Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
up_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.64 Кб
Скачать

10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.

11. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.

Қылмыстық құқық әр түрлі деңгейде бола алатын қоғамдық қатынастардың барлығын емес, оның ішінде қоғам, адам өмірі үшін маңызды деп танылған, яғни қорғауға алмаса қоғамның сол саласын күйреуге әкеле алатын қоғамдық қатынастарды өз қорғауына алады. Қылмыстық құқықпен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектілері деп бағаланады және нақты қылмыс түрінде қылмыс объектісі деген мағынада қолданылып, бұл кезде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың нақты түрі анықталады.

Қоғамдық қатынастар ретінде, құқықтық нормалармен қорғалатын материалдық және материалдық емес өмірдің заттары мен құбылыстарына байланысты біріккен қызмет процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі байланыстар.

Объект құрамның міндетті элементтерінің бірі, сондықтан да объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңда қылмыс деп қарастырылған кез-келген қоғамға қауіпті әрекет белгілі бір объектіге бағытталады. Қылмыстық озбырлық жасалғанда сол объектіге елеулі нұқсан келеді немесе ондай қауіп төнеді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және заңдық түп-тамырын, нысанын және жасалған қылмыс үшін қарастырылған қылмыстық жауаптылықтың мөлшерін айқындауға көмектеседі. Объектіні анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бір-бірінен, қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.

Кез кеген ќылмыс материалдыќ игіліктерге емес (заттар, аќша т.б.) ќоѓамдыќ ќатынастарѓа ќол сұѓады. Ол ќоѓамдыќ ќатынастар əрекет етуші ќылмыстыќ зањмен ќорѓалуы ќажет. Ќылмыскермен ќол сұѓылатын ќоѓамдыќ ќатынастардың сипатына ќарай, ќылмыстың ќоѓамѓа ќауіптілік сипаты аныќталады. Қоғам үшін ќылмыстың объектісі неѓұрлым ќұнды болса, соѓұрлым жасалатын ќылмыстың ауырлыѓы да көп болады. Сайып келгенде, ќылмыстың объектісі дегеніміз, кінəлмен ќылмыстыќ ќол сұѓушылыќ жасалатын, ќылмыстыќ зањмен ќорѓалѓан ќоѓамдыќ ќатынастар болып табылады.

Қылмыстың объектісінің негізгі қасиеттері мынада:

1. Қол сұғушылықтың объектісі - материалдық жəне материалдық емес құндылықтар, яғни саяси, моральдық, мəдени жəне басқалары бола алады. Кез келген қол сұғушылықтың объектісі дегеніміз - сол қол сұғушылық зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген, қоғамдық қатынастар болып табылады.

2. Объект қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті əрекет белгілі бір объектіге қол сұғады.

3. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық əрекеттің əлеуметтік жəне құкықтық табиғатын анықтауға, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектіні айқындау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық əрекетті қылмыстық емес əрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген əрекеттің қоғамдық дəрежесі маңызды дəрежеде қандай объект қол сұғушылыққа ұшырап отырғандығына да байланысты болады, сондықтан да əрекеттегі қылмыстық заңдылықта қылмыстық қаралғандай қандай да бір əрекеттің белгілері бар, бірақ маңыздылығының аздығынан қоғамдық қауіпті болмайтын əрекет немесе əрекетсіздік қылмыс болып саналмайды.

4. Қылмыс объектісінің белгілері бойынша заңшығарушы қылмыстық-кұқықтық нормаларды жүйелеу жəне кодификациялау сияқты күрделі жұмысты жүргізеді.

Сонымен, кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады деп айта аламыз. Нақты қылмыс объектілерінің мазмұны жəне құрылысы туралы, оларға қылмыстық қол сұғу жəне зиян келтіру механизмі туралы мəселелер əлі де болса толық зерттелмеген мəселелер қатарына жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]