- •1. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
- •2. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау қылмыстық құқықтың басты мәселесінің бірі ретіндегі байланысын ашыңыз.
- •4. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау сатыларын процессуалдық және ой қызметі ретінде салыстырмалы анықтаңыз.
- •5. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау түрлеріне бөлу негізі ретіндегі белгілерін қолдана отырып сипаттама беріңіз.
- •7. Қылмыстық заңның міндеттері мен жүйесін қылмысты квалификациялау қызметімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақытындағы күші бойынша квалификациялау ережелері.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •9. Қылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •11. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •12. Қылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.
- •1 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •16. Зардаптың түрлері, көлемі бойынша квалификациялау және Қылмыстық кодекстегі осыған сай баптарды келтіре отырып жауапты негіздеңіз .
- •17. Себепті байланыстың қылмысты квалификациялаудағы ролі.
- •18. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау.
- •19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •20. Кінәнің нысандары бойынша квалификациялау ретінде субъективтік жақ белгілері арқылы ажыратылатын қылмыстарды келтіріңіз.
- •21. Субъективтік жақтың қосымша белгілері және олардың міндетті белгі ретінде бағаланатын жағдайын анықтаңыз.
- •22. Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарды квалификациялау және кінәнің қос нысаны заңда арнайы келтірілмеген жағдайлардағы квалификациялаумен байланыстыра қарастырыңыз..
- •23. Қатенің түсінігі және оның түрлері бойынша квалификациялау.
- •24. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және оның квалификациялаудағы маңызы.
- •25. Қылмыстық құқық бұзушылықты арнайы субъектілер бойынша квалификациялау. Бір немесе бірнеше баптардың арасында субъекті бойынша квалификация түрлерін қарастырыңыз.
1-блок
1. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар ол қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескертілуге тиіс қажеттіліктерді т.б. анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғалғанда және оны іске асырғанда қылмысты квалификациялау туралы мәселе орын алады.
Квалификация кезінде болған уақиғаға құқықтық баға беріледі, ал қылмысты квалификациялау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге, құқықтарға, қоғамдық құндылықтарға қауіп төндірген, саналы түрде жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады.Қылмыстық құқықтық бағалау кезінде болған қылмыстық уақиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, онда қылмыс құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабына сәйкестігін табу керек. Қылмысты квалификациялауда жасалған қылмысты іс-әрекетке құқық шеңберінде бағалау жасалып, ол бағалау қылмыстық құқықтың бүкіл көлемін қамтиды деуге болады, себебі іс әрекетке бағалау берілгенде осы заң қорғайтын объектілірге зиян келтіргендігі, яғни қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі тәрізді елеулі белгілері алдымен анықталып, мұнан кейін ғана қылмысты іс-әрекетті белгілі бір қылмыстық-құқықтық норма көлемінде талдау жүргізіледі.
Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.
Қылмысты квалификациялау дегеніміз – жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Қылмысты квалификациялай отырып, оған құқықтық бағаны көрсеткенде әлеуметтік-саяси және адамгершілік бағалар берілуі үшін қылмыстық заң дұрыс, сапалы, толық жасалып және іс-әрекетті квалификациялау жұмысы да заңдылықты сақтай отырып іске асырылуы керек. Сондықтан квалификациялау мәселелерін шешу құқықтық ғана емес ол әлеуметтік саяси мағынаға ие. Қылмыстық квалификациялау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен Қ.К. Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталмайды, сонымен қатар ҚК Жалпы бөлімнің де баптары қолданылатын кездер болады.Бірақ Жалпы бөлімнің барлық нормаларына сілтеме жасалынбайды, оның ішінде тек аяқталмаған қылмыстар, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қарастыратын нормаларға ғана сілтеме жасауға болады. Сонымен бірге қылмысты квалификациялау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де ведомстволық заңдар, жарғылар, ережелер ескеріледі.
