- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
Автокөлік мекемесiндегi қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру нәтижесiнде жол-көлік оқиғаларына талдау жасау және олардың алдын алу бағытындағы жеке және топтық сабақтар, мәжiлiстер, әңгiмелесулер және семинарлар өткiзу, жүргізушiлерге тиiстi нұсқаулар беру қамтамасыз етiледi.
Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнде өткiзiлетiн барлық iс-шаралар, мiндеттi түрде, тiркеу журналына өткiзiлген шара аты, өткiзген қызметкердiң аты-жөнi, сабақтар тақырыбы көрсетiлiп, енгiзiлуi тиiс. Яғни, кабинеттегi өткiзiлген шаралар есепке алынып, тiркеледi. Сабақтар тақырыбын баяндау барысында техникалық оқыту құралдары, жол-көлік оқиғаларын талдау материалдары қолданылады. Ал жүргізушiлердiң өздiгiнен дайындалуы үшін және олардың бiлiм деңгейiн тексеру үшін әр түрлі тесттiк сұрақтар, жаттығулар және бағдарламалар пайдаланылады.
Әр тоқсан сайын жергілікті жол полициясы органдарының қызметкерлерiмен бiрге автокөлік мекемесiнде тiркелген барлық жол-көлік оқиғаларын және жолда жүру ережелерiн бұзу оқиғаларын талдауға арналған арнайы мәжiлiстер өткiзiледi.
Автокөлік мекемесiнiң барлық жүргізушiлерiнiң әрбiр ай сайын өткiзiлетiн жалпы жиналыстарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар нәтижелері қорытындыланып, мекеменiң әрбiр қызметiнiң атқарған жұмыстарына тиiстi баға берiледi.
Жүргізушiлермен өткiзiлуi тиiс барлық нұсқау берулер, қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi қоғамдық комиссиялар мәжiлiстерi осы кабинетте өткiзiледi.
5 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1 Жол-көлік оқиғаларын талдаудың жол қозғалысын қамтамасыз ету жүйесін басқарудағы орыны
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару шешімдерінің сапасы мен тиімділігі жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігіне, олардың пайда болуы мен орын алуының себептері мен жағдайларының нақты себептері мен салдарларының дұрыс анықталуына тікелей байланысты болады. Жалпы алғанда басқару мен талдау біртұтас, бөлінбейтін, басқару нысанының ерекшелігіне байланысты әртүрлі мазмұнға ие бола алатын, процесс болып табылады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі сияқты әлеуметтік жүйелердің негізгі басқару нысаны адамдар (адамдар тобы) болып табылады. Сондықтан да мұндай жүйелер үшін қабылданатын шешімдерге аса жоғары деңгейдегі жауапкершілік жүктеледі, сонымен қатар оларға шешімдер қабылданатын жағдайлардың толымсыздығының жоғары дәрежесі тән құбылыс. Әлеуметтік жүйе өзінің әрекет ету аймағына ондаған және жүздеген мыңдаған адамдарды қамтиды. Белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін философияның, логиканың, математиканың, психологияның, экономиканың, әлеуметтанудың тәсілдері және де техникалық, экономикалық және әлеуметтік процестерді терең талдауға, сенімді түрде болжауға және оларға тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін басқа да ғылым салаларының әдістері мен тәсілдері пайдаланылады.
Әлеуметтік жүйелерді басқару саласындағы ғылыми жаңалықтар, басқару нақты және тиімді болуы үшін орындалуы қажетті бірқатар шарттарды дайындауға мүмкіндік береді.
Әрбір жүйеде басқару нысанының қасиеттері анық белгіленуі тиіс. Басқару теориясында, адамдар (адамдар тобы), адамдар ұжымын басқаратын барлық жүйелер ұйымдастыру немесе белсенді жүйелер деп аталады. Мұндай жүйелердің негізгі ерекшелігі ретінде басқару нысанының белсенді, мақсатты тәртібінің мүмкіндігін атап өтуге болады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін басқару тәжірибесі белсенділікті көрсетудің бірқатар оң нәтижелерімен қатар, теріс, кері нәтижелерінің де орын алатындығын көрсетіп отыр: көлік құралдарының жүргізушілері Жол полициясының бекеттерін айналып өтеді, ресурстар мен қаржылық шығындарға деген сұраныс артады, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша белгіленген шаралардың іске асырылу мерзімі «артығымен» белгіленеді.
