- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік іс-әрекеті. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні:
- •2. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру.
- •3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Заманауи педагог моделі – оқу-тәрбие үдерісінің негізі, кәсіптік оқыту үдерісі және оның мамандану ерекшеліктері.
- •2. Құзіретті техникалық және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудағы міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру.
- •3. Кәсіптік оқытудың жаңа мазмұны.
- •4. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту формасы, негізгі форма».
- •Дәрісті өткізу түрі: Ми шабуылы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2. Сабақтың түрлері: дәстүрлі, дәстүрлі емес – инновациялық түрлері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тірек ұғымдар: «теориялық және өндірістік»
- •Дәрісті өткізу түрі: Бинарлы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексерудің әдістемелік түрлері.
- •2. Кәсібіи білім мен іскерлікті бағалау түрлері.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
Тірек ұғымдар: «оқыту үдерісі», «оқытушының кезекті сабаққа дайындығы».
Дәрісті өткізу түрі: Диалог
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.
2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.
2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б
Оқытушының сабақты өткізуге даярлану кезеңдері. Оқытушының сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: 1- сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, 2 - әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үдерісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асырудың қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса білімгерлердің аудиториядан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе оқытушының білімгерлер нені білулері керек, т.б. деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді. Сондықтан оқытушы тақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандарттымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және білімгерлердің білімін дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет (сурет 18).
Сурет 7. Оқытушының сабаққа дайындық талабы
Сабақты жоспарлауда оқытушы тиянақты түрде сабаққа дайындалып және тақырыптық жоспарды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландырады. Сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру және құрастыру қажет. Сабақ жоспары оқытушының жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір оқытушы үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, білімгерлердің дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және өткізуде екі өзара байланысты бөліктер бар: 1-сабақтың мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; 2-арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық базасының және білімгерлердің белгілі бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде анықталады. Сабаққа дайындалу барысында оқытушы келесі сабақты өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің білімгерлермен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік сценарийін дайындайды. Өзінің және білімгерлердің сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып оқытушы білімгерлер меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Оқытушы білімгерлердің белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған білімгерлердің назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аударатын, сабақтың құрылымын әзірленетін бұйымның көлеміне қарай анықтайды.
Сонымен, оқытушының сабаққа дайындығы дегеніміз - тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар білімгерлердің осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары және оны қабылдауы, түсінуі т.б. жүзеге асыру. Сабақтың алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақты өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі солғұрлым аз болады.
Кәсіптік білім беру мекемелерінің аса жауапты міндеті - білімгерлерді ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға білімгерлердің ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда оқытушының жауапкершілігі, сабаққа дайындалуы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, оқытушының нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір оқытушы өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Егер сабақ көңілсіз өтсе, оқытушылардың сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл оқытушылардың сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл оқытушы болып істесең де 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмытпа!).
Сабақтарға алдын ала дайындалу және жоспарлау. Оқытушының сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Оқытушы өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл педагогтік стажы бар көп оқытушыларға де қатысты. Әрбір оқытушының сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық үдерістің күрделігінен туады. Соған сәйкес оқытушының сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
Сабақтың мақсаты қандай?
1. Білімгерлер қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?
2. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
3. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
4. Олар қандай жолмен негізделмек?
5. Қандай қорытындылар керек?
6. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
7. Білімгерлердің білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?
8. Білімгерлер алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек ?
Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?
Озық тәжірбелі оқытушылар сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу.
в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Оқытушы жұмысындағы мұндай жүйелік оқу үдерісін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан оқытушының оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді. Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.
Жоспарлау мен сабақ міндеттерінің мәні. Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі. Ол оқытушыға бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, білімгерлер мен оқытушылардың негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.Тәжірибелі оқытушы тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді. Сабаққа осындай жүйемен даярлануда оқытушылар білімгерлердің оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке білімгерге зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын колледжде өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты білімгерлердің ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде білімгерлерден сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғанан кейін, іле-шала оқытушы алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады. Жеке сабақтардың жоспары - әрбір оқытушының жеке сабақ құжаты. Ол оқытушының тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар - тиімді өткен сабақ болып табылады. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.
Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны. Күнделікті сабақ жоспары сабақтың өтілетін кезеңіне жасалатын және оқытушының тікелей сабақ барысында қолданылатын құжаттарының бірі. Білімгерлер әрбір сабақ барысында анықталған кәсіптік білім мен ептілікті меңгеретіндіктен, оқытушы, білімгерлерге берілетін білім көлемі мен практикалық жұмыстарда қалыптасатын еңбек шеберлігін анықтап алады.
Бұл үдеріс оқытушының технологиялық операциялардың орындалу тәсілдерін түсіндіру мен технологиялық мәліметтер беру барысында жүзеге асады. Сабаққа дайындалу барысында оқытушы сабақтың мақсатын, мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын анықтайды және құрылымын жоспарлайды. Олардың барлығы күнделікті сабақ жоспарларында келесі элементтерден құрамында бейнеленеді:
Сабақтың тақырыбы білімгерлер үшін жаңа техникалық-технологиялық білім мен іскерлік негізінде құралады. Әрбір өтіп кеткен сабақ және алда өтетін сабақтармен логикалық түрде байланысты болады.
