Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Служба БД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі

Апаттан кейінгі қауіпсіздік – көлік құралының, жол-көлік оқиғаларының ауырлық деңгейін төмендету қасиеті. Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі элементтеріне автомобильдердің, жол-көлік оқиғалары нәтижесінде қауіпті оқиғалардың (өрт, есіктердің ашылмай қалуы және т.с.с.) орын алуының алдын алатын құрылыстық қасиеттері жатады. Апаттан кейінгі қауіпсіздік элементтеріне, сонымен қатар апаттылық белгі беру құралдары мен байланыс құралдары, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдары да жатқызылуы мүмкін.

Жол-көлік оқиғалары кезінде өрттің орын алуының алдын алу үшін төмендегі шараларды реттеу керек:

  • жанармай багынан, жанармай құбырларынан жанармайдың ағып кетуінің алдын алу;

  • автомобиль салоны мен жанармай багының арасына отқа төзімді материалдан қалқан орнату;

  • жанармай жүретін орындарға статикалық электрлік бойынша талаптар қою және оларды сақтау;

  • электр жабдықтарына қойылатын талаптар және оларды қорғау бойынша талаптар.

Автомобиль жүргізушісі мен жолаушылар үшін автомобильдің жануы аса жоғары қауіп туғызады. Статистикалық мәліметтер бойынша жол-көлік оқиғалары кезінде автомобильдің өртенуінің ықтималдылығы бар-жоғы 0,3-1,2 % болғанымен, олардың зардаптары өте ауыр болады.

Автомобильдерге өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар нормативтік құжаттармен анықталған:

  • автомобиль қозғалтқышы мен жанармай багының бір-бірінен бөлек орналастырылуы, бұл ретте автомобильдің жанармай багының автомобильдің артқы жағында орналастырылғаны дұрыс нәтиже береді, себебі тура бағыттағы соқтығысулардың ауырлық деңгейі өте жоғары болып келеді;

  • энергия көздерінің автоматты түрде ажыратылуы;

  • жанармай багының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • жол-көлік оқиғалары кезінде есіктердің, қауіпсіздік белдіктерінің, олардан тез босап автомобильден сыртқа тез шығып кетуді қамтамасыз ететін, тұйықталу жүйелері;

  • апаттылық шығу құралдарының болуы (автомобиль төбесіндегі есікше, айналарды сындыруға арналған балғалар және т.с.с.);

  • автомобильдерді өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау.

Жоғарыда атап көрсетілген қауіпсіздік түрлері бір-бірімен тығыз байланысқан және бір-біріне тәуелді болып табылады. Мысалы, автомобиль есіктерінің құлыптары, жолаушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде автомобильден түсіп қалмауы үшін, ашылып кетпестен үлкен жүктемелерге төтеп беруі керек (енжарлы қауіпсіздік). Сонымен қатар олар, жолаушылардың апат кезінде автомобильден тез шығуын қамтамасыз ету үшін, ашылмай қысылып та қалмауы керек (апаттан кейінгі қауіпсіздік).

Қауіпсіздіктің әртүрлі түрлерінің бір-бірімен тығыз байланысы және оларға қойылатын талаптардың бір-біріне қарама-қайшылығы, автомобиль жасау саласындағы конструкторлар мен технологтарды оңтайлы да тиімді шешімдер қабылдауға міндеттейді.

7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі

Экологиялық қауіпсіздік – көлік құралының, оның жұмысы барысында, сыртқы қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің дәрежесін төмендету қасиеті.

Автомобильдерді пайдалану сыртқы қоршаған ортаға тигізілетін келесі теріс әсерлермен тікелей байланысты болады:

  • жерлердің пайдалы аудандарының жоғалтылуы;

  • атмосфералық ауаның ластануы;

  • табиғи ресурстардың кең көлемде пайдаланылуы;

  • өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалтылуы;

  • шу, тербелістер мен дірілдер;

  • электромагниттік сәулелену.

