Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю.Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. - Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394б.

2. Өстеміров К. Кәсіпке оқыту әдістемесі. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. А.: 2005. - 225 б

Сабақты инновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру. Елімізде оқыту үдерісін жетілдіру үшін оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар дәстүрлі емес әдістерді, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кезек күттірмейтін іске айналды. Осыған байланысты информатиканы оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері көптеген қазақстандық әдіскер-ғалымдардың бірқатар жұмыстарында жарық көрінді. Атап айтқанда, білім беруді ақпараттандыру (Е.Ы. Бидайбеков), жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С.Қ. Қариев), оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында білімгерлердің танымдық белсенділігін арттыру (Ж.Қ. Қараев), программалауды оқытудың әдіснамалық және теориялық негіздері (Ж.Қ. Нұрбекова, Т.Қ. Қойбағарова) және т.б. еңбектерінде зерттелді. Аталған зерттеу жұмыстарында тұжырымдалған қағидалар информатиканы оқытуды жетілдіруге негіз болатын әр түрлі ғылыми ізденістер жасауға ықпал етуде. Заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан информатиканы оқыту барысында білімгердің жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр. Оқу жоспарында көрсетілген білім мазмұнының құрамы мен құрылымын жетілдірудегі негізгі мақсат – білімгерлердің талап-тілегіне сай саралап оқытуды тереңдетіп, сұранысқа қарай алғашқы кәсіби дайындық арқылы күрделі емес мамандыққа бейімдеу.

Саралап оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың білім алудағы нәтижелеріне, бейімділіктеріне, қабілеттілігіне сай белгіленген бағдардың бірінде білім алады. Саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр оқытушының жетекшілігімен жүзеге асады. Басшылыққа алынатын саралап оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, А. Леонтьев, С. Рубенштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал, саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлау қалыптасады. Білімгер дамуының негізі болып табылатын әрекет оқу әрекеті болғандықтан, саралап оқытуды әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ойы деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Бұл әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер орындалады:

1. Білімгерлердің жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

2. Оқу үдерісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы білімгерлерді оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемесін жасау.

3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

Модельдеу әдісі. Модель деген не? Ол қашан пайда болды және қайда, не үшін пайдаланылды? Адамдардың қоғамдық практикасында, ғылымда қандай рөл атқарды? Осы сұрақтардың негізінде оның мазмұнына назар аударар болсақ, ол көбінесе объектілердің сыртқы көрінісі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал, ұғым ретінде, модель сөзі латынның modus, modulus, яғни, үлгі, тәсіл, өлшем деген мағынаны береді. Оның алғашқы мәні, мағынасы, құрылыс санатымен байланысты шыққанын ескеретін болсақ, ол барлық уақытта, затты, үлгіні белгілеуде қолданылған. Мүмкін, осындай оның жалпы мағынадағы сөз ретінде ашылуы, техникада, жаратылыстануда, математикада және басқа да ғылымда, ғылыми термин ретінде қалыптасуына негіз болса керек. Адамдар модельді, тіпті ұқсастық теориясы түгілі, ешқандай да, физикалық теорияларды білмеген заманда да қолданғаны белгілі. Мысалы: Ежелгі Египетте бекіністерді, Римде су құбырлары жүргізуде өздерінің жоспарларын құмнан, лайдан және тастан жасаған модельдерде сынап көрген. Олай болса, модель оған ұқсас объектілер арқылы пайымдалған. Яғни, модель деп, құбылыстарды (үдеріс, ситуация және т.б.) жасанды түрде оқып үйренуге, оларды зерттеуге қиын соғатын немесе зерттеуге болмайтын ұқсас құбылыстарға құрылған жасанды құралған нәрсені айтамыз.

Модельдеу – зерттеу әдісі, жобалау, конструкциялау ретінде ғылымда кең қолданыс тапты. Модельдеу – көбінесе қандай да бір құбылысты, үдерісті, немесе объектілерді тұрғызу арқылы және олардың модельдерін оқып үйрену арқылы зерттеу болып табылады. Модельдеу ғылыми танымның әдісі ретінде құбылыстың дамуын, соңғы нәтижесінен озық болжап білуге мүмкіндік береді.