Кез келген оңды басқару мақсатты болуы тиіс. Егер де басқарудың мақсаттары белгісіз болса, онда жүйені басқарудың қажеті шамалы.
Бұл ретте белгіленген мақсаттың мөлшерлік түрде берілуіне ұмтылу қажет. Сонымен қатар белгіленген мақсатқа қол жеткізу дәрежесін бағалау мүмкіндігінің болғаны дұрыс. Мысалы, экономикада негізгі мақсат пайданың, табыстың немесе басқа да өндірістік-экономикалық көрсеткіштердің белгілі бір мәндеріне қол жеткізу болып табылады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мемлекеттік жүйесінің басты мақсаты ол жол-көлік оқиғаларын болдырмау және барлық жұмыстар осы мақсатқа сәйкес жүргізілуі тиіс.
Әдетте, басты мақсат кім және кімді басқаратынына, адамдар, материалдық және басқа да ресурстардың бар немесе жоқтығына байланысты, бірнеше кіші топтарға бөлінеді. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау міндетін шешу мәселесінің күрделілігі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мемлекеттік жүйесінде де кіші мақсаттық топтарды құру қажеттігін туындатады.
Негізгі мақсат пен кіші мақсаттық топтардың мәселелерін шешу үшін басқару жүйесінде бірнеше мүмкіндік шешімдерінің арасынан біреуін таңдап алу мүмкіндігі болғаны дұрыс. Әлеуметтік жүйелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің ерекшеліктері мына төмендегідей: мүмкін болатын дұрыс шешімдердің түрлерінің көптігі соншама, тіпті олардың толық тізімін жасаудың өзі де оңай шаруа емес. Сонымен қатар, тәжірибеде проблемалық мәселелерді шешудің жаңа жолдары күнделікті туындап отырады.
Қабылдануы мүмкін шешімдер топтамасы арасынан ең жақсыларын – белгіленген мақсатқа аз шығындармен қол жеткізуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алу керек. Бұл мәселенің қиындығы, шешімдер қабылдау теориясы деп аталатын және барлық әдістерін екі негізгі топқа бөлуге болатын басқару туралы ғылым саласының пайда болуына алып келді.
Бірінші топта тек қана оңтайлы шешімдерді іздеудің қарапайым әдістері қарастырылады. Шешімдерді қабылдау барысы математикалық бағдарламалаудың белгілі бір есептеріне алып келеді және де, басқару нысанының сипаттамалары толық әрі анық белгілі болатын, кейбір жағдайларда практикалық жағынан маңызды да пайдалы нәтижелер алуға мүмкіндік береді. Бірақ та, әлеуметтік жүйелер үшін мұндай тәсіл нақты тәжірибеде кеңінен қолданылмайды, себебі, адамның мінез құлқын, оның тәжірибесін, мүмкіндіктерін, жеке басының мақсаттарын толық бейнелеу немесе суреттеу мүмкін емес. Жеке адамның өзіндік жеке шешімдерін бірқатар сандық көрсеткіштермен бейнелеу, пайда болатын мәселелердің көптігіне байланысты, нақты нәтижелер бермей отыр.
Шешімдер қабылдау теориясындағы әдістердің екінші тобы мақсаттарды топтастыру мен атқарылатын жұмыстарды бағалауға қажетті көрсеткіштерді таңдауға бағытталған. Қарапайым әдістерді тек қана мәліметтерді алдын-ала өңдеуге ғана пайдалану, мұндай бағыттың жалпыға ортақ ерекшелігі болып табылады.
