Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алишев.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.4.Салмалы ұлтарақты жобалау

Салмалы ұлтарақпен негізгі ұлтарақ контурын пайдаланып жобалаймыз.

Өкше бөлігінде салмалы ұлтарақ контуры енділеу және ұзын болады, яғни 1,5 - 2мм.

Табанортаның ішкі жағында негізгі ұлтарақ контуры 3 - 4мм, сыртқы жағына 1,5-2мм әдіп береміз. Шоғыр оймағында екі ұлтарақ контурлары бірдей болады. Тұмсық бөлікте салмалы ұлтарақ 3мм қысқа және 1- 2мм сүйірлеу болады.

2.5. Қатаң өкше және тұмсық сірілерін жобалау

Өкше сірісін жобалау үшін оның қанаттарының көтеріңкілігін сипаттайтын α=5°, B=24° бұрыштарды қолданамыз. І,ІІ,ІІІ базистік сызықтарды тұрғызамыз.

I - 0,2Д=0,2*240=48мм

II - 0,42Д=0,42*240=100,8мм

III - 0,5Д=0,5*240=120мм

Өкше биіктігін мына формула арқылы есептейміз.

ОА=015N+8=0,15*240=36+8=44мм

Желімдеу ұстастыру әдісіне қатты өкше сірісіне 15±0,5мм береміз.

Тұмсық сіріні жұлықтың V негізгі сызықпен шектелген тұмсық контурына қарай жобалаймыз. Оның алдыңғы шеті жұлықтың контурынан 5мм қысқа болады, ал бүйір жақтарында 3-4мм. Тұмсық сірінің артқы жағы әртүрлі пішінді болуы мүмкін.

2.6.Қалыпталған өкшенің қаптамасын жобалау

Қаптаманы жобалау үшін оның бүйір бетінен қағаз үлгі қолданып жазба аламыз. Бұл жазбаға жан-жағынан 4 - 5мм әдіп береміз. Нәл астына түсетін бөлікте қаптамаға 5 - 7мм әдіп береміз. Осылай, өкше қаптамасын жобалаймыз.

2.7.Төсеніш контурын жобалау

Желімдеу әдісімен ұстастырылған аяқ киім төсенішін оның керме жиегіне қарай жобалаймыз. Төсеніш үш шектес мөлшерлі аяқ киімге жобаланатындықтан керілген аяқ киімнің керме жиегіне 2 мм әдіп беріп жобалаймыз.

2.8.Табанорта сынасының орнын жобалау

Табанорта сынасы, яғни супинатор ұлтарақтың өкше-табанорта бөлігінің симметрия өсі бойынша орналастырылады. Ол өкшелік бөлікте қалыпталған өкшенің алдыңғы сызығынан 25-30мм асып тұрады, ал алдыңғы шеті шолақ қатты ұлтарақ контурының алдыңғы шетінен 10-12мм қашықтықта орналасады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар, 2014 ж.

2.

Ключникова В.М. Кочеткова Т.С. Новое в конструировании верха обуви. Учебное пособие. – М.: МТИЛП 1982г.

3.

Макарова В.С. Моделирование и конструирование обуви и колодок – М.: Легпромбытиздат, 1985г.

4.

Ключникова В.М. и др. Практикум по конструированию изделий из кожи. Учебное пособие для вузов / Ключникова В.М. Кочеткова Т.С. Калита А.Н./ – М.: Легпромбытиздат, 1985г.

5.

Мунасипов С.Е. Былғары бұйымдарды кострукциялау пәні бойынша зертханалық практикум. Оқу құралы : Тараз, ТарМУ 2002, - 101 бет.

6.

Джанахметов У.К. Лабораторный практикум по конструированию обуви. Учебное пособие. Тараз, ТарГУ им. М.Х. Дулати 2000, - 83 с.

17