Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КоммуникативЖауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.93 Кб
Скачать

8. Коммуникативтік компетенцияның дәрігер-эпидемиологқа қажеттілігін түсідіріп және түрлерін анықтап беріңіз

Коммуникативтік біліктілік – Қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі, олармен ойымен ауысуға әртүрлі жағдайларда басқа қатысушылармен әрекеттестік барысында және қатынас мінез – құлықын таңдай отыра, қатынастың аутентикалық жағдайына барабар.

Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

9.Жаман коммуникацияның себептерін талқылап, оларды атап өтіңіз

Коммуникация - өзара түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Егер адамдар өзара түсінушілікке келмесе, онда коммуникация орындалмаған болып табылады. Коммуникацияның сәтті болуы үшін адамдардың сізді түсінгені, сізді қалай қабылдағаны және мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыс алу қажет.

Коммуникативті компетенттілік - басқа адамдармен байланысты орнатып, оны сақтай білу қабілеттілігі. қарым-қатынас жағдайын жақсы түсіну және өзара түсінушілікке жету тиімді коммуникацияның белгісі болып табылады.

Коммуникацияның нашар болуының себептері:

• стереотиптер - жеке адамдар немесе жағдайлар туралы қалыптасқан ой-пікірлер, нәтижесінде адамдарды, жағдайларды, мәселелерді түсіну және обúективті талдау қиын болады;

• өзінің көзқарасына қарсы келетін пікірлерді қабылдамау, оларға қарсы болу;

• адамдар арасындағы жаман қарым-қатынас, нәтижесінде басқа адамды өз ойыңыздың дұрыстығына сендіре алмау пайда болады;

• басқа адамның зейіні мен қызығушылығының жоқ болуы, ондай қызығушылық адамның өзіне қажетті, маңызды ақпараттың мәнін санадан өткізу нәтижесінде пайда болады;

• көптеген фактілерді елемеу, яғни қажетті фактілер аз болса да, қорытынды жасау;

• өз ойын білдірудегі қателіктер, мысалы, логиканың жоқ болуы, дұрыс емес сөздерді қолдану, қарым-қатынастың күрделілігі;

• қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасының дұрыс болмауы.