Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.

2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б

Дәріс 15. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексеру, бағалау әдістемесі

Жоспары:

1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.

2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.

Тірек ұғымдар: тексеру, бағалау, формативті бағалау, суммативті бағалау.

Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық

Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.

2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б

1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.

Бағалаудың нақтылығы сандық және сапалық көрсеткіштерге негізделеді. Соның арқасында орта кәсіптік білім беру мекемелері білімгерлері еңбегінің нәтижелерін құруға мүмкіндік туады. Сапалық және сандық көрсеткіштер білімгерлердің оқу шеберханаларындағы іс-әрекетін бағалауға қойылған жалпы талаптарға сүйенеді.

Үлгерімді есепке алудың түрлері оқыту үдерісінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білімді тексеру мен бағалаудың дұрыс жүргізілуі бүкіл оқыту үдерісінің табысты болуына байланысты жүзеге асады. Білімге белгілі бір заңдылықты көрсететін сондай-ақ барлық терминдермен тығыз байланысты нақты фактілер, ұғым жүйелері, заңдар ережесі жатады.

Іскерлік – іс жүзіндегі қимыл. Шәкірттің өзі алған білімінің негізінде жүзеге асыра алатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасайтын әрекет.

Дағды – автоматтандырылған іс-әрекеттер.

Есепке алу және бағалау білімгердің сол уақытта берілген тапсырмасын орындауға ынталандырады, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Білім алу жолдарын жоғарлатады. Шығармашылық қабілетін арттырып, өзіндік жұмыстар жасауға ұмтылдырады.

Нағыз көңіл аударатын мәселе, білімгерлердің оқу бағдарламасындағы материалды меңгеруі. Ол бақылау нәтижесінде жүзеге асады. Білімгерді жұмыс барысында өзін-өзі бақылауға үйрету қажет. Олардың өздері әзірлеген бұйымдарының кемшіліктерін таба біліп, талдау жасап, белгілі бір қалыпқа келтіру тәсілдеріне ұмтылуы қажет.

Сондықтан да, білімгерлердің білімі, іскерлігі мен дағдысын бағалау мен тексеру ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Оларға әділеттілік, жан-жақтылық, құрылымдық, жеке дара, фронтальды, диференциалды және тәрбиелік тексеру жатады. Әділеттілік тексеру және бағалау - оқытушы мен білімгерлер бірлесе отырып талдау жасауы нәтижесінде жұмыс жасау барысындағы кемшіліктер мен қателіктерді алдын ала ескерту. Жан-жақты тексеру мен бағалау оқу материалдарын әр түрлі мазмұндық сипатта практикалық іс-әрекеттерде пайдалана білу ептілігі. Құрылымдық тексеру әр уақытта оқу үдерісі мен тығыз байланысып жүргізіледі. Жеке дара тексеру әрбір білімгердің іскерлігімен дағдысын байланысты жүргізіледі. Фронтальды тексеру сыныптағы білімгерлерді түгелдей сұрау нәтижесінде жүргізіледі (жазбаша, ауызша, дайын бұйымның сапасына қарай т.б.). Диференциалды тексеру – оқылатын материалдағы жеке және арнайы компоненттерге іскерлігі мен дағдысының артуы. Оған білімгердің оймақпен, тігін машинасымен жұмыстар жасауға бейімделуі барысы жастады. Білімгер сынып алдында игерген білімі жөнінде есеп береді. Тағы бір кезекте білімгерлердің білімі, іскерлігі мен дағдысын бағалау мен тексеру былай талданады.

Тексерудің түрлері болып білім, іскерлік және дағды есептеледі. Тексерудің негізгі түрлеріне алғашқы тексеру және емтихандар жатады. Ағымдағы тексеру әрбір сабақта өткізіледі. Ол ауызша, жазбаша, сарамандық түрде болуы мүмкін. Емтихан тапсыру барысында білім, іскерлік және дағдыны тексеру мамандандырылған сипатта өтеді. Тексерудің негізгі түрінің бірі күнделікті тексеру. Ол әр бір сабақ сайын жүргізіледі.

Күнделікті тексеру негізінде арнайы жүргізілген бақылау жұмыстар -

тарының нәтижесінде білімгерге тоқсандық, жарты жылдық және бір жылдық оқу жылына баға қойылады. Күнделікті тексеру ауызша, жазбаша практикалық түрде жүргізілуі тиіс.

Ауызша тексеру білімгерлердің алған білімін жете ұғынуға қалыптастыру нәтижесінде жүргізіледі. Ауызша тексеру оқылатын материалдың мақсаты, мазмұны және сипатына қарай әр түрде жүргізіледі. Тексерудің сынып ішінде кең қолданылатын тәсілдері:

1. Білімгерлердің алдын ала өтілген материалды сұрау. Егер оның жаңадан алатын біліміне негіз бола алатын қызметі болса.

2. Жаңа материалды түсіндіру кезінде білімгерлердің оны меңгеруінің тиімді жолдарын айқындауға бағыт көрсетуі мен жауап беруін тікелей бағалау.

3. Сабақ барысына қосымша енгізу және дұрыс жауаптарды бағалау.

4. Үй тапсырмаларын бағалау.

5. Курс тараулары мен тақырыптарды тексеру. Білімді тексерудің жазбаша түрі дидактикалық мақсаттарға сай ауызшамен қатар немесе жеке дара сабақ алдында, яки соңында жүргізіледі. Егер жазбаша тексеру өтілген тақырыптарды бақылау ретінде болса, онда сабақ алдында, ал жаңа білімді меңгеруде болса сабақ соңында жүргізіледі. Оқытушы алдын ала дайындалған сұрақтарды тақтаға жазып немесе кеспе қағаздар негізінде дайындайды. Мысалы: Кеспе қағаз №1. Машина тігістерінің біріктіруші түрлерін атаңыз:

1- қайып тігу. 2 - бастырмалы. 3 - екі жаққа қайырып.

Кеспе қағаз №2. Сәнді қол тігістерін түрлерін атаңыз:

1 - сабақты. 2 - торлау. 3 - тізбекті. 4 - айқаспалы.

Практикалық тексеру оқу шеберханаларында әрбір сабақ сайын жүргізіледі. Білімгерлер тапсырманы орындау барысында кеңінен қолданылады. Практикалық тексеру, әсіресе білімгерлердің киім дайындауға іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруда жүзеге асып жатады. Білімгердің сол уақытта жіберген қателіктері түзетіледі.