Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Служба БД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны

Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар министрлiгi көлік департаментi жүйесіндегі автокөлік мекемелерi қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң үлгiлiк құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi жанындағы жол қозғалысы қауiпсiздiгi комиссиясының арнайы қаулысы негiзiнде белгiленген.

Көлік департаментi жүйесіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрамына мына төмендегiлер кiредi:

– Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі көлік комитетінің қозғалыс қауiпсiздiгi басқармасы;

– облыстық, қалалық әкiмшiлiктердiң көлік департаменттері (басқармалары, бөлімдері) қозғалыс қауiпсiздiгi бөлiмдерi (қызметтері);

– автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi бөлiмдерi (топтары, аға инженерлерi, инженерлерi).

Автокөлік мекемелерi қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс есебi үшін және жол-көлік оқиғалары мен жолда жүру ережелерiн бұзу себептерiн талдау мақсатында мекемелерде техникалық құжаттардың бiрыңғай жүйесі белгiленген. Олар: жүргізушiнiң жеке қағазы; жолда жүру ережелерiн бұзуды тiркеу журналы; қозғалыс қауiпсiздiгi автомобилiнiң жұмыс есебi журналы; жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары есебi.

Автокөлік мекемелерi қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi қызметкерлерiнiң шамалық саны 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. Автокөлік мекемелерi қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi қызметкерлерiнiң шамалық саны

Штаттық қызметтер

Жүргізушiлердiң орташа санына байланысты штаттық бiрлiктер мөлшерi

51-150

151-300

301-500

500-ден артық

1

2

3

4

5

Қозғалыс қауiпсiздiгi бөлiмi

Бөлiм бастығы

Аға инженер

Инженер

Техник

Барлығы

1

1

1

1

4

Қозғалыс қауiпсiздiгi тобы

Аға инженер

Инженер

Техник

Барлығы

1

1

1

1

2

1

1

1

3

Ескерту: 1. Егер жүргізушiлердiң орташа саны 500-ден артық болса, онда әрбiр қосымша 250 жүргізушiге штаттық кестеге қосымша бiр штаттық бiрлiк қосылады, сонымен қатар мекеме басшысының қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша орынбасары (қозғалыс қауiпсiздiгi бөлiмi бастығы мiндетiн қоса атқарады) қызметi енгiзiлуi мүмкiн.

2. Мекемедегi жүргізушiлердiң саны 50-ден кем болған жағдайда қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi қызметкерлерiнiң мiндеттерi, мекеме басшысының бұйрығы бойынша, бiр жауапты қызметкерге қосымша жүктеледi.