- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
Ф. 7.11-18
С. С. ПЕРНЕБЕКОВ
Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
Шымкент, 2011 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛIГI
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
С. С. ПЕРНЕБЕКОВ
Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
Шымкент, 2011 ж.
ӘОЖ 656.13
КБЖ 39.3
П 24
Пернебеков С.С. Автомобиль көлігіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру / 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, 2011 ж. – 100 бет.
ISBN 9965-598-52-5
Оқу құралында автомобиль көлігі мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнің мiндеттерi мен мақсаттары, құрылымы қарастырылған. Автомобиль көлігіндегі қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстардың түрлерi мен әдiстерi кең көлемде қамтылған.
Бұл оқу құралы 5В090100-«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерiне арналған және автокөлік мекемелерiнің инженер-техник қызметкерлерi үшiн де пайдалы.
Пiкiр бiлдiрушiлер:
А.Т.Төленов – М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент.
А.А.Әбілдабеков – Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының штаб бастығы, полиция подполковнигі, т.ғ.к..
Н.А.Қуатбеков – Қазақстан Халықтар достығы университетінің вице- президенті, т.ғ.к.
М.С.Сарыпбеков - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Шымкент көлік колледжі директорының орынбасары, т.ғ.д., профессор.
Оқу құралы М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң әдiстемелiк Кеңесiнiң мәжiлiсiнде талқыланып, баспадан шығаруға ұсынылған, № 4-хаттама, “ 7 ” сәуір 2011 ж.
ISBN 9965-598-52-5
© М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi
КIРIСПЕ
Автомобиль көлігінің негiзгi мiндетi ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында, сапалы әрi толық қанағаттандыру, оның жұмысының экономикалық тиiмдiлiгiн және бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн арттыру болып табылады. Кез-келген мемлекеттiң көлік жүйесiнде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебi, мемлекеттiң барлық өндiрiстiк және экономикалық салаларындағы тасымалдануға тиiстi жүктер мен жолаушылардың басым бөлігі осы автомобиль көлігінің жылжымалы құралдары көмегiмен тасымалданады. Автомобиль көлігі, басқа көлік түрлерiмен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшiн ең ыңғайлы және тиiмдi көлік түрi болып есептеледi.
Автомобиль көлігі үшін әртүрлі көлем мен түрлердегі жүктерді тасымалдауға деген сұраныстарды қанағаттандырудағы, қозғалыс бағыттары мен жеткізу нүктелерін өзгертудегі, жолаушылар тасымалын қамтамасыз етудегі үлкен икемділік тән қасиет. Осы қасиеттеріне байланысты автомобиль көлігі Қазақстан Республикасының экономикасының барлық салаларын дамытуда үлкен орын алады. Автомобильдер мен автобустар көмегімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемінің артуы, көліктердің басқа түрлерімен салыстырғанда, өте жоғары қарқынмен дамуда.
Бірақ та автомобиль көлігінің еліміздің экономикасындағы алып отырған елеулі орынына қарамастан, автомобильдендіру деңгейінің өсуімен тікелей байланысты кері әсерлердің бар екендігін де атап өту керек. Бұлардың қатарына ең алдымен қоршаған ортаның ауасының автомобильдерден шығарылатын пайдаланылған газдармен ластануын, қалалар мен елді мекендердің пайдалы аумағының көлік құралдарының қозғалысы мен оларға арналған тұрақтар үшін бөлінуімен байланысты қала құрылысы проблемаларын, мұнай өнімдерінің үлкен көлемде жұмсалуын және сол сияқты көптеген мәселелерді атап көрсетуге болады. Автомобильдендіру деңгейінің ең қауіпті әсері ретінде, әсіресе, жол-көлік оқиғалары мен, адамдардың қайтыс болуы мен жарақат алуымен, көлік құралдарының, жүктердің, жол мен басқа да құрылыстардың бүлінуімен тікелей байланысты материалдық шығындармен, мүгедектік алу мен уақытша жұмысқа жарамсыздық төлемдерімен сипатталатын, олардың зардаптарын ерекше бөліп көрсету қажет. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан орын алатын материалдық шығындардың орташа есеппен алғандағы көлемі, автомобильдендіру деңгейі жоғары саналатын дамыған мемлекеттердің жалпы ұлттық байлығының он пайызына дейінгі мөлшерін алады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы барлық атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, осы мақсаттарға бөлінетін қаржы көлемінің артуы осы бағытта біршама жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. 2000-2005 жылдар аралығында жалпы жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың нәтижесінде жарақат алған және қайтыс болған адамдар саны бірқатар елдерде, жалпы көлік құралдарының санының өскеніне қарамастан, едәуір азайды немесе олардың өсу қарқыны төмендеді. Әсіресе, АҚШ, Ұлыбритания, Германия сияқты елдердегі қалыптасқан жағдайлар көңілге үміт ұялататындығын атап өту керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы отандық және шет елдік мамандардың пікірінше, бұл аталған мемлекеттердегі апаттылық деңгейінің төмендеуі, ең алдымен, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік және қоғамдық басқару органдарының құрылуымен тікелей байланысты. Ведомствоаралық, мемлекеттік-қоғамдық құзырлы органдар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқықтық нормалар мен мемлекеттік ұлттық стандарттарды, ұсыныстар мен ережелерді, нұсқауларды әзірлеу бойынша барлық іс әрекеттерді жоспарлайды және үйлестіреді. Осы саладағы ғылыми-зерттеу және статистикалық талдау жұмыстарының мақсатты жүргізілуін қамтамасыз етеді. Кейбір мемлекеттерде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік Кеңес, кейбіреулерінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік үйлестіру комиссиясы немесе жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Кеңесі жұмыс істейді. Бірқатар Еуропалық мемлекеттерде министрліктер аралық жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Комитеттері, кейбірінде, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Ұлттық қызметі тиімді жұмыс істеуде.
