§ 57. Нивелирлердің тексерулері мен жөндеулері
Нивелирлерді қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы бай-каудан өткізеді, жиынтыктығын тексереді, дүрбінің, деңгейдің, көтеру, элевациялық және жетекші винттерінің түзулігіне көз жеткізеді.
Далалық жұмыстарды бастар алдында аспаптың осьтер жүйелері мен нивелирді конструкциялаудың негізгі схемасына енгізілген геометриялық сәйкестікті келтіру мақсатымен тексе-рулер жүргізіледі. Нивелирлер мынадай талаптарды қанағат-тандыруы тиіс:
Нивелирдің дөңгелек деңгейінің осі нивелирдің вертикаль айналу осіне параллель болуы тиіс. Тексеру үшін деңгейді кез келген екі көтеру винттерінің аралығына қояды да, оларды әр^ жаққа бұрау арқылы деңгейдің үлбіреуігін ортасына келтіреді,, содан кейін үшінші винттің көмегімен оны нөл-пунктке тұрғы-зады. Егер нивелирдің жоғарғы бөлігін І80°-қа айландырғаннан кейін үлбіреуік деңгейдін ортасында қалса, онда осы шарттыңі орындалғаны болып саналады. Деңгейдің үлбіреуігі екі көтеру винтінің бағытында жылжып кеткен жағдайда, оның центрдеи ауыткуының жартысы денгейдің түзету винттерімен реттелінеді, ал одан кейін үлбіреуіктің калған жартысыи көтеру винттерімен нөл-пунктке келтіреді. Нивелирді 90°-ка бұрып, тексеруді ушін-ші көтеру винтінің бағытында қайталайды. Деңгейдің үлбіреуігі центрінен ауытқыған жағдайда, оның ауытқуынын жартысын. түзету винттерімен центрге жакындатады да, қалған жартысын тиісті кетеру винтімеи теңестіреді. Текееруді нивелирді ось төңі-регінде айналдырғанда нел-пункттен деңгейдің үлбіреуігі ауыт-кымайтын болғанша бірнеше рет қайталайды.
Тордың вертикаль жібі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Нивелирді орнатып, оның айналу осін вертикаль
жағдайға дөнгелек деңгей көмегімен келтіреді де, жіптер торы-ның нёгізгі горизонталь штрихын нивелирден 15—20 м қашық-тықта орналасқан жақсы көрініп тұратын нүктеге нысаналай-ды. Жетекші винтпен нивелирдің дүрбісін азимут бойынша ақы-рын айналдырып, горизонталь штрихтын бақыланып отырған нүктеден шығып кетпеуін қадағалайды. Егер осы кезде гори-зонталь штрих нуктеден 1 мм-ден артық шығып кетсе, онда тор-ды орнатуды түзету керек. Түзету тордың дифрагмасын бұру арқылы онын вертикаль жібі тіктеуіштің жібімен беттескенше жасалынады.
3. Цилиндрлік деңгейдің осі дүрбінің нысаналау осіне парал-лель болуы тиіс. Тексеруді алға екі мәрте нивелирлеумен орын: дайды. 50—75 м қашықтықта екі қазыкшаиы немесе үлкен ше-гені қағады. Нивелирді (72-сурет) А ңуктесінін үстіне орнатып, нивелирдің биіктігін і'і рейкамен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен өл-шейді де, В нүктесіне қойылған рейкадан Пх есептеуін алады. Содан кейін нивелир мен рейканың орындарын ауыстырып, і2 және Я2 өлшеулерін алады. Бұдан кейін деңгейдің осімен дүрбі-нің нысаналау осінің параллель шартының қателігінің сақтал-мауын (х) мына формуламен есептеһ шығарады:
(117)
Егер х қателіл 4 мм-ден артып кетсе, онда элевациялык винт-пен орта, жіпті рейкадағы П</—Пг—х дұрыс есептеуге нысана-лайды да, деңгейдін вертикаль түзету винттерімен деңгей үлбі-реуігінің шеттерінің кескінін дәл беттестіреді. Деңгейдің орна-ласуын тексеру мен түзетуді *-тің шамасы 4 мм-ден аспайтын болғанша қайталай береді.
