Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_Lektsia_12.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246 Кб
Скачать
☆

§ 56. Нивелирлер ж9не нивелирлік рейкалар

Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын ту-сіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап нивелир дёп аталады.

Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығары-лады:

Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ иивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте са-лыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік-гео-дезиялық зерттеулерде және III жәпе IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.

Н-10, 2Н-ЮЛ, Н-ЮК, Н-ІОҚЛ нивелирлері — техникалық, 1 км-лік екі мәрте журісте салыстырмалы биіктікті Юмм-ден аспайтын орташа квадраттық қателіктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар курылыста, инженерлік-геодезия-лық зерттеулерде және топографиялық тусірістерде биіктік ша-ма негіздерімен қамтамасыз ету ушін қолданылады.

Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін гори-зонталь жағдайға келтіру деңгейдің көмегімен тексеріледі не-месе авторедукциялық компенсаторлардың көмегімеи өзінен-өзі жасалады.

Инженерлік-техникалық нивелирлеу кезінде кеңінен қолда-нылатын техникалық Н-3 нивелирін (70-сурет) қарастыралык.

Нивелирдің негізгі беліктеріне цилиндрлік деңгей (6), жап-сырылған дүрбі (5), осі бар тірек алаңы (Ю), көтеру винттері

бар (14) тұғырық (1), тесігі және стан винті үшін оймасы бар серіппелі пластинка (8) жатады.

Нивелирдің вертикаль осін шамамен тік жағдайға келтіруге арналған дөңге-лек (12) үш түзету винттерімен жабдық-талған. Невелир дүрбісін горизонталь жазықтықта жобалай айналдыру қыспа винттің (10) босатылған кезінде қолмен жасалынады да, ал дәл затты нысана-лау қыспа винт бекітулі кезде жетекші винтпен (11) жүргізіледі. Жіптер торы-_ның айқын кескінделуін окулярдың ди-оптриялық сақинасын (3), ал рейканыц , айқын кескінделуін фокустау құрылғысы-ныд маховигін (9) айналдыру арқылы келтіріледі. Дүрбіні жобалай нысаналау Қарауылдыц (7) көмегімен жасалынады. '

Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүкте-мелі ағаш рейкалар (71-сурет) қолданы-лады, олар ұзындығы 3—4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2—3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақ Майлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер тусіріледі. і Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілде

Бөліктер құны 15" цилиндрлік деңгей қорапта (6) орналас-қан, ондағы призмалық құрылғы арқылы деңгей үлбіреуігінін шеткі кескіндері екі жартылай түрде дүрбінің көру алаңына беріледі (70, б-сурет). Дүрбінің нысаналау осіи горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациялық винтпен (2) орындалады, ол деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндерін сәйкестендіруден тұрады. Цилиндрлік деңгейдің қақпақпен жабылған терт түзету винт-тері болады.

ту ушін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең улкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың те-"менгі жағына рейканы тез тозудан корғайтын болат пластинка-дан тақа қағылып қойылады.

Рейкалар бір жакты немесе екі жақты болуы мумкін, екін-шісінде онын бір жағында қара бвліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есеп-теу, оның тақасымен дәл келеді, ал кызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тек болмайды.

Жумыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол ушін рейканы горизонталь куйінде жатқызып, оған тексеру метрін койып, оның әрбір метрі мен деңиметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері ±1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік ±2 мм-ден аспауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]