Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bukil jospar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.57 Кб
Скачать

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия Тексерілді

Пән мұғалімі: Кунтаева Марфуға

Пәні

Қазақ әдебиеті

Практикант аты-жөні

Нұрмат Бағдәулет

Сынып:

6 «Б»

Мерзімі

24.01.2017

Сабақтың тақырыбы

С.Сарғасқаев Тәмпіш қара

Сабақтың мақсаты

С.Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығымен танысады. Тәмпі қара повесі арқылы оқушы әрі тарихпен танысады.

(С) Барлық оқушылар

Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен танысады. Тәмпіш қара туындысының мазмұнын түсінеді“Тәмпіш қара” повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттеледі. Басты кейіпкер тәмпіш қара  Шаншатай.. Повесте  Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік  қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге  құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері  танылады. 

(В) Оқушылардың басым бөлігі

С.Сарғасқаевтың қандай жанрда жазатындығын біледі. Тәмпіш қара туындысындағы кейіпкерлердің мінез-құлқын ашады.. Повестегі Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары арқылы жас буындар патриоттық рухта тәрбиеленеді; жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге ұмтылады;

(А ) Кейбір оқушылар

Тәмпіш қара туындысындағы пионерлер өмірі мен бүгінгі жастардың «Жас ұлан» ұйымын байланыстыра қарап салыстыру жүргізедіТеориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды, повесть кейіпкерлері табиғатына талдау жасап, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады;

Алдыңғы тақырып

Б.Момышұлы. Жауынгердің тұлғасы

Сабақтың әдіс-тәсілі

Талдау, салыстырмалы, топтық жұмыс, тест

Сабақтың дереккөздері

  1. С.Сарғасқаев. «Жұмбақ қыз»

Сабақтың ресурсы

Оқулық, интербелсенді тақта

Жоспар

уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Басталуы

5 минут

Сәлемдесіп,сынып оқушыларын түгендеу үшін арнайы смайликтерді қолдану.

Жедел тест

  1. Түйебай” әңгімесі кімнің туындысы?

А) Бейімбет Майлин Ә) Мағжан Жұмабаев Б) Ілияс Жансүгіров

2. “Қанмен жазылған кітап” авторы кім?

А) Әлия Молдағұлова Ә) Бауыржан Момышұлы Б) Қасым Қайсенов

3) Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асқақтата түсу дегеніміз не?

А) Градация(дамыту) Ә) Гипербола Б) Антитеза

4) Оқиғаны қарасөзбен баяндап айтуға құрылған шағын көркем шығарма не деп аталады?

А) Роман Ә)дастан Б) әңгіме

5) Арыстанмын айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?-өлең жолдары М.Жұмабаевтың қай туындысынан алынған?

А)Қазақ тілі Ә) Мен кім? Б) Қысқы жол

6) Бауыржан Момышұлы қанша рет жау қоршауын бұзып шығады?

А) 6 рет Ә) 5 рет Б) 7 рет

7) “Жауынгердің тұлғасы” қандай шығарма?

А) эпостық Ә)лирикалық Б) деректі

8) Бауыржан Момышұлына арнап “Ақиқат пен аңыз” атты кітапты кім жазды?

А)Әзілхан Нұршайықов Ә) Мұхтар Әуезов Б) Әбіш Кекілбаев

9) Б.Момышұлының нақыл сөзін тап

А) Намысты нанға сатпа Ә)Өнер алды қызыл тіл Б) Ерді намыс өлтіреді Қоянды қамыс өлтіреді

10) Төмендегі нұсқалардың ішінен Бауыржан Момышұлының еңбегін тап

А) Домбыра Ә)Туған жер Б) Ұшқан ұя

«Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын тексеру

Сәлемдеседі.

Жеке параққа тест жауаптарын жазады 

Орындыққа отырған оқушы үй тапсырмасына жауап береді

5 минут

Жаңа сабақ

Элекронды тақтада қойылым көрсетіледі

Сансызбай Сарғасқаев 29.04.1925 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосында дүниеге келген. * Қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1942 - 1943 жылдары аудандық Красногоршы» газетінде жауапты хатшы; * 1949 - 1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор; «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. Повестері мен әңгімелері: «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1971) Романдары: «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983) Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған. С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды. Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған.

 “Тәмпіш қара” повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттеледі. Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: 1. «Танысу» 2. «Тілеп алған азап» 3. «Әзілі ме, шыны ма?» 4. «Өкініш» 5. «Теке қарт» 6. «Не болды бізге?» 7. «Бұдан кейінгі күндерде …» 8. «Ойламаған жерден» 9. «Үш күн қалғанда»

Оқулықпен жұмыс

Бірінші топ С.Сарғасқаев өмірі туралы айтады

Екінші топ 130-131 беттермен жұмыс

Үшінші топ 132-133 беттермен жұмыс

Тақтамен жұмыс

231-жаттығу

Тапсырма

Сәйкестендіру парақшасымен жұмыс

Тапсырма

Суретке қарап сөйлемдер құра

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды

Аяқталуы

Сабақты бекіту.

1.С.Сарғасқаев кім?

2. Тәмпіш қара шығармасында қандай оқиға баяндалған?

Жауаптасады

Cабақты қорыту

Үй тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

Тәмпіш қара шығармасын оқып келу, Отан туралы бес мақал жазу

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

жеке , топтық жұмыс арқылы етісті өздеріне меңгерту

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды,  сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып  бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын

Қазақ тілі, өзін - өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Рефлексия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]