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» атты еңбегінде (Бельц қаласы, Германия, 1977ж.) жобалау әдісін былай түсіндіреді: практикалық маңызы бар бір жоба ұсыну; оқыту түрін таңдау, міндеттерді атқаруды өзара келісу; танымдық және практикалық білімдері жеткіліксіз болса өз бетінше оқып үйрену; ұжымды жұмыс істеу; зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қортындылар) меңгеру; жүйелі ойлауды дамыту. Жоба өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Мұнда білімгерлер жоба жұмыстарын бір саябақта, экологиялық жағдай, экономикалық талдау, әлеуметтік сауалнама т.б. ал, кәсіпке байланысты үш бұйымды жобалау, салыстыру, бағасын есептеу жұмыстарын орындайды.

Дамыта оқыту оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, болашақ мамандарға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде білімгерлердің даму ерекшеліктері: қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау т.б. ескеріледі. Дамыта оқыту идеясының авторы Н.П. Грузик оқу бағдарламасында А,В,С деңгейге бөліп қарастыруды ұсынады. Әрбір деңгейлік бағдарламаны таңдау білімгердің өзіне тән диагностикалық – топқа бөлу, оқытуды іске асыру, білімді меңгерту нәтижесін бағалау кезеңдері ұсынылады. Оқыту барысында білімгерлердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда талмай еңбек ететін бұл пән оқытушысы болып саналады.

Ақпараттық технологиясын негізге ала отырып кәсіпке оқыту бойынша әр сабақтың мазмұнын анықтап, білімгерлердің міндетті түрде білуге тиісті материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған. Ақпараттық технология негізінде виртуальды жұмыстар мен слайдтар, презентациялар жасалады. Жаңаша оқыту технологиялар ішінде соңғы кезде оқыту үдерісінде көп қолданыс тауып жүрген технологиялардың бірі – модульдік технология.

Модуль – белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Модульдік сабақтарда білімгер оқытушыдан нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нұсқау болады. Оқытушы оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды.

Білімгерлер үшін модуль соныңда нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін кіріктіріліген мақсаттар айқындалады.

Тапсырмаларды орындау барысымен модульді игеру барысын тексеретін әрі түрлі бақылау жұмыстары орындалады.

Модульді оқыту әдісіоқу үдерісін білімгерлердің модульдерден құрылған оқу бағдарламаларымен жұмыс жасау барысында ұйымдастыру. Модульдің өзі курстың мазмұнын 3 деңгейге қарастырады: 1 - толығымен, 2 - қысқартылған, 3 - тереңдетілген. Модульді оқыту әдісі жұмыстың оқу материалының мазмұнын саралап өз бетінше жүзеге асырылуын көздейді. Әрбір білімгердің жеке ерекшеліктерін ескеру дербес оқытуды қажет етеді.

Дербестеп оқытудың кәсіптік оқыту сабақтарына тиімділігі сол, білімгер дидактикалық материалдарды өзінің әзірлеген бұйымына сәйкес жасайды. Мұнда көшіріп алушылық, жаттандылық болмайды. Білімгердің таза еңбегі бағаланады. Дербес оқыту кезінде білімгерлердің жас психологиялық ерекшеліктеріне қарай топтастырылған дербес тапсырмаларды дайындау мәселесіне жеке көңіл бөлінген жөн.

Оқу тапсырмасы – білімгерден белгілі бір ұғым мен терминдер арасындағы қатынастарды меңгеруге бағыталған, өз бетінше іс - әрекетті қажет ететін педогогикалық тұрғыдан негізделген талап. Мысалы: Тігістің түрлерінің ұғымдары мен терминдері, дымқылды жылумен өңдеу жұмыстары. Яғни, белгілі бір нәтиже алатын іс – әрекеттер тапсырмалары беріледі.

