- •1. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
- •2. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау қылмыстық құқықтың басты мәселесінің бірі ретіндегі байланысын ашыңыз.
- •4. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау сатыларын процессуалдық және ой қызметі ретінде салыстырмалы анықтаңыз.
- •5. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау түрлеріне бөлу негізі ретіндегі белгілерін қолдана отырып сипаттама беріңіз.
- •7. Қылмыстық заңның міндеттері мен жүйесін қылмысты квалификациялау қызметімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақытындағы күші бойынша квалификациялау ережелері.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •9. Қылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •11. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •12. Қылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.
- •1 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •16. Зардаптың түрлері, көлемі бойынша квалификациялау және Қылмыстық кодекстегі осыған сай баптарды келтіре отырып жауапты негіздеңіз .
- •17. Себепті байланыстың қылмысты квалификациялаудағы ролі.
- •18. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау.
- •19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •20. Кінәнің нысандары бойынша квалификациялау ретінде субъективтік жақ белгілері арқылы ажыратылатын қылмыстарды келтіріңіз.
- •21. Субъективтік жақтың қосымша белгілері және олардың міндетті белгі ретінде бағаланатын жағдайын анықтаңыз.
- •22. Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарды квалификациялау және кінәнің қос нысаны заңда арнайы келтірілмеген жағдайлардағы квалификациялаумен байланыстыра қарастырыңыз..
- •23. Қатенің түсінігі және оның түрлері бойынша квалификациялау.
- •24. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және оның квалификациялаудағы маңызы.
- •25. Қылмыстық құқық бұзушылықты арнайы субъектілер бойынша квалификациялау. Бір немесе бірнеше баптардың арасында субъекті бойынша квалификация түрлерін қарастырыңыз.
12. Қылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың көп және әртүрлі салаларда кездесе алатындығына байланысты оларды топтастыру және нақтылау қажеттілігі туындайды. Қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерді жалпы, топтық және тікелей деп бөлу қалыптасқан.
Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың жиынтығы алынады. Қылмыстың жалпы объектісі деген ұғымның құрылымы кең, онда ҚК әрбір тарауымен, баптарымен қорғалатын объектілердің жиынтығы құрайды. Сондықтан жалпы объекті қорғауға алынған қатынастардың түріне, бағытына, қоғамдағы маңыздылығына қарай топтық объектілерге бөлінеді.
Топтық объектілердің қылмыстық құқықтық маңыздылығы ретінде, біріншіден, ҚК Ерекше бөліміндегі жекелеген қылмыстарды тарауларға бөлудің басты негізі, осы біртектес қоғамдық қатынастардың жиынтығын білдіретін топтық объекті болып табылатындығы, яғни қылмыстарды жүйелеу қызметін атқарады. Екіншіден, топтық объектілер қылмысты квалификациялау барысында құқық нормасын кезең арқылы іздеу кезінде қолданылады.
Қылмыстың топтық объектісі дегеніміз ҚК Ерекше бөлімінің баптары арқылы қорғауға алынған біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Біртектес қоғамдық қатынастардың атауы ҚК Ерекше бөліміндегі тараулардың атауларында қолданылады.Ерекше бөлімдегі тараулардың санымен салыстырғанда топтық объектілердің түрлері көп. ҚК бір тарауында екі немесе одан да көп топтық объектіге жататын қылмыстар кездесе алады. Бірнеше топтық объектілердің бір тарауда қарастырылуының себебі, бір топтық объектіге қарсы бағытталған қылмыстардың кейде аз болуына байланысты.Топтық объектінің құрылымы күрделі, атауы жалпы болумен ерекшеленеді. Бұл объектінің құрылымында осы салаға жататын нақты қоғамдық қатынастардың түрлері болады және олар қылмыстық құқықта тікелей объект деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі дегеніміз заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың жеке түрі. Тікелей объектілер мазмұны бойынша нақты қоғамдық қатынастың түрін білдіреді.
Қылмыстың тікелей объектілері әртүрлі баптардағы қылмыстарда бірдей болып анықталғанда олар өзара басқа құрам элементтері бойынша ажыратылады.Кейбір қылмыстар кейде бірнеше тікелей объектілерге зиян келтіру мүмкін. Мұндай жағдайларда ол объектілердің біреуі ғана осы қылмыстың тікелей немесе міндетті объектісін білдіреді. Ал қалған объектілер осы қылмыстың қосымша объектілері ретінде саналады.Қылмысты квалификациялау кезінде бірнеше объектілер кездескенде тікелей объектінің топтық объектіден шығатынын ескеру керек.
Қылмысты квалификациялаудың басты қағидасының бірі, ол кінәлінің қоғамға қауіпті ойы, қасақаналығының бағыты бойынша оның қылмысын анықтау болып табылады. Топтық объектіде дәл осы тәсілмен анықталады, яғни қылмыстың қасақаналығын, мақсатын қандай бағыттағы қоғамдық қатынасқа қарсы бағыттаса, сол қатынас топтық объект ретінде бағаланады және кейбір қылмыстарда осы топтық объектінің бұзылуы кезінде өзге де объектілерді бұза алады. Міне осындай жолшыбай немесе кінәлі үшін күтпеген, кейде мақсатқа жету үшін қасақана бұзылған қоғамдық қатынастар сол қылмыстың балама немесе қосымша объектілерін білдіреді. Кінәлінің қосымша объектіге деген ой-қатынасы қасақана да, абайсыздықта болуы мүмкін.Егер кінәлінің негізгі объектіден басқа объектілерге қылмысты жасау кезінде қасақаналығы болмаса, онда негізгі кейде ауырлататын құрам ретінде заңда арнай көрсетіледі.
Балама және қосымша объектілі қылмыстар кәнінің қос нысанымен жасалатын құрамдарда да кездеседі. Құрам қосымша және негізгі объектілі болып, ол заң баптарында тікелей көрсетілгенде қосымша объектіні негізгі объект ретінде қарастыратын басқа құрам түрімен қосып жиынтық ретінде квалификациялауға болмайды. Себебі бұл жерде нормалар бәсекелестігінің бүтін және бөлік түрі орын алады.
Негізгі және балама немесе қосымша объектілі қылмыстарда қылмыс жиынтығы түрінде квалификациялаудың қолданылуы немесе қолданылмауы, осы қылмыстық құрамның міндетті белгісі ретінде осындай объектінің қамтылуына байланысты шешіледі. Егер балама объектілер баптың диспозициясында тікелей көрсетілсе, онда бұл балама объектіні негізгі объект ретінде қарастыратын қылмыспен жиынтық түрінде квалификацияланбайды.
