- •1. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
- •2. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау қылмыстық құқықтың басты мәселесінің бірі ретіндегі байланысын ашыңыз.
- •4. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау сатыларын процессуалдық және ой қызметі ретінде салыстырмалы анықтаңыз.
- •5. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау түрлеріне бөлу негізі ретіндегі белгілерін қолдана отырып сипаттама беріңіз.
- •7. Қылмыстық заңның міндеттері мен жүйесін қылмысты квалификациялау қызметімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақытындағы күші бойынша квалификациялау ережелері.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •9. Қылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •11. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •12. Қылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.
- •1 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •16. Зардаптың түрлері, көлемі бойынша квалификациялау және Қылмыстық кодекстегі осыған сай баптарды келтіре отырып жауапты негіздеңіз .
- •17. Себепті байланыстың қылмысты квалификациялаудағы ролі.
- •18. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау.
- •19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •20. Кінәнің нысандары бойынша квалификациялау ретінде субъективтік жақ белгілері арқылы ажыратылатын қылмыстарды келтіріңіз.
- •21. Субъективтік жақтың қосымша белгілері және олардың міндетті белгі ретінде бағаланатын жағдайын анықтаңыз.
- •22. Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарды квалификациялау және кінәнің қос нысаны заңда арнайы келтірілмеген жағдайлардағы квалификациялаумен байланыстыра қарастырыңыз..
- •23. Қатенің түсінігі және оның түрлері бойынша квалификациялау.
- •24. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және оның квалификациялаудағы маңызы.
- •25. Қылмыстық құқық бұзушылықты арнайы субъектілер бойынша квалификациялау. Бір немесе бірнеше баптардың арасында субъекті бойынша квалификация түрлерін қарастырыңыз.
1 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.
Ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуды тек объектілері бойынша емес, сонымен қатар қылмыстың заты бойынша да жүргізуге болады. Қылмыстың заты дегеніміз- кінәлі қылмыс жасау кезінде қолданатын және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансыз материалдық сапаға ие заттар болып табылады.
Қылмыстың заты қылмыс объектісімен салыстырғанда қосымша белгі ретінде қолданылады, яғни қылмыс құрамын сипаттау кезінде барлық кезде міндетті белгі ретінде қолданылмайды. Қосымша белгі ретінде қолданылу себебі, ол барлық қылмыстың құрамында белгілі бір заттың қолданылуы болмауына және кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде арнайы бір заттардың қолданылуы шарт емес болуына байланысты. Мысалы, бұзақылық, жала жабу, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және т.б. қылмыстарда қылмыс заты, оның арнайы түрлері болмайды. Мұндай қылмыстарда өзге элементтердің белгілері және қылмыс объектісі болса қылмыс құрамы бар деп танылады.
Кейбір қылмыс түрінде зат міндетті белгі ретінде қолданылады, яғни қылмыс жасалды немесе заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келді деп есептеу үшін қылмыстың заты көрініс алуы керек болып табылады.Қылмыс заты міндетті белгі болып табылатын құрамдарда сол заттың түрі баптың атауында немесе оның диспозициясында көрсетіледі, сондай-ақ бапта зат түрі аталғанда объектінің мағынасын аша отырып анықтауды қажет ететін кездер болады.Мысалы,атыс қаруын заңсыз сақтау, несиені заңсыз алу және мақсатсыз жұмсау. Қылмыстың заты бапта арнайы көрсетілгенде оны өзге ұқсас қылмыстардан затына қарай отырып бірден оңай ажыратуға болады. Мысалы, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу және қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар жару құрылғыларын ұрлау немесе қорқытып алу. Бұл қылмыстардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы қылмыстың затында.
Кейбір құрамдарда қылмыс заты мен құралы ұқсас анықталады. Мұндай кезде құралы мен заттың айырмашылығын білу қажет. Қылмыс жасау құралы бап диспозициясында тікелей көрсетілуі де, көрсетілмеуі де мүмкін. Егер белгілі бір зат қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсатында қолданылса, онда ол құрал ретінде бағаланады. Қылмыс заты мен құралын ажыратудың тағы бір қажеттілігі, кейбір қылмыстарда құралдың түрі баптың диспозициясында арнай көрсетілгенде қылмыс заты тәріздес міндетті белгі болғанда.
Мынандай жағдайларда қылмысқа квалификация жасау қиындық тудыруы мүмкін. Өзге құрам элементтері бойынша ұқсас, бірақ заты бойынша ажыратылатын екі қылмыстың заты бір қылмыс оқиғасында болғанда. Мысалы, кедендік тексеруде бір адамда экономикалық контрабанданың және айналымнан алынған заттардың контрабандасын білдіретін заттар табылуы мүмкін. Мұндайда квалификация жүргізу негізінен қылмыстың затына байланысты емес, көптік қылмыстар бойынша, яғни бірнеше рет қайталанған немесе жиынтық ретінде бағалау туралы мәселе туындайды.
Қылмыстың затына қатысты мәселе екі жағдайда, біріншіден, бірнеше қылмыстардың заты бірдей болғанда және екіншіден, өзге құрам элементтері бірдей болып тек қылмыс затына қарай ажыратылғанда туындайды. Бірінші жағдайда, яғни қылмыстардың заты бірдей болғанда, олар затына және объектісіне қарай емес, өзге құрам элементтеріне қарай ажыратылады және квалификация жүргізіледі. Екінші жағдайда, яғни қылмыстық құрамдар өзге элементтері бойынша бірдей сипатталып, тек затына және объектісіне қарай ажыратылғанда квалификация затына қарай жүргізіледі.