И.Д. Бутузов зерттеулерінде тапсырмалар шығармашылық, есте сақтауды және өзіндік ойлауды дамытатын деп бөліп қарастырылған және ол төмендегідей етіп жіктеп көрсетілген:

а) бөлімдерді бекіту қызметін атқаратын (меңгерілетін материалды жаңарту, дағдыны қалыптастыру, ұғымдарды жүйелеу);

ә) логикалық ойлау әдістері мен шығармашылық іс-әрекетті меңгеруге көмектесетін (бөлшектерді пішу, өңдеу әдістері, сапалылық, салыстыру, түстер үйлесімділігі, тігін машиналарын пайдалану);

б) арнаулы білімді қажет ететін (өзіндік жұмыстарды орындау ептіліктері мен дағдылары) тігін ісіне қатысты әдебиеттер, газеттер, сән мода журналдарын тиімді пайдалана білу.

Ж.А. Қараев тапсырманы сабақтың тиімділігін артыратын әдіс ретінде санап, білімгерлерге деңгейлік тапсырмалар беру керек екендігін айта келе, олардың материалды меңгеру деңгейін 3 түрге бөледі:

1. Репродуктивті деңгей. Өткен сабақтың материалдары ескеріледі, білімгер өткен сабақтарын да алған білімдеріне сүйенеді.

2. Эвристикалық деңгей. Білімгер өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып жауап береді. Білімгер өз белсенділігін негізінде қызмет атқарады.

3. Шығармашылық деңгей. Білімгер таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты шығармашылық ізденіс үстінде меңгеруі қажет. Білімгерлерге жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу үдерісінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөлініп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді.

Құйынды оқыту әдісіоқытылған тарау соңында қолданылады. Мұнда оқытушы өтілген сабақтардағы тірек ұғымдарды пайдалана отырып, білімгерлерге бірнеше проблемалық сұрақтар қояды. Білімгер белгілі бір уақыт аралығында сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруі қажет. Мысалы: киім, көйлек, блузка, жилет, тігіс, технология дегеніміз не?

Элементтік оқыту әдісі оқу материалының көлемі тым үлкен болып бір мезгілде оқытылса, білімгерлер көп нәрсені игере алмай, үстірт меңгеретін кезде, оқу материалан тез және жақсы игерту үшін оқытылатын тақырыпты элементке бөлшектеп бір-бір жаңа тапсырма беру арқылы жүзеге асырылады. Білімгер әрбір сабақта жаңа бір элементті ғана жасайды.

Тапсырма алмастыру әдісін оқытушының білімгерлердің оқу материалын толық меңгерген немесе сабаққа дайын болмаған кездерінде қолдануы тиімді келеді. Мұнда кеспе қағаздары арқылы берілген теориялық сұрақтар мен тапсырмаларды білімгерлердің алмастырып қарастыруына мүмкіндік туады.

Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдіс бойынша білімгерлерді бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін алдын ала зерттеудің жеке кезеңдерін орындауға үйрету қажет. Зерттеу әдісі еліміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ оқыту практикасында кең түрде қолдана бастады. Зерттеу әдісінің мәні - жаңа проблемаларды шешуге байланысты білімгерлердің ізденуі, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру. Бағдарламалап оқыту әдісі – бағдарланған оқу материалын білімгерге (ЭЕМ, электронды оқулықтар т.б.) көмегімен меңгерту.

Киімді жобалау кезінде электронды - есептеуіш машинасын пайдаланудың алғашқы тәжірибесі жұмыстарын автоматтандырудың перспективасы мен мақсаттылығын көрсетеді. Графожасаушылар дегеніміз – алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша қағаз бетінде бейнелерді сызуға арналған электромеханикалық қондырғылар. Графожасаушылар бұйым бөлшектерінің сызбаларын құру, оларды өлшемдер мен бой биіктігі бойынша көбейту, лекалдар әзірлеуде қолданылады. Дисплей – мұның өзі телевизия экранына ұқсас экраны бар электронды сәулелі қондырғы. Сәуле қаламұшы арқылы экрандағы бейнені түзетуге де, жылжытуға да, формасын өзгертуге де болады. Дисплейлер өлшемдерді дайындауға, модельдерді, бөлшектерді сызуға қолданылады. Электронды есептеуіш техника лекалолардың аумағын анықтап, төсеулі мата қиындыларын тиімді пайдалануды есептеу кезінде және басқа да жағдайларда қолданылады. Бағдарланған материал бір уақытта әртүрлі қажеті кодтар арқылы беріледі: суретті, сандық, символдық, сөздік.

