Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bukil jospar.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.57 Кб
Скачать

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия Тексерілді

Пәні

Қазақ тілі

Тақырыбы:

Тұйық етістік

практикант аты жөні

Нұрмат Б

сынып

6 «Б»

Пән мұғалімі: Кунтаева Марфуға

Мақсаты

Тұйық етістік туралы түсінік беру

Міндеті

  • Тұйық етістіктік туралы ережені оқушының өзі қорытып түсінуіне жағдай жасау

  • Түрленуі (септелуі, көптелуі, тәуелденуі) туралы түсінік беру

  • Жаттығу, талдау жұмыстары арқылы білімін нақтылау

  • Деңгейлік тапсырмалар арқылы қолжетімді білім алуды қамтамасыз ету

Күтілетін нәтиже

БАрлық оқушылар

  • Тұйық етістік туралы түсінік алады

Оқушылардың басым бөлігі

  • Тұйық етістіктік туралы ережені оқушының өзі қорытып түсінеді

  • Тұйық етістікті септейді, тәуелдендіреді

Кейбір оқушылар

  • Жаттығу, талдау жұмыстары арқылы білімін нақтылайды

  • Тапсырмаларды өз мүмкіндігіне қара таңдап орындайды

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс –тәсілдер

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

/3 мин/

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды. Бағалау парақтарын үлестіреді

Сабаққа дайындалады. Бағалау өлшемдерімен таныс болады

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі – көркем шығармадан көсемшеге 10 сөйлем жазу

В деңгейі - көркем шығармадан көсемшеге 10 сөйлем жазу, тұлғасына талдау

С деңгейі - көркем шығармадан көсемшеге 10 сөйлем жазу, талдау, семантикалық карта

Қызығушылықты ояту

ББЖӘТ: зерттеушілік әңгіме

СТОҮ: топтастыру

Ортаға «Білімді болу үшін не істеу керек?» деген сауал тастау арқылы оқушыларға тұйық етістік сөздерді топтастыруға мүмкіндік береді.

оқу ерінбеу білу

Білімді болу үшін не істеу керек?

іздену ойлау

талаптану еңбектену

Мағынаны тану

ББЖӘТ: жұптық жұмыс

Оқушыларға жұптасып, етістіктерді тұлғасына қарай ажыратуды тапсырады.

Оқушыларға жұптасып, топтастырған етістіктерді тұлғасына қарай ажыратады. Мысалы: оқу –түбірі –оқы + -у –жұрнақ, ерін-етістік + -бе –болымсыз етістік жұрнағы + -у –жұрнақ.

Тұйық етістік жасайтын –у жұрнағы, олардың іс-әрекеттің атауы болып, заттық мағынада, зат есім қызметінде жиі жұмсалатыны туралы түсінік береді.

Оқушылар етістіктерге –у жұрнағын жасау арқылы әр оқушы бір мысалдан келтіреді.

СТОҮ: «Қар кесегі» әдісі

Оқушыларға тұйық етістік туралы білімдерін нақтылауды ұсынады.

Оқушылар қар кесектерін кезек-кезек ұсынып, тұйық етістік туралы білімдерін нақтылайды.

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі –

1/ 260-жаттығу

2/ Тұйық етістіктерді септе

В деңгейі –

1/ 261-жаттығу

2/ Тұйық етістіктерді тәуелде

С деңгейі –

1/262-жаттығу

2/ Тұйық етістіктерді қатыстырып сұрақтарға жауап жазу

А деңгейі –көшіріп жазып, тұйық етітіктердің астын сызады

Сұрау Қайту Салу Қалу Келу

  • Атау септік

  • Ілік септік

  • Барыс септік

  • Табыс септік

  • Жатыс септік

  • Шығыс септік

  • Көмектес септік

В деңгейі –көшіреді, тұйық етістіктердің қандай тұлғада тұрғанын ажыратады

Тұйық етістіктерді тәуелдейді

  Бару Көріну Сөйлемеу Айту

І.  

ІІ.

ІІІ

1/ С деңгейі –берілген етістіктерді әрі тұйық етісті ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып , сөйлем құрайды.

2/ Берілген сұрақтарға тұйық етістікті қатыстырып жауап береді, өз жауаптарын негізгі жауаппен салыстырып қарайды.

- Екі көзің не үшін қажет? - (Жақсыларды көру үшін.) - Екі қолың не үшін керек? - (Елге көмек беру үшін.) - Құлақ деген не үшін керек? - (Ақыл - кеңес тыңдау үшін.) - Тіл мен жағың не үшін керек? - (Ақиқатты айту үшін) - Ал аяғың? - (Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.)

Ой толғаныс

ББЖӘТ: «Баспалдақ» ойыны.

Екі   оқушы   баспалдаққа  жармасып  шығуы  керек. Оң   жақтағы  оқушы  тұйық   етістіктен  жасалған    зат    есімдерді  жазады. Сол  жақтағы  оқушы   әр  баспалдаққа   тұйық   етістікті  жазады. Қайсысы  бұрын  жазып  болса   ойынды  сол   жеңеді.

егеу бөгелмеу

жасау демалу

көсеу күлу

жазу сөйлеу

оқу сыйлау

Кері байланыс

Рефлексия

1. Мен бүгін сабақта не білдім?

2. Маған не түсініксіз болды?

Бағалау

Бағалау критерийлері арқылы жиынтық бағалау

Үй тапсырмасы

/1мин/

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі – Тұйық етістікке 10 мысал жазу

В деңгейі –венн диаграммасы арқылы көсемше мен тұйық етістікті салыстыру

С деңгейі –Ойтолғау «Етістіктердің ережесін білу маған не үшін керек?»

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

жеке , топтық жұмыс арқылы

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды,  сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып  бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын

Қазақ әдебиеті, өзін - өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Рефлексия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]