- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
Автомобиль көлігі мекемелерiндегi тiркелген жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейiн ең әуелi жүргізушiлердiң төмен дәрежедегi тәртiбiмен, кәсiби iрiктеудiң жоқтығымен және жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi мен автомобильдердi техникалық пайдалану ережелерiн жеткiлiктi деңгейде бiлмеуi және ол талаптарды дұрыс орындамауымен түсiндiруге болады.
Кез-келген автокөлік мекемесi мен қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерi басшыларының басты назарындағы мәселелердiң бiрi – ол жүргізушiлер құрамын оқыту және тәрбиелеу.
Бұл бағытта жалпы жиналыстар, лекциялар, әңгiмелесулер өткiзу, қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша кинофильмдер көрсету, жолда жүру ережелерi бойынша арнайы сабақтар ұйымдастыру нақты нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкіндік бередi. Бiрақ бұл жерде кемшiлiктердiң де кездесетiнiн атап өту керек. Көпшiлiк шараларын өткiзу барысында қаралған мәселелердiң әрбiр жүргізушiнiң қандай деңгейде меңгергенiн тексеру қиын және жүргізушiлердiң бұл шараларға деген көзқарасын анықтау мүмкін емес. Ол үшін әрбiр жүргізушiмен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Сондықтан автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерi мамандары жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстардың жаңа түрлерін және әдiстерiн iздеу бағытында тынымсыз еңбек етуде.
1967 жылдан бастап жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігі жүйесінде барлық автокөлік мекемелерiнде орындалуы мiндеттi, жүргізушiлерге ай сайын нұсқаулар беру (инструктаж) енгiзiлген болатын. Бiрақ, бұл нұсқаулар беру мәселесiнiң формальды түрде, ерiксiз ұйымдастырылуы шаралардың тиiмдiлiгiн төмендетiп жiбердi. Алайда iзденiстер нәтижесiнде жүргізушiлер құрамына ай сайын нұсқаулар берудiң жаңа, алдыңғы қатарлы түрлерін дайындауға және оны өндiрiске енгiзуге қол жеткiзiлдi.
Бұл тұрғыда жүргізушiлерге ай сайын нұсқау берудiң жаңа, барынша қызықты және назар аударуға тұрарлық түрi ретiнде автокөлік мекемесiнде тұрақты жұмыс iстейтiн қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша семинарларды ұсынуға болады. Күн сайын қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнде семинарлық сабақтар ұйымдастырылып, оған жұмыстан бос жүргізушiлер қатынасады. Семинарлық сабақтар маусым ерекшелiктерiн есепке алатын және тiркелген жол-көлік оқиғалары мен жолда жүру ережелерiн бұзушылықты талдауға жасалған арнайы жоспар бойынша өткiзiледi. Сонымен қатар қажет болған жағдайда, кейбiр жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi бойынша бiлiмiн тексеруге болады.
Сабақтарды өткiзу жоспары, жұмыс жағдайлары ұқсас, екi айға жасалынып, ол жоспар автокөлік мекемесi басшысы тарапынан бекiтiледi. Мысалы, тамыз - қыркүйек айларына арналған сабақтар жоспарына мына төмендегiдей мәселелер енгiзiлуi мүмкін:
– автокөлік мекемесi бойынша алғашқы алты айдағы көлік тәртiбi жағдайларын талдау;
– жол-көлік оқиғалары және олардың пайда болу себептерi;
– жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерiн қатаң бұзушылығы үшін жауапкершiлiгi;
– нақты жол жағдайлары үшін тиiмдi қозғалыс жылдамдығын таңдау: құрғақ жол, сулы жол бетi, жол шетiндегi балалар, тоқтап тұрған көлік құралы жанынан өту, велосипедшiнi айналып өту, тежеу және толық тоқтау жолы;
– көлік құралдарын басып озу және айналып өту, басып озуды және айналып өтуге мүмкіндік бермейтiн жол жағдайлары;
– тәулiктiң түнгi мезгiлiндегi қозғалыс, жарық берушi құралдарды және аспаптарды қолдану;
– қалааралық бағыттардағы қозғалыс ерекшелiктерi;
– оқу жылы басталуына орай елдi мекендер мен қалалардағы қозғалыс ерекшелiктерi.
Сөйтiп, тұрақты жұмыс iстейтiн қозғалыс қауiпсiздiгi семинарларында автокөлік мекемесiнiң барлық жүргізушiлерi ай сайынғы нұсқау беруден өтедi және, ең бастысы, қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнде автокөлік мекемесiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi қызметкерлерi әрбiр жүргізушiмен ай сайын жеке тәрбиелеу жұмыстарын жүргiзедi.
Автокөлік мекемелерiнде жұмысқа қабылданған жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi туралы бiлiмiн мезгiл-мезгiл тексеру, көлік құралдарын, әсiресе жүргізушi жұмыс iстейтiн түрлерін, жүргізу дағдыларын анықтау арқылы сынақтан өткiзу жағдайлары қамтамасыз етiлуi тиiс. Бұл жұмыстарды орындауда автокөлік мекемесiнде басты роль жетекшi-жүргізушiге тиiстi. Жетекшi-жүргізушiлер автокөлік мекемесi директорының бұйрығымен жас жүргізушiлердi көлік құралдарын жол-көлік оқиғаларынсыз жүргізуге, жолда жүру ережелерi талаптарын дұрыс орындауға үйрете алатын маман, шебер жүргізушiлер арасынан тағайындалады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстары барысында жетекшi жүргізушiлер қоғамдық ұйымдар, алдыңғы қатарлы жүргізушiлер автомобиль көлігінің техникалық жағдайына бақылау бойынша қоғамдық комиссия, қоғамдық автоинспекторлардың көмегiне сүйенедi.
Жетекшi-жүргізушiлердiң автокөлік мекемесi жүргізушiлерiнiң желiдегi жұмысын тексеруге, техникалық ақаулары бар автомобильдердi мекемеден желiге шығаруға тиым салуға және автомобильдердi желiдегi жұмысынан керi шақырып алуға, жүргізушiлердiң қозғалыс ережелерi бiлiмiн тексеруге, жол-көлік оқиғаларына жол берген жүргізушiлердi сыйақысынан айыру туралы мекеме басшылығына ұсыныс беруге және ұзақ уақыт жол-көлік оқиғаларынсыз жұмыс iстеген жүргізушiлердi марапаттауға ұсынуға құқығы бар.
Жетекшi-жүргізушiлерге автокөлік мекемесi жүргізушiлерiмен тәлiм-тәрбие жұмыстарын жақсартуда және олардың еңбек тәртiбiн нығайтуда басты мән берiледi. Өз кезегiнде жетекшi-жүргізушiлер арнайы бағдарлама бойынша дайындықтан өткiзiледi.
Жетекші жүргізушілерді дайындау бағдарламасы
