- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- •2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
- •3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі, кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері.
- •2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру.
- •3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны.
- •4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».
- •Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»
- •Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.
- •2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.
2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.
2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б
1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- белгілі бір жастағы оқушылардың кәсіпке баулу бойынша білім мен дағды деңгейін анықтау;
- сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылау;
- оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылау;
- оқыту мазмұны мен қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыру;
- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындау;
- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдану;
- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағалау;
- стандарт пен бағдарламалар негізінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктері, оқушының жасына және соған сәйкес кәсіби білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланыстылығын ескеру;
- кәсіби танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғаның ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасау;
- қойған мақсаттарды іске асыру;
- оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін таныта білу;
- оқушылардың білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көріне білу.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен педагогикалық білімі және тәжірибесін ауыл мектептеріне сәйкес бейімдеу критерилері А.Н.Чалов зерттеулерінен табылды.
Қазіргі қоғам педагогтарға оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтың іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Мұғалімнің кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді.
Педагогикалық шеберлікті зерттеудегі өзектілік студенттің жеке тұлғасын дамытудың оңтайлы жағдайларын анықтаумен қатар, практика барысында туындайтын қиыншылықтарға да байланысты.
Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Маманның алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді шешу деңгейіне білім мен біліктің сәйкестігін айтады. Бұндай түсініктеме біліктілікке де балама бола алады.
Дегенмен бұл екі ұғымның айырмашылығы жайлы тоқтала келіп, кейбір зерттеулерде біліктілік ұғымына қарағанда құзыреттілік ұғымының мағынасы ауқымдылау екендігі айтылады. Біліктілікке кәсіби білім мен білік тән болса, құзырлы педагог бойында сол қасиеттермен қоса өз кәсібіне деген ынталылықтың болуы, білімденушілермен атқаратын іс-әрекеттің ынтымақтастық сипатта болуы, коммуникативтік қабілеттердің т.б. болуы шарт.
Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық,әлеуметтік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік қа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениетке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Әсіресе азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу міндеті тұр. Сол құндылықтарды жүзеге асыратын мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауды көздейді.