Қазіргі кезде атмосфералық ауаның, автомобильдердің пайдаланылған газдарының құрамындағы зиянды заттармен ластануының өзектілігі өте жоғары болып отыр. Пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттар қатарына ең алдымен көміртек тотығын (СО), көмірсутегілерін (СхНу), азот тотықтарын (NOх), қатты заттарды (күйелер) жатқызуға болады.

Зиянды заттар сыртқы қоршаған ортаның ауасымен әрекеттерге түсе отырып, адамдар ағзасында көздің қабынуын, аллергиялық, жүрек-қан тамырлары, нервтік ауруларды тудыратын фотохимиялық түтінді құрайды.

Автомобильдердің сыртқы қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері тек қана сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттармен ғана емес, сонымен қатар ауа құрамындағы оттегіні кеңінен жұмсауында да жатыр.

Автомобильдердің қозғалтқыштарынан сыртқы қоршаған ортаға пайдаланылған газдармен бірге шығарылатын зиянды заттардың улылық деңгейін төмендету үшін қолданылатын тәсілдерді, шартты түрде, 4 топқа бөлуге болады:

1-топ – іштен жану қозғалтқыштарының құрылысын, жұмыс процессін, оларды арнайы реттеуді өзгерту;

2-топ – жанармайлардың басқа да түрлерін пайдалану немесе жанармайлардың физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту;

3-топ – қосымша құралдар мен қондырғылар қолдану арқылы зиянды шығарылымдарды улы заттардан тазалау;

4-топ - дәстүрлі түрдегі қозғалтқыштарды улылық дәрежесі төмен қозғалтқыштармен алмастыру.

1-топтағы іс шаралар қатарына жанармай қоспасының түзілу жағдайларын жақсарту, жанармай мөлшерін дозалау мен олардың цилиндрлер бойынша бөлінуін жақсарту (жанармай бүркуді электронды және электромеханикалық жүйелер көмегімен іске асыру, тез қызатын қақпақшаларды қолдану) жатады.

Пайдаланылған газдардың улылық дәрежесін төмендету мақсатында транзисторлық тұтандыру жүйелерін, жаңа түрдегі жетілдірілген карбюраторларды (электрондық жолмен басқарылатын), пайдаланылған газдарды қайта айдау тәсілін қолдануға болады.

Арнайы реттеулер арқылы (жанармай қоспасының құрамын реттеу, бос жүрістің айналымдар жиілігін реттеу, жанармайды тұтандырудың алдын алу бұрышын реттеу) пайдаланылған газдардың құрамын реттеуге болады.

2-топтағы іс-шаралардың барлығын екі түрлі бағытқа бөлуге болады – жанармайларға, қорғасынның, күкірттің, түтіннің мөлшерін азайтатын, әртүрлі қоспаларды қосу; қозғалтқыштарды басқа жанармай түрлеріне көшіру (табиғи газ, пропан-бутан, сутегі).

3-топтағы іс-шаралар қатарына пайдаланылған газдардың құрамын, әртүрлі залалсыздандырғыштар, катализаторлар қолдану арқылы, өзгерту жатады.

Сонымен қатар пайдаланылған газдардың улылық деңгейін төмендету мақсатында этилденбеген бензиндер қолдану дұрыс нәтиже бере алады.

Автомобильдердің жұмысы барысында пайда болатын әртүрлі деңгейдегі шулардың көзі ретінде қозғалтқышты, трансмиссияны, доңғалақтарды, автомобильдің соңындағы ауа құйынын атауға болады. Автомобильдердің шуын азайту шараларына ауа тазалағыштардың, енгізу және шығару құбырларының, дыбыс бәсеңдеткіштердің, синхронизаторлардың құрылысын жетілдіру жатады. Сонымен қатар, әртүрлі дыбыс төмендеткіш және дыбыстарды оқшаулағыш құралдарды қолдану да оң нәтиже береді.