Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіптік оқыту дәріс жинағы 2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Ф. 7.03-18

Жолдасбекова С.А., Узахова А.С.

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

пәнінен

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған

дәрістер жинағы

Ш ымкент, 2016 ж

Ф. 7.03-18

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Жолдасбекова С.А., Узахова А.С.

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған

«Кәсіптік оқыту әдістемесі»

пәнінен

дәрістер жинағы

Шымкент, 2016 ж

ӘОЖ 378:011.76

ББК

Құрастырғандар: Жолдасбекова С.А. Узахова А.С.

«Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы

«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен студенттерге арналған дәрістер жинағы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2016. – 96 бет.

Дәрістер жинағы пәннің оқу жоспары мен оқу жұмыс бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс сабағына қажетті мәліметтер қамтылды.

Дәрістер жинағы 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Дәрістер жинағы «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен студенттерге дәріс сабақтарын тақырыптары жоғары оқу орындарының талаптарына сай берілген.

Дәріс жинағы жоғары оқу орны студенттеріне арналған.

Пікір жазғандар

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, п.ғ.к., доцент Ю.Н. Камалов.

Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

(Хаттама №___ «_ _» ________2016ж.)

«Жаратылыстану педагогикалық» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды

(Хаттама №___ «_ » ________2016ж.)

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «_ _» ________2016ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2016 ж.

Ш ығарылымға жауаптылар: Жолдасбекова С.А., Узахова А.С.

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................

Дәріс №1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Кәсіптік оқытудың даму тарихы................................................................................

Дәріс №2. Кәсіптік оқыту педагының іс-әрекетіне жалпы сипаттама.........

Дәріс №3. Кәсіптік оқыту үдерісі, мазмұны, міндеттері...............................

Дәріс №4. Кәсіптік оқыту жүйесіне қолданылатын жалпы дидактикалық ұстанымдары (қағидалары).........................................................................

Дәріс №5. Кәсіптік оқыту жүйесі...............................................................

Дәріс №6. Кәсіптік оқыту әдістері.............................................................

Дәріс № 7. Инновациялық оқыту әдістері мен формалары......................

Дәріс №8. Оқу әдістерінің түрлері.............................................................

Дәріс №9. Кәсіптік оқытудағы ұйымдастыру формалары......................

Дәріс №10. Оқу мекемелерінде дәстүрлі емес оқыту формаларының (сабақтардың) қолданылуы..........................................................................

Дәріс №11. Кәсіптік оқытудың әдістемелік, құқықтық және материальдық оқу - материалдық базасы.......................................................

Дәріс №12. Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа дайындық әдістемесі.....

Дәріс №13. Теориялық және өндірістік оқыту сабақтарына талдау жасау.............................................................................................................

Дәріс 14. Педагогикалық іс-тәжірибе........................................................

Дәріс 15. Кәсібіи білім мен іскерлікті тексеру, бағалау әдістемесі............

Қорытынды..................................................................................................

Әдебиеттер тізімі..........................................................................................

6

7

11

15

23

29

33

45

52

54

58

71

78

84

87

88

95

96

Кіріспе

«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс жинағы типтік оқу жоспарына сәйкес 5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған.

Кәсіптік оқыту мамандығына оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері болашақ педагогикалық қызметке дайындау барысында байқалады. Кәсіптік оқытудың әдістемелік негізін қалау, қоғам талабына сай қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру осы әдістемелер барысында жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:

  1. Кәсіпке оқыту мазмұнының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау.

  2. Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау.

  3. Студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Кәсіптік оқытудың мақсаты, міндеттерін, мазмұнын, кәсіптік оқыту жүйесіне қолданылатын жалпы дидактикалық қағидалар мен жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларын анықтау.

  • Кәсіпке оқытуың әдістері мен әдістердің жіктелуі мен практикалық әдістер: жаттығу, әдебиеттермен жұмыс, технологиялық құжаттар әзірлеу.

  • Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялардың мазмұнына талдау жасау.

  • Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері мен сабақтарға алдын ала дайындалу және жоспарлау. Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу.

  • Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымдары мен зертханалық сабақтарды кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасында ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеру.

  • Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістері мен формаларына талдау жасау.

  • Тігін бұйымдарын конструкциялауға және модельдеуге, әзірлеу технологиясына, мататану және машинатану негіздеріне, костюм композициясына, костюм тарихына оқыту әдістемесіне талдау жасау.

Дәріс №1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Кәсіптік оқытудың даму тарихы.

Мақсаты: Кәсіптік оқыту әдістемесінің теориялық негіздері мен кәсіптік оқытудың даму тарихын оқып –үйрену.

Жоспары:

1. Кәсіби оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық кәсіптік оқыту жүйесінің даму кезеңдері.

2. Кәсіптік оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде.

3. Кәсіптік оқытудағы әдістемелік білім дамуының тарихи бейнесі. Кәсіптік оқыту әдістемесінің түсіндірме – терминологиялық апараты. Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму преспективасы.

Тірек ұғымдар: «Әдістеме», «методика», «әдіснама»

Дәрістің түрі: кірісіпе.