Жүйенің ішкі жағдайы мен жүйеге әсер етуші сыртқы әсерлерді де үнемі талдап отыру қажет. Сыртқы орта мен басқарылатын жүйенің ерекшеліктері туралы мәліметтің жоқтығы басқару жүйесінің іс әрекеттерінің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Басқару әрекеттерінің сипаты мен дәрежесін дұрыс таңдау үшін басқаратын жүйе негізгі мақсат пен осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын ғана емес, сонымен қатар, басқарылатын жүйенің ағымдағы күйін де білуі тиіс. Тек қана осы жағдайларда ғана дұрыс жол таңдалуы мүмкін және жүйені осы жолға бағыттайтын шешімдер қабылданады. Басқарылатын жүйенің күйі туралы мәліметтерсіз басқару мүмкін емес немесе басқару тиімділігі өте төмен болады.
Сыртқы ортаның күйі мен басқарылатын жүйенің күйі туралы мәліметтер біргелікте басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін құрайды. Басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі барысында кездесетін екі негізгі қиыншылықтарды бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, нақты жағдайларда еш уақытта барлық мәліметтерді толық жинап алу мүмкін емес (себебі, «барлық» мәліметтердің құрамын анықтау мүмкін емес). Сондықтан да, сыртқы орта мен басқарылатын жүйенің нақты күйлері туралы тек қана, белгілі бір дәлдік дәрежесімен ғана айта аламыз. Екіншіден, барлық жиналған мәліметтер тиісті дәрежеде қорытылып, өңделуі тиіс. Әдетте, жоғары құзырлы орындардан мәліметтер келіп түскен жағдайларда, оларды анықтап, талдау қажет болады. Ал қажетті мәліметтер төменгі бағынышты орындардан келіп түскенде, олар жинақталуы тиіс.
Қабылданушы шешімдер іске асырылатын болуы тиіс. Ол үшін басқарушы орган басқарылатын жүйенің күйін өзгерте алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде қабылданушы шешімдер тиісті құқықтық актілер мен нормативтік құжаттармен, қажетті материалдық, қаржылық, мерзімдік, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай ресурстардың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі қойылған мақсатты орындау мүмкіндігін шектейді немесе оның орындалуы мүмкін болмайды.
Басқару жүйесі басқару әрекеттерінің іске асырылуына үнемі бақылау жасап отыруы керек. Бақылау функцияларының түрлері өте көп және олар тек қана қабылданған шешімдерді тікелей тексерумен ғана шектелмейді. Жалпы алғанда бақылау мәліметтер мен ақпараттарды жинау, шешім қабылдау, іске асырылған шаралардың тиімділігін бағалау сияқты әрекеттерді қамтиды.
Қорыта айтқанда, басқару процесін негізгі, үнемі қайталанып отыратын бес кезеңге бөлуге болады (1-сурет).
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі басқару процесінің схемасындағы әрбір кезеңнің түпкілікті нәтижелерге қол жеткізудегі алатын орыны ерекше. Бірақ та алғашқы кезеңдерде жол берілген кемшіліктер мен қателіктер көптеген мекемелер мен ұйымдардың, жекелеген орындаушылардың жұмыстарына ұзақ уақыт бойына кері әсер етеді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша атқарылып жатқан шаралардың тиімділігін біршама төмендетеді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі басқару процесінің схемасындағы әрбір кезеңнің түпкілікті нәтижелерге қол жеткізудегі алатын орыны ерекше. Бірақ та алғашқы кезеңдерде жол берілген кемшіліктер мен қателіктер көптеген мекемелер мен ұйымдардың, жекелеген орындаушылардың жұмыстарына ұзақ уақыт бойына кері әсер етеді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша атқарылып жатқан шаралардың тиімділігін біршама төмендетеді.
1-сурет. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі басқару процесінің схемасы
Сол себептен де талдау мен сараптау жұмыстарының маңыздылығына көп көңіл бөлінеді және ақпараттарды жинау, оларды талдау мен шаралар қабылдау кезеңдерін бір бірінен бөлмей, оларды біртұтас қарастыру қажеттілігі туады. Ал мұндай талаптар орындалмаған жерлерде талдау мен сараптау нәтижелерінің дұрыстығына деген сенім төмендейді, жұмыстарды жоспарлау сапасы нашарлайды.
