Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Служба БД.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау

Қазiргi уақытта автомобиль көлігінде апаттардың алдын алу бойынша жасалынған ұйымдастыру-техникалық шараларын экономикалық жағынан негiздеу маңызы үлкен. Сонымен қатар бұл негiздеу тиiмдi шаралардың тез әрi жаппай iске асырылуына мүмкіндік туғызуы керек. Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүйесінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларға жұмсалатын шығындар мөлшерi жылдан-жылға ұлғаюда. Мысалы, 1990 жылы бұл мақсаттарға автомобильдердi пайдаланудың тиiмсiз, пайдасыз шығындарының 0,7% жұмсалса, 1995 жылы бұл көрсеткiш 5,3% жеттi. Жалпы қозғалыс қауiпсiздiгiне арналған шығындар, тиiмсiз шығындар (накладные расходы) құрамында есепке алынады. Келешекте бұл шығындарды автокөлік мекемесi шығындары құрамында өз алдына дербес бөлiммен көрсеткен тиiмдi. Өз кезегiнде бұл өзгерiс автокөлік мекемесiнде қозғалыс қауiпсiздiгi саласына жұмсалып жатқан шығындарының тиiмдiлiгiн дәл әрi әдiл анықтауға, бұл бағыттағы жөнсiз, аяқталмаған шығындарға жол бермеуге, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жұмсалған қаржылардың нақты қабылданған шараларға тигiзетiн әсерiн зерттеуге, олардың тиiмдi мөлшерiн белгiлеуге және жол-көлік оқиғалары көрсеткiштерi бойынша әртүрлі автокөлік мекемелерiн бiр-бiрiмен салыстыруға мүмкіндік бередi.

Автомобиль көлігі қызметкерлерiн толғандырып отырған көптеген проблемалардың iшiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардың жоғары тиiмдiлiгiне қол жеткiзу мәселесi маңызды орын алады. Әр түрлі автокөлік мекемелерiнiң жол-көлік оқиғаларының алдын-алу жұмыстарының көрсеткiштерi де әр түрлі, айырмашылықтары да үлкен. Осы құбылыстың көптеген себеп-салдарлары арасынан ең басты себептердi бөлiп көрсетуге болады:

– автокөлік мекемесi негiзгi қызметтерiнiң (пайдалану, техникалық және қозғалыс қауiпсiздiгi) жұмыс сапасы деңгейi әртүрлі;

– автокөлік мекемелерiнiң техникалық жарақтандырылу деңгейi бiрдей емес;

– жүргізушiлердiң әр түрлі типтегi автомобильдердегi және әр алуан түрдегi жүктердi тасымалдау процесiнiң жұмыс жағдайларының қиындық дәрежесi де әр түрлі;

– автокөлік мекемесiнiң жүргізушiлерiнiң және басқа да қызметкерлерiнiң құрамы олардың бiлiктiлiгi, еңбек өтілі, жұмыс тәжiрибесi бойынша әр алуан.

Осы аталған себеп-салдарларды сараптай отырып, олардың iшiндегi ең бастысы автокөлік мекемесi негiзгi қызметтерiнiң жұмыс сапасы деңгейiнiң, әсiресе қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс сапасы деңгейi төмен екендiгiн атап көрсетуге болады.

Кез-келген автокөлік мекемесiндегi жол-көлік оқиғасы апаттарының жағдайын сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер мыналар:

  • жол-көлік оқиғаларының жалпы саны;

  • осы оқиғалар салдарынан жарақаттанған, қайтыс болған адамдар саны;

  • жалпы материалдық шығындар көлемi.

Бiрақ бұл көрсеткiштердi абсолюттiк цифрлармен өрнектеу арқылы бiр-бiрiмен салыстыру автокөлік мекемесiндегi жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нақты күйiн әдiл көрсете алмайды, себебi әр түрлі автокөлік мекемелерiндегi автомобильдер саны және олардың жүрiп өткен жол мөлшерi есепке алынбайды. Сондықтан нақты автокөлік мекемесiндегi жол-көлік оқиғаларының санын жылдар бойынша салыстырғанда немесе әр түрлі автокөлік мекемелерiнiң, әр түрлі автокөлік департаменттерiнiң, басқармаларының жол-көлік оқиғалары апаттарының деңгейiн салыстыру барысында барлық автомобильдердiң әрбiр 1 млн. шақырым жүрген жолына тура келетiн жол-көлік оқиғаларының санын сипаттайтын меншiктi көрсеткiштi қолданған тиiмдi. Бiрақ бұл көрсеткiш жол-көлік оқиғаларының ауыртпалығын, шығындар мөлшерiн және барлық жол-көлік оқиғаларының жалпы санында берiлген автокөлік мекемесiнiң жүргізушiлерi кiнәсiнен орын алған оқиғалар үлесi, яғни қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарының тиiмдiлiгiнiң басты да маңызды сапалық сипаттамалары есепке алынбайды. қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарының сапалық деңгейiн және апаттылық шамасын төмендетуге бағытталған шаралар тиiмдiлiгiн бағалау үшін қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарының «пайдалы әсер коэффициентiн» және апаттылық шамасын төмендету шараларының қайтарылуын кешендi түрде бағалайтын көрсеткiш қажет.

Автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерiнiң жұмыс тиiмдiлiктерiн тиiмдiлiк коэффициентi (апатсыз жұмыс iстеу ықтималдығы) арқылы бағалауға болады.

(8.1)

мұндағы К1 – берiлген автокөлік мекемесiнiң жүргізушiлерi қатысқан барлық жол-көлік оқиғаларының жалпы санындағы жүргізушiлердiң кінәсiздiк дәрежесiн есепке алушы коэффициент;

К2 – автокөлік мекемесi жүргізушiлерi кiнәсiнен орын алған, адам өлiмiне әкелiп соққан, жол-көлік оқиғаларының ауырлығын есепке алушы коэффициент;

К3 – автокөлік мекемесi жүргізушiлерi кiнәсiнен орын алған, адамдардың дене жарақатын алуына әкелiп соққан, жол-көлік оқиғаларының ауырлығын есепке алушы коэффициент;

К4 – автокөлік мекемесi жүргізушiлерi кiнәсiнен орын алған жол-көлік оқиғаларының нәтижесiнде келген шығындарды есепке алу коэффициентi.

Бұл жоғарыда көрсетiлген коэффициенттер мына төмендегi формулалар көмегiмен анықталады:

(8.2)

мұндағы n1 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғаларының саны;

N1 – тіркелген жол-көлік оқиғаларының жалпы саны.

(8.3)

мұндағы n2 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған адамдар саны;

N2 – тіркелген жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған адамдардың жалпы саны.

, (8.4)

мұндағы n3 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғаларының нәтижесiнде дене жарақатын алған адамдар саны;

N3 – тіркелген жол-көлік оқиғалары салдарынан дене жарақатын алған адамдардың жалпы саны.

, (8.5)

мұндағы s1 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғалары нәтижесiнде көлік құралдарының, ғимараттардың, жүктердiң зақымдануы салдарынан келген материалдық шығындар, мың теңге;

s2 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғаларында тiркелген адам өлiмiне байланысты мемлекет шығындары, мың теңге;

s3 – берілген автокөлік мекемесі жүргізушілері кінәсінен орын алған жол-көлік оқиғаларында тiркелген адамдардың дене жарақаттары салдарынан пайда болған мемлекет шығындары, мың теңге;

S1,S2,S3 – барлық тіркелген жол көлік оқиғалары салдарынан пайда болған, тиісінше, көлік құралдарының, ғимараттардың, жүктердiң зақымдануы, адамдар өлiмiнiң, дене жарақаттарының салдарынан келген жиынтық материалдық шығындар, мың теңге.

КТ тиiмдiлiк коэффициентiн есептеу арқылы кез-келген автокөлік мекемесiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн анықтауға болады. Әсiресе осы коэффициент арқылы бiр көлік департаментiне қарайтын әр түрлі автокөлік мекемелерiн қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары, атқарылған жұмыстар нәтижесi бойынша салыстыру тиiмдi.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүйесіндегі автокөлік мекемелерiнiң жол-көлік оқиғаларының санын азайту бағытындағы қол жеткiзген оң нәтижелерiне қарамастан жол-көлік оқиғаларының, апаттарының деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр. Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерiнiң жұмыстарын тексеру қорытындылары көрсетiп отырғанындай, көптеген автокөлік мекемелерiндегi жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шаралар тек қана қозғалыс қауiпсiздiктерi кабинеттерiн жабдықтаумен және жүргізушiлер құрамына ай сайын нұсқаулар берумен ғана шектелген. Жол-көлік оқиғаларының санының артуын және қозғалыс ережелерiнiң өрескел бұзылуын, тек қана автокөлік мекемелерi, көлік департаменттерi, басқармалары басшыларының жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелерiне қойылатын талаптарды бәсеңсiтуiмен, жүргізушiлермен жүргізілетін тәлiм-тәрбие жұмыстарының өз деңгейiнен төмендiгiмен, қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша жасалынған нормативтiк актiлердiң жүргізушiлер назарына жеткiзiлмеуiмен түсіндіруге болады. Кейбiр автокөлік мекемелерi және автокөлік департаменттерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерi әлi де болса жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың алдын алу мәселелерiмен жеткiлiксiз деңгейде айналысуда және автокөлік мекемесiнiң барлық қызметтерiне автомобильдердiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсететiн жетекшi әдiстемелiк орталық бола алмауда. Сондықтан қозғалыс қауiпсiздiгi мүдделерi автомобиль көлігі кәсiпорындарының қызметкерлерiнiң әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн айтарлықтай арттыруды талап етедi.

