Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КоммуникативЖауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106 Кб
Скачать
☆

7.Ұжымдағы лидердің рөлін бағалаңыз

Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.

2.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.

Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.[1]

Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:

ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;

топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;

егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;

топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады.

8.Компетентті дәрігер – эпидемиологтың бейнесін қалыптастырыңыз

9.Денсаулық сақтау саласында, әріптестер арасындағы коммуникативті кедергілердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.

Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.

20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; Денсаулық сақтау.

Қарым – қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым – қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде. Қарым– қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский зерттеген. Қарым-қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі.

Манипулятивті қарым -қатынас – партнерлердің өз мақсатын жасырын жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап – арбау қарым қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым – қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. ٧ Диалогты қарым-қатынас – біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым – қатынастың ерекшелігі – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. ٧ Іскерлік қарым-қатынас - тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы. ٧ Рухани - жеке тұлға аралық - бұл достардың, туыстардың қарымқатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады. Қарым – қатынастың түрлері

Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекетте адамдардың қарым –қатынасы жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде адамдардың бірігуінің шарты болып табылады Қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез – құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, әлемге қарым – қатынасы дамып отырады. Растау қызметі - басқа адамдармен қарым – қатынас барысында тұлға өзін тану үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің жеке тұлғасын, оның құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Қарым-қатынастың қызметтері

Қарым-қатынастағы әдеп принципі: Үнемі жылы шырай таныту. Мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл-күйін білдіреді. Сөйлем жылы сөзден тұрады. «Қымбаттым» деген сөзді жақсы көрмей тұрып та айтуға болады. Адамдармен араласуда - жақсы көзқарас таныту, жымию, күлімсіреу қарым-қатынастың жақсы екенін көрсетеді. Үнемі мадақтап отыру. Баланы үнемі мақтап, әрбір әрекетіне көңіл бөліп отыру баланың рухани өсуіне әсер етеді. Олар өздеріне сеніп тапсырылған іске сеніммен кірісіп, қабілетін толық ашуға мүмкіндік алады. Мадақтау, мақтау- балаға білім беру, мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып табылады. Ынтымақтастық. «Бірігіп зерттеу» барысында адамдардың бір- біріне ынтымақтастығы, өзара қарым - қатынасына, таным әрекетінің нәтижесі оңды әсер ететінін атап өтуге болады. Егер ойлау мен әрекет етуде бірігу болса, қарым-қатынас ынтымақтастығы тиянақты болады.