Жол-көлік оқиғаларын талдаудың негізгі міндеттері мен ерекшеліктері
Апаттылық деңгейінің күйі мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерін сипаттайтын басқа да көрсеткіштердің мәні туралы мәліметтерді талдаудың негізгі міндеттерінің арасынан мына төмендегілерін бөліп көрсетуге болады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрекеттерінің барлық бағыттары бойынша қабылданған шараларды негіздеу (жол жағдайларын, көлік құралдарының құрылысын жақсарту немесе жетілдіру, балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілерді дайындау және тағы басқалары) және шаралардың тиімділігін бағалау мен олардың орындалу тәртібін белгілеу.
Апаттылық жағдайын болжау. Бұл бағыт статистикалық мәліметтерді талдауды жетілдірудің аса жоғары тиімділікпен дамып келе жатқан жолдарының бірі болып табылады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында апаттылық деңгейін болжау үлгілерінің көптеген түрлері жасалынған.
Апаттылық деңгейі мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларын салыстыру мақсатында ақпараттарды өңдеудің көпжақты тәсілдерін жасау. Әртүрлі көрсеткіштердің бір біріне әсер етуін зерттеу және осы байланыс дәрежесі бойынша салыстыру, талдау саласындағы аз зерттелген бағыт болып есептеледі. Сонымен бірге, білімнің басқа салаларында алынған нәтижелер, көрсеткіштердің өзара байланыстары талдаудың қорытынды нәтижелеріне үлкен әсер ететіндігін көрсетіп отыр.
Жекелеген, нақты жол-көлік оқиғаларының себептері мен орын алу жағдайларын талдау. Бұл жұмыс көп жағдайларда жол-көлік оқиғаларын сараптау деп те аталады.
Жол-көлік оқиғаларының аз кездесетін шектелген топтарын талдау. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда жоғары жетістіктерге қол жеткізген көптеген мемлекеттерде тура осы мақсаттың орындалуына көп көңіл бөлінеді. Орасан зор көлемдегі материалдық құралдар, ғылыми және практикалық қызметкерлердің үлкен күштерін жұмылдыра отырып, автотіркемелермен орын алған, көше қиылыстарындағы оңға қарай бұрылу кезінде орын алған жол-көлік оқиғаларының себептері, жылдамдықтарды шектеудің апаттылық деңгейіне әсері зерттеледі. Алынған нәтижелер толық тексеріліп, олар жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Электронды есептеуіш машиналары үшін ақпараттарды енгізуге, бақылауға, сақтауға, іздеу мен пайдаланушыларға қолайлы түрде беруге арналған, әмбебап бағдарламалық кешендер жасау.
Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді талдау бойынша қойылған міндеттерді іске асыру тәсілдерінің, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің әртүрлі буындарындағы басқару мазмұны мен әдістерімен байланысты, бірқатар ерекшеліктері де бар. Олардың арасынан жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі басқару процесінің үш негізгі сипаттамасын бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі иреархиялық принцип бойынша құрылған. Әртүрлі деңгейлерде жоспарланған және іске асырылушы шаралардың мазмұндары да әртүрлі болып келеді. Сондықтан да, статистикалық мәліметтерді жинақтау формалары мен оларды талдау тәсілдері де өзгеше.
Екіншіден, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде әрбір ұйым өзінің жеке, ерекше қызметтерін ғана іске асырады. Бұл қызметтер талдау тәсілдеріне көп әсер етпегенімен, олар талданушы, сараптанушы ақпараттардың мазмұны мен құрамын анықтауға септігін тигізеді.