Әртүрлі мемлекеттердегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру мәселесімен отыздан астам әртүрлі халықаралық ұйымдар айналысады. Біріккен ұлттар ұйымы аясында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі көлік Комитеті айналысады.
Қазақстан Республикасында жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелерімен айналысу үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұлттық жүйесі жасалынған, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жасалатын барлық іс шараларды үйлестіру мен келісу жұмыстарын іске асырушы ең жоғарғы өкілетті орган ретінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия құрылған. Аталған комиссияның шешімдері, оның өкілеттілігі шеңберінде, барлық министрліктер мен ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар үшін, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктер жанынан құрылған облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар үшін міндетті болып табылады.
Осы комиссиялармен бір қатарда арнайы органдардың да бар екендігін атап көрсету керек. Солардың ішінде Жол полициясы қызметі, министрліктер мен ведомстволардың жанындағы қозғалыс қауіпсіздігі қызметтері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің жол қозғалысын ұйымдастыру қызметтері. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басты орындар қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарға тиесілі: автомото әуесқойлардың ерікті қоғамы, арнайы ерікті халықтық құрылымдар, жол полициясы қызметінің штаттан тыс инспекторлары, және т.б. Жалпы Қазақстан Республикасы аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұлттық жүйесінде жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға бағытталған шараларды жоспарлау мен оларды жүзеге асыру мақсатында жоғары білікті мамандар тобы жұмыс атқаруда.
Қазiргi заман талабына сай ғылыми зерттеулер мен нақты жұмыс тәжiрибелерi жоғарыда атап өтiлген келеңсiз жағдайлардың себептерiн түсiндiруге және автомобильдендiрудiң қажетсiз салдарларын қысқарту мен жою жолдарын белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
Осы заманғы автомобиль тасымалына тән ең басты, маңызды үш жағдайды атап өтуге болады:
– автомобиль қозғалысының тиiстi дәрежеде жабдықталған автомобиль жолдарымен жеткiлiксiз дәрежеде қамтамасыз етiлуi;
– автомобиль қозғалысының қозғалыстың басқа мүшелерiнен жеткiлiксiз шектелуi, оқшаулануы;
– жүргiзушi кәсiбiнiң көпшiлiк сипат алуы.
Әйтсе де ең басты проблема – қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi, бүгiнгi күннiң басты талабы болып отыр. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алуда, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде жол полициясы қызметкерлерiмен қатар автокөлік мекемелерi мен әртүрлi көлік департаменттерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметтерiнiң алатын орны ерекше. Автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi кәсiпорнынның басқа да қызметтерiмен бiрге, жол полициясы басқармасымен тығыз байланыста жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру бағытында нақты iс-шаралар белгiлеп, оны жүзеге асырады.
«Автомобиль көлігіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi» пәнi автокөлік мекемелерiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы негiзгi мәселелердi, қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiндегi рөлiн, маңызын, қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн, құрылымы мен мiндеттi қызметтерiн үйретедi.
Пәндi оқыту, үйрету барысында автокөлік мекемелерiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi iс-шаралар, автомобиль көлігі кәсiпорындарында қозғалыс қауiпсiздiгi кабинеттерiн құру және олардың жұмысын ұйымдастыру, жол-көлік оқиғаларын талдау және қызметтiк тергеу тәртiбi, автомобиль көлігіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары қарастырылады. Сонымен қатар студенттерде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар дайындау және қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң техникалық құжаттарымен жұмыс iстей алу дағдыларын қалыптастырады.