Соңғы кездерi әртүрлі бағыныштағы кiшiгiрiм автокөлік мекемелерiнiң көбеюi ерекше қорқыныш, үрей тудырып отыр. Әртүрлі меншiк нысанындағы ұйымдар, мекемелер, бiрлестiктер, жекеменшiк кәсiпорындар қарамағында бiрнеше, санаулы ғана көлік құралдары бар және олардың саны күн санап артып отыр. Әрине мұндай мекемелерде жүргізушiлермен жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытындағы жұмыстар жүргiзiлмейдi деп айтуға әбден болады және оларда автомобильдердiң басты тораптарының, агрегаттарының және механизмдерiнiң техникалық жағдайына бақылау жоқтың қасы, автомобильдердiң желiдегi жұмыстары қадағаланбайды.

Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерi мiндеттi түрде кiшi автокөлік мекемелерiн қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi бар iрi автокөлік мекемесiне шоғырландыруды талап етедi.

Сонымен қатар, қазiргi кезде бүкiл Қазақстан Республикасы үшін бiрыңғай қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы ережелердi дайындап бекiту қажет. Себебi әртүрлі бағыныштағы мекемелерге қарасты автокөлік кәсiпорындарының қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерi мен бөлiмдерiнiң жұмыс тәртiбi әртүрлі ведомствалық ережелер, бұйрықтар және нұсқаулар негiзiнде анықталып, олардың әр қайсысының арасында көптеген айырмашылықтар мен өзгерiстер байқалады. Көптеген автокөлік мекемелерiнiң жұмыс тәжiрибесi көрсетiп отырғанындай, тек қана қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру бар проблемаларды шешпейдi. Бұл бағытта белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiзу үшін автокөлік мекемесiнiң барлық қызметтерi өздерiнiң тiкелей мiндеттерi аясында қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiмен де айналысуы шарт. Сондықтан қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы автокөлік мекемесiнiң жұмысы туралы бiрыңғай ереже дайындау және сол ережеде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қызметтер мен бөлiмдердiң мiндеттерi мен атқаратын жұмыстары белгiленуi керек. Көлік құралдарының қозғалыс жиiлiктерiнiң одан әрi артуы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттарын қиындатады және автомобиль көлігі қызметкерлерiнен көлік процесiн оңтайлы ұйымдастыруды қажет етедi. Бұл мәселенi шешу үшін қозғалыс қауiпсiздiгi саласына арнайы жоғары бiлiмдi мамандар қажет. Сонымен қатар автомобиль көлігінің бүгiнгi қызметкерлерi қозғалыс қауiпсiздiгi саласындағы барлық кең көлемдi бағыттар бойынша өз бiлiмдерiн бүгiнгi күн талабына сай айтарлықтай кеңейту қажеттiгiн сезiнуде. Сондықтан автомобиль көлігі инженерлiк-техникалық қызметкерлерiнiң бұл бағыттағы бiлiктiлiгiн арттыру мәселесi аса маңызды болып отыр. Қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын, ережелерiн және нормативтiк актiлерiн автомобиль көлігі саласының барлық қызметкерлерi арасында насихаттау тиiмдiлiгiн арттыру проблемасы да өзектi мәселелердiң бiрi.

Автомобильдендіру деңгейінің күрт өсуімен сипатталатын қазіргі заманда тасымалдау мен көліктік процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың деңгейін арттыру мәселелері аса өзекті сипат алып отыр. Жол-көлік оқиғалары тек қана көлік құралдарының бүлінуімен, азаматтардың жарақат алуы немесе қайтыс болуымен байланысты шығындармен ғана емес, сонымен бірге аса қауіпті жүктерді тасымалдаушы көліктердің апаты жағдайларында орын алуы мүмкін, төтенше жағдайлармен де байланысты болады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жүйесі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік стандарттардың, ережелер мен тәртіптердің, нормативтік құжаттардың талаптарын бұлжытпай орындауға негізделуі тиіс. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерімен жүйелі түрде жұмыстар жүргізу, автокөлік құралдарының техникалық жағдайына күнделікті бақылау жасау, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану тиісті нәтижелер береді.

Қазiргi кезде автомобиль көлігінің инженерлік-техникалық қызметкерлерi өздерiнiң күнделiктi жұмысында автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты, қажеттi нормативтiк талаптар, ережелер, анықтамалар, ұсыныстар, түсiнiктер, формулалар, әдiстемелер сияқты керектi мәлiметтер оңтайлы топтастырылған оқу құралына деген қажеттiлiктi сезiнiп отыр. Осы саладағы шығарылған оқулықтардың көпшiлiгi негiзiнен тек қана белгiлi бiр мәселелерге арнайы дайындалған және оларда мәселенiң таза теориялық жағына көп көңiл бөлiнген, ал қажеттi анықтамалық және iс жүзiнде қолданылатын материалдар келтiрiлмеген немесе өте аз мөлшерде берiлген. Сондықтан да қозғалыс қауiпсiздiгi саласының барлық бағыттары бойынша дәлме-дәл жинақталған анықтамалық және iс жүзiнде қолданылатын мәлiметтерi бар арнайы анықтама шығару келешектiң iсi деп ойлаймыз.