Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
up_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117 Кб
Скачать

2. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.

Қылмысты дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданғанда заңдылық қағидасы сақталады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдануды міндет етеді. Мұнан басқа, бұл қағида заңда көрсетілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде бағаланбайтындығын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс-әрекеттер тек қылмыстық заң арқылы анықталатынын білдіреді.Жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау, ол кінәлінің әрекеттеріне дұрыс баға беретін және қоғамның, жеке адамдардың мүддесі мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты сақтаудың маңызы зор,себебі қылмысты іс-әрекетке дұрыс құқықтық бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер басқа қылмыс үшін емес, өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Қылмысты дұрыс әрі толық квалификация беру – жазаны дұрыс белгілеуге жағдай жасайды және қылмыстық жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі. Қылмысты дұрыс квалификациялаудың келесі бір маңызы, ол елдегі қылмыстылық туралы статистикалық ақпараттың дұрыс берілуіне әсер етеді.

Келесі бір маңыздылығына тоқталсақ, ол мемлекеттің қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне байланысты болып табылады. Практика қызметкері қылмыстың түрін дұрыс анықтамаса, онда ол қылмыс өз тобына жатқызылмай, басқа қылмыстың көбеюін білдіруі мүмкін. Қылмысты дұрыс саралау - мемлекеттің жаза мəселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. Қымысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, денгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нəтижесінде қылмыстық іс-əрекеттті жасаған кінəлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бipi жасалған ic-əрекеттерге дұрыс, əділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мəнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мəселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нəтижелерін бермейді.

Қылмысқа дұрыс квалификация жасалғанда қылмысты іс-әрекет дәл анықталып қана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап т.б. құрам элементтерінің белгілеріне , яғни әрекеттің сипаты мен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады.

Заңды қолдануда қателіктер жіберу әділсоттың іске асырылуына кедергі жасап ғана қоймай, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік танытуына әкеле алады. Нәтижесінде сот-тергеу, прокуратура органдары қызметінің беделіне нұқсан келеді және олардың қызметтерінің негізгі мақсаты іске асырылмайды. Қылмысты дұрыс квалификациялау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін, біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер, соттар, прокурорлар жұмыс істеуі керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп қана қоймай, оның әлеуметтік мағынасын да түсіне алатындай деңгейде болуы керек.

Сондықтан қылмысты дұрыс квалификациялау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағынада анықталады:

1)әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді;

2)қылмысқа берілген әлеуметтік саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді;

3)кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге алып келеді;

4)қылмыстық іс-жүргізу заңында қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге жағдай жасайды;

5) қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс келтіріледі.

Сонымен қылмысты іс-әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде құқықтық маңызға ғана ие болмай, әлеуметтік-саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс табады және олардың жұмысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]