Компьютерде тестік сұрақтарды шешу. Компьютерлік құралдарды пайдалану интербелсенді деп атайды. Олар білімгер мен оқытушы арасында «диалог» және компьютерлеп оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін құрайды. Графикалық жұмыстар негізінде тігін бұйымдардың конструкциялық сызбалары орындалады.

Кейс әдісі ситуацияларды талдау әдісі негізінде әзірленеді. Білімгерлер проблеманы айқындайтын ситуацияларды ойластыру қажет. Проблема бірғана шешімде болмауы тиіс. Кейстегі іс-әрекет жазба түрінде немесе проблеманы шешу тәсілі ретінде беріледі. Кейс әдісін оқыту үдерісінде қолданудың ерекшелігі – мұнда дәстүрлі оқытудың әдістері мен формаларына қарағанда кейс - әдісті интербелсенді режимде орындауға болатындығында. Бұл әдіс негізінде сабақ барысында ұйымдастырушылар, оқыту әдісі өз - өзімен азғантай болса да нейтралды екенін есте ұстауы керек. Кейс әдісін оқыту үдерісінде жүзеге асыру, ол оқытушының дайындығына, ізденімпаздылығына да байланысты болады. Өз ісіне епті және тәжірибелі педагогтың қолында бұл әдіс белсенді (активті), ал басқа педагогтың қолында (пассивті) болуы мүмкін. Кейс әдісі сонымен бірге теорияны шынайы педагогикалық тәжірибемен, практикалық іс-әрекетпен ұштастыруға бағыттайды.

Проблемалық оқыту – бұл абсолюттік жаңа педагогикалық көрініс емес. Проблемалық оқытудың элементтері сократтық эвристикалық әңгімелерде көрініс тапқан. Проблемалық оқытудың идеялары мен қағидаларын орыс ғалымдары С.П. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев қарастырды. Соңғы жылдары бұл мәселемен көптеген ғалымдар М.Г. Гарунов, М.И. Махмутов, М.Ж. Арстанов, Ж.С. Хайдаров айналысуда. Бүгінгі танда проблемалық оқыту идеясы мен ғылыми тұжырымдамасы арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдарды қарастыруды қамтиды. Проблемалық жағдаят қажетті әрекеттің орындалу барысында білімнің жетісуінен немесе белгілі әрекет ету әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау қабілетіміз жетіспегенде пайда болады яғни, білім мен білімсіздік арасындағы қарама - қайшылықтардың пайда болуымен көрінеді. Проблемалық оқыту мәселесін мынадай түсініктер қамти­ды:

а) білу мен білмеу арасындағы қарама-қайшылықтар;

б) дайындықтың жоқтығы (үйреншікті әдіс-тәсілдер, оның қолданылуы).

Кез - келген оқу материалы оқыту үдерісінде проблема­лық ситуацияны жағдаятты тұрғызуға жарайды деп есептеуге болмайды. Оқыту материалының проблемалық емес элементтерін дәстүрлі нақтылы мәлімет ретінде береміз. Олар сандар мен саналық фактілер, мерзімдер, атаулар т.б.

ПС1. «Әдіп»- дегеніміз не?

Жауап: Құйма немесе қалыпталған дайындамалардың сырт пішіні болашақ тетікке ұқсас болғанымен оның сыртқы, ішкі беттерінде және жиектерінде «әдіп» деп аталатын металл қабаты болады. Сол металл қабаты металл кескіш аспаптар жәрдемімен сылынып алынады.

ПС2. Жетек - дегеніміз не?

