- •1.«Коммуникация» анықтамасы және түсінігі
- •2. Коммуникация психологиясының негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Зайырлы қарым-қатынас Кодексіне тән ережелерді атаңыз
- •4.Коммуникативтік компетенция анықтамасын және түсінігін атаңыз
- •5.Жаман коммуникацияның себептері, оны жақсарту амалдарын айтып беріңіз
- •6.Кәсіби имидж, дәрігерлер кәсіби имиджі түсініктерін қалай түсінесіз
- •7.Кәсіби қарым – қатынас түсінігі туралы не білесіз
- •8.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның ережелерін атаңыз
- •9.Созылмалы шаршау синдромы және онымен күресу амалдарын атаңыз
- •10.Коммуникативті дағдылардың дәрігер эпидемиологтарға қажеттілігін айтып беріңіз
- •1.Коммуникативті дағдылардың дәрігер – эпидемиологқа қажеттілігін дәлелдеңіз
- •2.Созылмалы шаршау синдромының себептерін анықтаңыз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі идентификацифтің рөлін бағалаңыз
- •4.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның қызметіңізде керек екенін дәлелдеңіз
- •5.Эпидемиология маманының, эмоцияналды шаршау себептерін анықтаңыз
- •6.Дәрігер – эпидемиологқа кәсіби имидждің қажет екенін дәлелдеңіз
- •7.Ұжымдағы лидердің рөлін бағалаңыз
- •8.Компетентті дәрігер – эпидемиологтың бейнесін қалыптастырыңыз
- •9.Денсаулық сақтау саласында, әріптестер арасындағы коммуникативті кедергілердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •10.Дәрігер – эпидемиолог қызметінде деонтологияның рөлі
- •1.Коммуникативті дағдылардың, дәрігер-эпидемиолог қызметімен байланысын орнатыңыз
- •2. Вербалды және вербалсыз коммуникацияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог пен дәрігер терапевттің коммуникативтік дағдылардың айырмашылығын түсіндіріңіз
- •4.Лидер мен басшының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Перцепция мен апперцепция арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •6. «Сұхбат аймақтары» бір-бірінен айырмашылығын айтып, оларды дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі білу қажеттілігі.
- •7.Коммуникацияның түрлерін айтып, олардың кәсіби қызметте қолданылуы
- •8. Коммуникативтік компетенцияның дәрігер-эпидемиологқа қажеттілігін түсідіріп және түрлерін анықтап беріңіз
- •9.Жаман коммуникацияның себептерін талқылап, оларды атап өтіңіз
- •10.Коммуникация страгиясының түрлерін атап, оларды жеке талқылап өтіңіз
5.Эпидемиология маманының, эмоцияналды шаршау себептерін анықтаңыз
Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген. Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 – 1553) болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді зерттеді. Ағылшын дәрігері Т.Сиденхем (1624 – 89) скарлатина, хорея, подагра, т.б. жұқпалы ауруларына алғаш ғыл. сипаттама берді. Оны “ағылшын Гиппократы” деп атайды. 18 ғ-да орыс дәрігері Д.С. Самойлович (Сущинский) (1744 – 1805) оба індетімен күресу тәжірибесі негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін салды. 19 ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған жаңалықтарға байланысты белгілі ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, И.И. Мечников, Д.И. Ивановский, Н.А. Семашко, А.Н. Сысин, К.И. Скрябин, Д.К. Заболотныйдың, т.б. еңбектерінің нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары табылды. Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол. лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның негізінде Алматы қаласында Эпидемиология және микробиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ашылып, республикада Э Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың кафедралары сан.-эпидемиол. ст-салар шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері зерттеліп, оларға, т.б. жұқпалы ауруларға (шешек, күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен эпидемиол. ерекшеліктері анықталды. Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д. Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы[1][2]
Шаршау — қажу жағдайының дамуымен астасатын субъективтік сезінулер кешені. Босаңсу, болбырлық, дәрменсіздік сезімдерімен, физиологиялық қолайсыздық түйсігімен, психикалық процестердің өту барысында кінәраттардың ұғынуымен, жұмысқа деген ынтаның болмай қалуымен, қарекетті тоқтатуға деген түрткі себептің дендеуімен, жағымсыз эмоциялық реакциялармен сипатталады. Шаршау бірсарынды әрекетті ұзақ уакыт орындау кезінде де пайда болуы мүмкін. Алайда қажумен байланысты емес оғаш шаршау, сондай-ақ объективтік тұрғыдан қажыған адамның шаршамауы секілді жағдайларда болады.
