- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
Жол-көлік оқиғалары мен жолда жүру ережелерiн бұзудың алдын алу және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытында автокөлік мекемесiндегi жоспарланатын және іске асырылатын көпшiлiк шараларының маңызы ерекше.
Осы бағытта автокөлік мекемелерінде қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша жалпы жиналыстар, әр түрлі лекциялар, әңгiмелесулер өткiзiледi және осы бағыттағы тақырыптық кинофильмдер көрсетудi ұйымдастыруға болады. Мекеменiң жалпы жиналысы әдетте әрбiр айдың және тоқсанның соңында өткiзiлiп, онда өткен мерзiм iшiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесi қорытындылады және келесi маусымға арналған жол-көлік оқиғаларымен күрес шараларының жоспары талқыланып, бекiтiледi. Осы жиналыстарға жүргізушiлердiң жанұя мүшелерiн де қатыстыру оң нәтиже бередi және жол-көлік оқиғаларымен күрес жұмыстарын жандандыруға, күшейтуге ықпал етедi.
Автокөлік мекемесiнiң барлық қызметкерлерiн жол-көлік оқиғаларымен күрес жұмыстарына түгел жұмылдыру мақсатында мекемеде айына бiр - екi рет «Қозғалыс қауiпсiздiгi күнi» өткiзiледi. Бұл жол-көлік оқиғаларының және жолда жүру ережелерiн бұзудың алдын алуға, олардан сақтандыруға бағытталған кешендi шаралар жиынтығы болып табылады. Бұл күн барлық жүргізушiлер мен жөндеу жұмысшыларын, барлық инженер-техник қызметкерлерiнiң қатысуымен, тәрбиелiк жұмыспен толық қамтумен ерекшеленуi тиiс.
Қозғалыс қауiпсiздiгi күнiн өткiзер алдында автокөлік мекемесi басшылары барлық инженер-техник қызметкерлермен мәжiлiс өткiзiп, онда барлық атқарылар жұмыстар жоспары талқыланады және оларды орындауға жауапты кiсiлер тағайындалады. Автокөлік мекемесінде «Қозғалыс қауіпсіздігі күнін» өткізу шараларының үлгілік жоспары 2-кестеде келтірілген.
2-кесте. Автокөлік мекемесінде «Қозғалыс қауіпсіздігі күнін» өткізу шараларының үлгілік жоспары
№ |
Iс – шаралар |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Автокөлік мекемесiнiң жұмысшыларының, қызметкерлерiнiң және инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң жұмысқа өз мерзiмiнде келуiне, сонымен қатар жүргізушiлер құрамының жұмыс күнi ұзақтығына бақылау жасау |
Автокөлік мекемесiнiң кадрлар бөлiмi бастығы |
2 |
Автокөлік мекемесiндегi жүргізушiлермен еңбек және көлік тәртiбi мәселелерi бойынша жиналыстар өткiзу |
Директор, қозға-лыс қауiпсiздiгi қызметi басшысы, колонна бастығы |
3 |
Өткен апта аралығында қозғалыс ережелерiн бұзған жүргізушiлермен әңгiмелер жүргізу |
Қозғалыс қауiпсiз-дiгi қызметi басшысы |
4 |
Қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша тергеу органдары, жол полициясы қызмет-керлерi және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң қатысуымен лекциялар ұйымдастыру
|
Кәсiподақ комитетi төрағасы |
5 |
Автомобильдердiң техникалық жағдайын оларды желiге шығару кезiнде немесе желiден қайтқан мезетiнде бақылау |
Бас инженер |
2-кестенің жалғасы
|
||
1 |
2 |
3 |
6 |
Жүргізушiлер құрамының көлік құралдарын жүргізу куәлiктерiн тексеру |
Аға диспетчер |
7 |
Автомобильдердi желiге шығару алдында жүргізушiлермен дыбыс күшейткiш (селектор) арқылы қозғалыс ережелерi бойынша радиоәңгiме жүргізу |
Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi басшысы |
8 |
Қызмет көрсетушi орындарда тапсырыс берушiлердiң (клиенттер) көлік құралдарын дұрыс пайдалануын тексеру |
Пайдалану бөлiмi бастығы |
9 |
Көлік құралдарының жұмысын басшы құрам және инженерлiк-техникалық қызметкер-лер қатысуымен желiлiк бақылау |
Директор, қозға-лыс қауiпсiздiгi қызметi басшысы |
10 |
Көлік құралдарының техникалық жағдайын қоғамдық бақылау комиссиясының қозғалыс ережелерiн бұзу фактiлерiн талдау бойынша мәжiлiстер өткiзу |
Кәсiподақ комитетi төрағасы |
11 |
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының сапасын және көлемiн тексеру |
Өндiрiстiк - техникалық бөлiм бастығы |
12 |
Бiлiктiлiктi арттыру курстарында жүргізушi-лердi дайындау сапасына бақылау жасау |
Кадрлар бөлiмi бастығы |
Бұл аталған шаралардан басқа әр түрлі конкурстар, он күндiктер, айлықтар, жүргізу шеберлiгi және жолда жүру ережелерiн сақтау бойынша жарыстар өткiзу оң нәтижелерiн бередi.