Жауап: Тігін машинасын қозғалыска келтіретін механизмдер жиынтығын жетек деп атайды. Жетек арқылы жеке электрқозғалтқыш қозғалысқа келтіреді. Электр-қозғалтқыш қайысты, шынжырлы немесе тісті берілістер арқылы станоктың жетекші білігін қозғалысқа келтіреді.

ПС3. Кинематикалык, сұлбаны жасудың негізі неде?

ПС4. Кинематикалық сұлба неден құралады?

ПС5. Кинематикалық сұлбаның қандай қарапайым түрлері бар?

ПС6. Кинематикалық қосақ - дегеніміз не?

ПС7. Кинематикалық тіз­бек - дегеніміз не?

Проблемалы баяндау проблемалық сұрақтарды қолдануға негізделген тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру проблемасы дайындаудың мәнін құрайды. Проблемалық оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әртүрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кем қолдана отырып, сонымен бірге білімгерлердің есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет. Оқытушы проблемалық мәселені қою арқылы білімгерлерді проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, білімгер оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе оқу үдерісіне талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігі артады. Сондықтан да проблемалық оқытудың дүниетанымдық маңызы зор, өйткені ол құбылыстар мен үдерістердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс.

Проблемалық оқытуға арналған ізденіс жұмыстары проблемалық сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге нақты-нақты бөлуге болмайтындығын көрсетті. Cонымен қатар, қойылған мақсат пен сабақтың мазмұнына байланысты оқытушылар мен білімгерлер арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір реттігін жасауға да болмайды. Сол себепті проблемалық сабақты ұйымдастырудың сан алуан жолы болуы мүмкін. Проблемалық оқыту-ойлау операциялар логикасы (талдау, қорытындалау және т.б) мен білімгерлердің әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық ситуацияның, танымды қызығушылығының, қажеттілігі) ескере отырып жасалған оқу мен ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол бәрінен гөрі көбінесе кәсіптік білім беру мекемелері білімгерлерінің ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқытушының проблемалық баяндауы. Дәстүрлі оқыту кезіндегі жаңа білімдерді баяндаудың мәнін М.А. Данилов жақсы ашқан. Ол дидактика мен әдістеме жөніндегі барлық басшылықтарда жаңа білімдерді хабарлау кезеңінде оқытушының әңгімелеп беретіні, түсіндіретіні, көрсететіні, ал білімгерлердің оқу материалын ұғынып қабылдайтыны және есте қалдыратыны бір ауыздан мойындалатынын атап көрсетеді; білімгерлердің дербес танымдық іс-әрекетіне бұл жерде орын қалмайды. Мұндай баяндау ақпараттық баяндау деп аталады және ол білімгердің ойлау қызметін күшейтпейді, оның үстіне, түсіндіру көп ретте қайсы бір фактінің, құбылыстың, ұғымның белгілері мен қасиеттерін сипаттаумен алмастырылады. Сол себепті білімгерлер материалды ұғынбайды.

Ақпараттық баяндау кезінде жаңа құбылыстардың қайшылықты сипаты ашылмайды. Сондай-ақ, баян­дау барысы және оқытушының кездейсоқ риторикалық (шешендік) сұрақтарды кейде проблемалық ситуация тудыратын болса да, білімгерлердің ойы қозғаусыз қалады: сұраққа оқытушының өзі дайын жауап береді. Ғылымның даяр қорытындыларын белсенді түрде меңгеру - оқу үдерісін белсендірудің бұрынғы теориясының мәні осында.

Бақылау сұрақтары:

1. Заманауи оқыту технологияларының мазмұндық ерекшеліктері қандай?

2. Жаңаша оқыту технологияларының оқыту үдерісін дамытуға тиімділігі неде?

3. Ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, саралап-деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту әдісі, бағдарламалап оқыту негізі, кейс әдісін сабақты пайдаланудың ерекшеліктері неде?

4. Проблемалық оқыту әдісінің мазмұндық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіздер?

Дәріс №8. Оқу әдістерінің түрлері

Жоспары:

1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні.

2. Оқу əдістері.

Тірек ұғымдар: «оқу, әдіс, тәсіл»

Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық