жаңа сабақты қалай меңгергендігін практикалық жұмыстар.

Өзіндік жұмыс

1. Сызбадағы сабақ типологиясына деген әр түрлі ұсыныстар немесе әдістер бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Сіз, соның ішінде қайсысын едәуір жетілдірілген деп ойлайсыз? Ол өзіңіздің таңдағаныңызды дәлелдеп беріңіз.

2. Үздіксіз педагогикалық машық кезінде бекітілген сыныбыңыздағы бірнеше сабаққа қатысып, мына төменгі сызба бойынша хаттамасын жасаңыз:

Бақылау сұрақтары:

1. Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау, оқытушының қаншалықты өз мамандығын меңгеретіндігіне қажеттілігі бар ма?

2. Қандай сабақты жақсы деп айтуға болады: ең тиімді, ең қызықты. Не себепті?

3. Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдауға қосатын ойларыңыз айтыңыздар.

Дәріс 14. Педагогикалық іс-тәжірибе

Жоспары:

  1. Оқу бағдарламасы құрылымындағы іс-тәжірибенің орны.

2. Іс-тәжірибені өткізу формасы.

3. Іс-тәжірибені өткізу орындары

Тірек ұғымдар: педагогикалық іс-тәжірибе

Дәрісті өткізу түрі: Пресс-конференция