- •1.«Коммуникация» анықтамасы және түсінігі
- •2. Коммуникация психологиясының негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Зайырлы қарым-қатынас Кодексіне тән ережелерді атаңыз
- •4.Коммуникативтік компетенция анықтамасын және түсінігін атаңыз
- •5.Жаман коммуникацияның себептері, оны жақсарту амалдарын айтып беріңіз
- •6.Кәсіби имидж, дәрігерлер кәсіби имиджі түсініктерін қалай түсінесіз
- •7.Кәсіби қарым – қатынас түсінігі туралы не білесіз
- •8.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның ережелерін атаңыз
- •9.Созылмалы шаршау синдромы және онымен күресу амалдарын атаңыз
- •10.Коммуникативті дағдылардың дәрігер эпидемиологтарға қажеттілігін айтып беріңіз
- •1.Коммуникативті дағдылардың дәрігер – эпидемиологқа қажеттілігін дәлелдеңіз
- •2.Созылмалы шаршау синдромының себептерін анықтаңыз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі идентификацифтің рөлін бағалаңыз
- •4.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның қызметіңізде керек екенін дәлелдеңіз
- •5.Эпидемиология маманының, эмоцияналды шаршау себептерін анықтаңыз
- •6.Дәрігер – эпидемиологқа кәсіби имидждің қажет екенін дәлелдеңіз
- •7.Ұжымдағы лидердің рөлін бағалаңыз
- •8.Компетентті дәрігер – эпидемиологтың бейнесін қалыптастырыңыз
- •9.Денсаулық сақтау саласында, әріптестер арасындағы коммуникативті кедергілердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •10.Дәрігер – эпидемиолог қызметінде деонтологияның рөлі
- •1.Коммуникативті дағдылардың, дәрігер-эпидемиолог қызметімен байланысын орнатыңыз
- •2. Вербалды және вербалсыз коммуникацияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог пен дәрігер терапевттің коммуникативтік дағдылардың айырмашылығын түсіндіріңіз
- •4.Лидер мен басшының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Перцепция мен апперцепция арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •6. «Сұхбат аймақтары» бір-бірінен айырмашылығын айтып, оларды дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі білу қажеттілігі.
- •7.Коммуникацияның түрлерін айтып, олардың кәсіби қызметте қолданылуы
- •8. Коммуникативтік компетенцияның дәрігер-эпидемиологқа қажеттілігін түсідіріп және түрлерін анықтап беріңіз
- •9.Жаман коммуникацияның себептерін талқылап, оларды атап өтіңіз
- •10.Коммуникация страгиясының түрлерін атап, оларды жеке талқылап өтіңіз
10.Коммуникация страгиясының түрлерін атап, оларды жеке талқылап өтіңіз
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.
