- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- •2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
- •3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі, кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері.
- •2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру.
- •3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны.
- •4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».
- •Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»
- •Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.
- •2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.
2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.
2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б
Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
Т.Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.
Жаңа уақыт қарсаңындаағылшын философы және педагогы Д.Локк (1632-1704) міндетті түрде белгілі бірқолөнерін үйренуді енгізген «джентельменді» (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады. Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан «Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы» атты кітабын шығарды.
Сондай-ақ, I Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идеяпайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. Социал-утопистердің К.А.Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіби дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың «индустриалды ұранының» дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі.
Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И.Пирогов (1810-1881) қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған кәсіптік білім беруді ойластырған.
Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес қосқан «Техникалық білім беру» (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н.Андреев пен А.Г.Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім берудіңтұрақты комиссиясы ашылды.
Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік
Осы кезде Францияның қоғамдық қайраткері К.А.Корбон (1808-1881) өзінің «Кәсіптік білім беру туралы» кітабында жұмысшылар балаларына білім беруінің жағдайына бірінші болып анализ жасады, қоғамның және тұлғаның еркін түрде мамандық таңдауының мағынасын көрсетті, жалпы кәсіби дайындықтың және кәсіптік мектептерді ашу, ой және дене еңбегінің байланыстылығы міндетті түрде керек екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол балаларды ерте кәсіптендіруге қарсы шықты.
Қазақхалқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып есептеледі. Ыбырай өзінің «Атымтай жомарт», «Әке мен бала»,
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырманы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған. Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Мұндай контексте қарастыру құзырлылық пен кәсіби (профессионализм) ұғымдары арасындағы айырманы ажыратып қарастыруға мүмкіндік бермейді.
2. Кәсіптік оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде. Әдістеме дегеніміз - методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз - нақты міндетгі шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл әдістер жиынтығы, кешені.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, «Баяншы», «Тіл жұмсартар» деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш сыныптар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
3. Кәсіптік оқытудағы әдістемелік білім дамуының тарихи бейнесі. Кәсіптік оқыту әдістемесінің түсіндірме – терминологиялық апараты. Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму преспективасы. Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Әдістеменің-зерттеу-іздену әдістері, міндеттері және нысанасы болады. Оқыту барысында өз ара тығыз байланыста болатын үш үдерісті атап өту қажет. Олар:
1. Оқыту мазмұны.
2. Мұғалім қызметі-оқыту, білім беру.
3. Оқушы қызметі- білім алу.
Кәсіптік оқыту әдістемесі - кәсіби оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Оқтыу тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында кәсіптік оқыту үдерісінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу үдерісін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
XX ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме кәсіпке қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық үдеріс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының кәсіпті игеруі. Ал әдістеменің нысаны - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Кәсіпке оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үдеріс. Ол оқыту мақсаты оның мазмұны білім беру және оны игеруге басшылық жасау,оқушылардың оқу әрекеті-оқыту нәтижесі деген тізбесін құрайды. Оқыту үдерісіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Пәнді оқыту мақсаты – болашақ мамандарды педагогикалық қызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен мектептің оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп оқушыларын жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
1.«Кәсіптік оқыту» оқу бағдарламасының тараулық мазмұнына талдау жасау.
2. Қоғамның қазіргі даму кезеңіне сай кәсіпке оқыту мақсаттары мен міндеттерін оқушы жастарға насихаттай білу.
3. Бағдарлама мазмұнындағы оқу материалдарына байланысты оқытудың аса тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын іріктеу.
4. Арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану.
5. Күнтізбелік-тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу және оларды әдістемелік жабдықтау.
6. Сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу және оның педагогикалық іс-тәжірибе барысында қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
1. Т.Мордың, Д.Локк, Дени Дидро өз кезеңінде кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлестері қандай?
2. I Петр тұсындағы «Техникалық білім беру» және кәсіптік-техникалық оқыту қалай жүзеге асқан?
3. Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
4. Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін дайындау жүйесіндегі рөлі қандай?
5. Оқу пәнінің мазмұны дегенді қалай түсінесіз?
Дәріс №2. Кәсіптік оқыту педагогінің іс-әрекетіне жалпы сипаттама
Мақсаты: Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің іс-әрекеттерін оқып –үйрену.
Жоспары:
1. Кәсіптік оқыту педагогінің әдістемелік қызметі. Педагогтың әдістемелік қызметінің мәні.
2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
Дәрістің түрі: Ақпараттық
Тірек ұғымдар: педагогтың іс-әрекеті