Сабақтың негізгі мақсаты: білімгерлердің техника-технологиялық ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін, шеберліктерін арттыру негізін немесе білім, тәрбие, дамыту аспектісін қамтитын міндеттердің кешенімен анықталады: Білімділік, Тәрбиелік, Дамытушылық.
Материалдық техникалық базасы – жабдықтар, саймандар мен бейімдеу құралдары, көрнекі құралдар-технологиялық нұсқау карталары. Сабақтың мазмұны мен құрылымы оның мақсатына сәйкес белгіленеді.
Сабақтың барысы. Сабақтың барысы, сабақтың мазмұны мен мақсатына байланысты анықталады. Мысалы, сабақта білімгерлердің білімін тексеру қажет болса, бірақ ол жаңа сабақтың мазмұны мен байланысты болмаса, онда оқытушы 10 - 15 минуттық жазбаша бақылау жұмысын өткізуге болады.
Оқу материалын түсіндіру. Оқытушы оқу материалын кітап тілінде емес, қарапайым білімгерлерге түсінікті жатық тілмен жеткізу керек. Сондықтан, жоспар-конспектісі оқытушының шығармашылық еңбегінің жемісі. Мұнда білімгерлерге берілетін жаттығу жұмыстарының күрделілігі, білімгер алдында кездесетін қиындықтары ескеріледі. Бұйымды орындамас алдында білімгерге алғаш кездесетін технологиялық терминдер мен жаңа ұғымдар түсіндіріледі. Бұйымды өңдеу әрекетіне талдау жасай білуі үшін білімгер өз жұмысының ретін бастан аяқ білгені жөн. Мұндайда оқытушы, білімгерлердің техникалық ойлау қабілеттерін дамытатын және технологиялық өңдеуде уақыт мөлшерін қысқартатын тірек сигналдарын (түйреу, қырқу, кесу т.б.) пайдалану қажет. Кейбір сигналдарды білімгерлермен бірлесіп табуға да болады.
Тапсырма № 1. Оқу шеберханасында сабақ көп жағдайларда сабақ аралас сабақ түрінде өтілетіндіктен және дидактикалық міндеттерді шешетіндіктен сіздер, күнделікті сабақтың жоспарын оқытушының нұсқауымен төменде көрсетілген мүмкін болған құрылыммен орындаңыздар:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдығы:
Сабақтың түрі:
Оқытудың тиімді әдістері:
Пәнаралық байланысы:
7. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі (1 мин).
Ә) Өткен сабақты қайталау (сұрақ - жауап, әңгімелеу, текстік сұрақтар т.б) (5 мин).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру (оқу материалының конспектісі) (10-15 мин).
Практикалық жұмыстарының нұсқаулары:
А) Кіріспе нұсқау. Ә) Ағымдағы нұсқау. Б) Қорытынды нұсқау.
Кіріспе нұсқау - алдағы жасалынатын жұмыспен таныстыру, қажетті білімдерді қайталау, жұмыстың технологиялық жүйелілігіне қысқаша мәлімет беру, әртүрлі жабдықтар, аспаптармен бейімдеу құралдарын қолдану барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру реттілігімен жоспарланады.
Ағымдағы нұсқау - білімгерлердің өз беттерінше жасайтын практикалық жұмыстарына бақылау негіздеріне сүйене отырып жүргізіледі, жұмыс барысында жіберілген қателерді түзеу үшін оқытушы қосымша ретпен технологиялық операцияларды көрсетіп, қайта түсіндіреді.
Қорытынды нұсқау - істелінген жұмыстың нәтижесін білімгердің жіберген қателіктерін, сапалы орындалған жұмыспен салыстыра талдау жүргізу арқылы түзетеді және бағалайды.
8. Жұмыс орнын жинастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Күнделікті сабақты жоспарлаудың қажеттілігі неде?
2. Күнделікті сабақ пен әрбір өткен және келер сабақтардың арасында қандай қисынды байланыстар бар?
3. Сабақтың тақырыбы қандай мақсаттар негізінде жоспарланады?
4. Оқыту әдістері қалай таңдап алынады?
5. Күнделікті сабақтың жоспарының құрылымы қандай талаптарға сай өзгеріп отырады?
6. Сабақтың практикалық бөлімі қандай нұсқаулар негізінде жүзеге асады?
7. Технологиялық өңдеулерде қолданылатын тірек сигналдарының рөлі қандай?
8. Дәстүрлі оқыту әдістері мен дәстүрлі сабақ түрлерінің ерекшелігі қандай?
Дәріс №13. Теориялық және өндірістік оқыту сабақтарына талдау жасау.
Жоспары:
1. Сабаққа талдау жасау жасаудың жалпы ережесі.
2. Теориялық оқыту сабақтарына талдау жасау.
3. Өндірістік оқыту сабақтарына талдау жасау.