Көптеген жағдайларда апаттылықты талдау, алдын алу шараларын жасау, оларды негіздеу мен іске асыру жұмыстарын аумақтық басқару органдары мен ведомстволық қозғалыс қауіпсіздігі қызметтері жүргізеді. Сондықтан жол қозғалысын ұйымдастыру тәжірибесінде талдаудың екі негізгі формасы немесе түрі басымдыққа ие: аймақтар бойынша және министрліктер бойынша. Бұл ретте аймақтар ретінде әкімшілік-аумақтық бөлінудің әртүрлі нысандары (қалалар, аудандар мен облыстар), ал министрліктер ретінде – министрліктердің бөлімдері (автокөлік мекемелері, автокөлік бірлестіктері мен басқармалары), олардың ведомстволық бағыныштылығына сәйкес, алынған.
Аумақтық басқару органдары мен ведомстволық қозғалыс қауіпсіздігі қызметтерімен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелерімен автомобиль жолдарын пайдалану қызметтері айналысады. Бұл қызметтердің, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан алғандағы, негізгі міндеттері - жол-көлік оқиғаларының орын алуына әсер етуші жол жағдайларын жетілдіру, апаттылық көздерін жою, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру.
Үшіншіден, басқару іс әрекеттердің ерекше бір түрі ретінде, өзінің алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын кез келген деңгейде және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде атқаратын қызметтеріне байланыссыз, шеше алады. Осы міндеттердің арасынан жоспарлау талдау мен сараптау жұмыстарының мазмұнына үлкен әсер етеді.
Әдетте жоспарлаудың үш түрі кездеседі: келешектік, ағымдағы және бір реттік.
Келешектік жоспарлау, әдетте, 5 жылдан кем емес мерзімге жасалады және ол басқару жүйесінің алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған болып келеді. Келешектік жоспарлау басқару жүйесінің құзырындағы барлық мүмкіндіктерді толығымен, әрі тиімді пайдаланумен ғана шектелмейді, сонымен бірге алға қойған міндеттерге қол жеткізу тиімділігін төмендетуге алып келетін, қателіктер мен кемшіліктердің алдын алуға да бағытталған. Бұл ретте қойылған міндеттерге қол жеткізу құралдары мен әдістері, қажетті ресурстар, пен оларды пайдалану тәртібі мен ерекшеліктері анықталады.
Келешектік жоспарлаудың ерекшеліктерінің бірі - оларда жүйенің құрамы мен элементтерін өзгерту қажеттілігі мен мүмкіндіктері қарастырылады: жаңа құрамдас бөлімдерді құру, қолданыстағыларын қайта құру, жүйе элементтерінің басқару және орындау функцияларын өзгерту және т.с.с.
Ағымдағы жоспарлау басты мақсаттарды орындау жолындағы аралық міндеттерді анықтау үшін қажет. Бұл ретте мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің жолдары мен әдістері, қолдағы бар материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалану мәселелері қарастырылады. Әдетте, ағымдық жоспарлау жүйенің қасиеттері мен құрылымын қарастырмайды.
Келешектік жоспарлау мен ағымдық жоспарлаудың ара жігін анық ашып көрсету мүмкін емес.Мысалы, бір жылға арналған жұмыс жоспарын, құрамы 1-3 адамнан тұратын Жол полициясының аудандық бөлімі үшін немесе құрамында осынша қызметкерлері бар автокөлік мекемесінің және жол-пайдалану басқармасының қозғалыс қауіпсіздігі топтары үшін, келешектік жоспар деп те қарастыруға болады . Сонымен бір мезгілде, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық және облыстық буындары үшін бір жылға арналған жұмыс жоспары ағымдағы жоспарлауға жатады.
Бір реттік жоспарлау бір рет немесе белгілі бір кезең аралығында орындалатын шараларды іске асыруға қолданылады. Бұл шаралар, әдетте, орындалу уақыты мен орындалу орынына байланысты шағын сипатқа ие болады (тексерулер, рейдтер, байқаулар мен конкурстар және т.с.с.). Бір реттік жоспарлар келешектік жоспарлау мен ағымдық жоспарлаудың жекелеген бөлімдерін анықтау үшін жасалады.
