Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».

Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.

2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б

Кәсіпке оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік. Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары әдістеме саласында ең пікірталасты мәселе болып келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнмен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту үдерісінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу үдерісінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, білімгерлердің іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки, оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы оқытушы мен білімгердің өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде оқытушы мен білімгердің өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту үдерісі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:

  • білімгерлердің саны;

  • оқу орны;

  • оқыту орнының ұзақтығы. Білімгерлердің санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді. Сабақта ұйымдастыруда білімгерлердің танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т. б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Кәсіптік оқыту пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың өзгеруі оқытушы мен білімгерлердің іс-әрекеттерінің, ғылыми-техникалық прогрестің өзгеруіне байланысты болады. ХХ ғасырдың І жартысында өркениетті елдерде оқытудың әр түрлі формаларымен оқытылды. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.

Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Оқытушы және білім алушы ондаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқыту керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын қалай орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше білім алушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын. Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.

Жаңа дәуірде Англияда «белланкастер» жүйесі тарады. «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес білімгерлерды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам білім алушыны оқытушы сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші білімгерлерға өздерінің оқытушыдан алған білімдерін үйретіп отырған. Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ.басында «дальтон-жоспар» оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір білім алушының күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда оқытушының басшылық рөлі төмен болды, қатты сынға алынды. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытудың негізгі формалары сабақ болып есептелінді.

О қу шеберханасында сабақты ұйымдастыру формалары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру формасы дегеніміз – оқытушы мен білімгерлерден ұйымдастырылған, белгіленген тәртіп пен ережеде жүргізілетін оқу-таным, іс-әрекет. Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып есептеледі. Сабақ барысында оқу мен тәрбиенің қажетті шарттары бірге жүреді және олардың мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, білімгерлердің ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың негізгі мақсаты – білімгерді өзінің қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Сабақ – бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, оқыту әдістері, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері (сурет 7).

Сурет 5. Сабақ – бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе

Оқытуды дұрыс жоспарлау үшін кәсіптік оқыту педагогы сабақ туралы мәліметтердің түрлерін және функциялық мақсаттарын білуі керек.

Кәсіптік мектептерде білімгерлердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың 3 формасы бар: 1-жеке дара, 2 - топтық, 3 - фронтальды және ұжымдық.

Оқытушы сабақты пысықтау, бекіту және соған орай білімгерлермен практикалық жұмыстарды орындау барысында білімгерлердің белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, білімгерлердің қабілеттерін қатаң ескеруі тиіс.

Сондықтан олармен жеке дара, топтық және ұжымдық түрдегі жұмыс түрлерін ұйымдастыру қажет. Оқыту үдерісі оқытушының білімгерлерға бір мезгілде бірыңғай білім бергенімен қатар, ол білім алушының жеке-дара жұмысының түрі болып саналады.

Себебі, әрбір білім алушы білімді өзінің шама-шарқына, дайындық жағдайына байланысты қабылдап меңгереді.

Сонымен, жеке дара жұмыс әр білім алушыны өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып - білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады. Білімгерлердің жеке дара жұмыс түрлеріне жататындар:

  1. Оқулықпен жұмыс істеу.

2. Практикалық жұмыс: ауызша, жазбаша жұмыстары (шығармашылық жұмыстар, іс-әрекеттер).

3. Оқытушының тапсырмасы бойынша әртүрлі деңгейдегі зертханалық тәжірибелер мен іс-әрекеттерді орындау. Сабақта білімгерлердің оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың жеке - дара жұмыс түрінен басқа топтық және ұжымдық түрлерінің маңызы ерекше. Білімгерлердің топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара негізделген екі, төрт, алты т.с.с. білімгерлер тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді. Білімгерлердің бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары оқытушының барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөлып өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. Ал бөлшекке бөліп оқыту бір мезгілде бірнеше тапсырманы әртүрлі тәсілдер арқылы білімгерлердің бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі топ ішінде білімгерлердің тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалаумен ерекшеленеді. Білімгерлердің осындай бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, бір сыныптағы оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың қосымша тапсырмаларға деген жауапкершілік сезімін тудырады. Мұндай жұмыс барысында білімгерлердің өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің маңызы ерекше. Оқытушының топтық жұмысы нәтижелі ұйымдастыру шартына:

  • білімгерлерды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

  • жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

- білімгерлердің жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;

- тапсырмаларды білімгерлердің жекелеген топтарына үйлестіру іскерлігінің болуы т.б. жатады. Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру білімгерлердің тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады. Білімгерлердің ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы білімгерлердің жеке дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан, ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір білім алушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.

Фронтальдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық білімгерлердің бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы оқытушы басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы. Сабақтың мынадай функциялық мақсаттары бар: білімділік (оқыту), тәрбиелік, дамытушылық. Оқытудың білімділік мақсаты – білімгерлердің болашақ кәсібінің мазмұнына тән білім, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Оқытудың тәрбиелік мақсаты – маманының бойына адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, еңбек сүйгіштікпен қатар басқада тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Оқытудың дамытушылық мақсатын қою арқасында білімгерлердің білім сапасын дамыту іске асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары туралы ұғымды қалай түсінесіз?

2. «Белланкастер» жүйесінің тарауына не себеп болды?

3. «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі неде?

4. Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ.басында «дальтон-жоспар» оқу формасы тұңғыш рет қолданылуы туралы ой-пікірлеріңіз.

5. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытудың негізгі формалары сабақ болып есептелуінің себебі неде?

6. Фронталды форма, топтық және жеке дара (дербес) деген ұғымдарды түсіндіріңіздер.

Дәріс №10. Оқу мекемелерінде дәстүрлі емес оқыту формаларының (сабақтардың) қолданылуы

Жоспары:

1. Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары

  1. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.

Тірек ұғым: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық.

Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық

Пайдаланылған әдебиеттер