Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алеуметтану

.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
55.65 Кб
Скачать

1. Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың бір тұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері табиғат пен қоғамда тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтады. Мұндай әлеуметтік құбылыстардың түрлері толып жатыр: әлеуметтік қатынастар мен қоғамдық оқиғалар, түрліше қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтар, т.б.

Қоғамдык қатынастар тепе-теңдік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі) және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тең еместiгi) болып бөлiнедi. Мысалы, таптық-антагонистік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік, т.б. болады.

Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде, онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі - адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан, адамзат қоғамын, ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.

Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық кұбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.

«Структура» термині латын тілінен алынған — ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай біртұтастығын білдіретін термин.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ, олардың бәріне ортақ, жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құблыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу критерийін немесе айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес құбылыстар саласы басқа белгілер бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл кұбылыстардың бәрі өзара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп дәлелдейді.

Қоғамның құрылымы жайлы К. Маркстің пікірін түсіну үшін оның «Саяси экономия сынына» деген еңбегінің кіріспесіндегі мына үзіндінің маңызы зор: «Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі бір қажетті катынастарға - өндірістік катынастарға араласады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштерінің белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта, керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді» (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. 13 т., 67-б.).

Загрузка...

Бұл үзіндіден көріп отырмыз, марксистік социология қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға.

Қоғамдық қондырма саяси және юридикалық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі.

Қоғамның экономикалық базисін шын мәніне келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.

Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған адамның саналы қызметі. Енбек нәрсесі деп адамның өндіріс (еңбек) құралының көмегімен өңделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз - еңбек нәрсесін өңдеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.

Бірақ, еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз «өлі зат» деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын - адамның «тірі» еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан, өндіріс процесінде адам шешуші фактор болып табылады — ол басты өндіргіш күш болып саналады.

Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрамын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге болады.

Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпа, ұлт, мемлекет, т.б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді; саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші роль атқарады.

Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз болуы мүмкін.

Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да үстем болады, өйткені, тек материалдық өндіріс құралдары ғана емес, рухани өндіріс құралдары да соның қолында болады.

Ақыр соңында, қоғамдық құбылыстарды базис пен қондырмаға бөлуді қатып-семіп қалған механикалық тұрғыдан ғана түсінуге болмайды; олардың арасынан қатаң шекара жүргізу дұрыс емес, өйткені базиске де, қондырмаға да қатысты қоғамдық құбылыстар бар.

Адамның өмірі біртұтас қоғам көлемінде ғана емес, сондай-ақ айтарлықтай кіші әлеуметтік топтардың ішіндегі қоғамдық қатынастарда да жүріп жатады. Сондықтан, социологтар «әлеуметтік топ» деген ұғымды анықтап, оның классификациясын жасауға, ол топтардың қоғам құрылысындағы орнын анықтауға тырысады.

Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтiк құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады. Яғни, әлеуметтік құрылымның басты элементтері:

Загрузка...

- индивидтер;

- әлеуметтік институттар;

- әлеуметтік қоғамдастықтар немесе топтар.

Әлеуметтік қоғамдастықтар деп белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құңдылық бағдарлары, атқаратын қызметі, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуте болады.

I. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды.

Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).

II. Көлеміне қарай:

1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.);

2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары);

3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

III. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:

1) әлеуметтiк-экономикалық касталар, сословиелер, таптар);

2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);

3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер, т.б.);

4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.);

5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұр-ғындары) деп жіктеледі.

Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.

Әлеуметтік қоғамдастықтардың (топтардың) негізгі түрлері:

1. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

- тұрақтылығы төмен топтар;

- орташа тұрақтылығы бар топтар;

- тұрақты топтар.

2. Көлеміне қарай:

- үлкен топтар;

- орташа топтар;

- кіші топтар.

3. Мазмұнына қарай:

- әлеуметтiк-таптық;

- әлеуметтік-этникалық;

- әлеуметтік-демографиялық;

- әлеуметтік- кәсіби;

- әлеуметтік-территориялық.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйткені, қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор.

Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік ипституттар жатады дедік.

Әлеуметтік институттар — қоғам мүшелерінiң бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасыңдағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция (милиция) институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институтттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша — тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

Еңбекақы — жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4) Отбасы институты — әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты роль атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік институттар:

1. Экономикалық институттар:

- меншік;

- нарық;

- ақша;

- еңбекақы, т.б.

2. Саяси институттар:

- мемлекет;

- сот;

- армия;

- саяси партиялар, т.б.

3. Рухани институттар:

- ғылым;

- білім;

- тәрбие;

- моральдық ережелер, т.б.

4. Отбасы саласындағы институттар:

- отбасы;

- ана;

- әке;

- неке;

- балалары, т.б.

Бұл келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар, экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.

Адамзат қоғамының пайда болуы, дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл — құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.

Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды.

Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруышылығы мен егіншілікке көшу — қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

Қоғам дамуының бұл сатысын «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады.

Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар, кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

Әлеуметтану ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік-экономикалық белгілерге аударады.

Біз бұл турасында марксистік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Марксистік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық-экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:

а) алғашқы қауымдық қоғам;

ә) құлиеленушілік қоғамдық-экономикалық формация;

б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;

в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;

г) коммунистік қоғамдық-экономикалық формация.

Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар — таптық-антогонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретiнде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл — әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін тапсыз қоғам дейді.

Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы марксистік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденді.

Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің артықшылығын дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке, еркін кәсіпкерлік пен нарыққа негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі, халқының әл-ауқаты, бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрежесі осының дәлелі бола алады.

Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар капитализмнің өзін:

- бастапқы капитализм;

- бюрократиялық капитализм;

- олигархиялық капитализм;

- демократиялық капитализм деп жіктеу қажет дейді.

Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі зандылықты байқаймыз.

Бұл ретте XX ғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор. Бұл ғалымдар өздерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.

Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:

1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;

2) индустриалдық қоғамдар;

3) постиндустриалдық қоғамдар.

Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл — негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік — атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды.

Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайтын.

Индустриалдық саты, шамамен бұдан 250 жыл бұрын қалыптасқан. Батыс елдеріндегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар, қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

Халық санының артуы мен өнеркәсіп өндірісінің дамуы халықтың басым көпшілігінің қалаларға шоғырлануына әкелді. Ол урбанизациялану процесінің дамуына жол ашты.

Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болады.

Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы XX ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің — «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың — «ақпараттық қоғам» тәрізді т.б. атаулар кездеседі.

Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы — халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынмен дамыған нарықтық экономика ғылым мен техникаға, жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияларға сүйенеді. Қоғамда ғылыми-зерттеу орталықтарының, университтердің ролі артуда.

Қоғам халқының 60-80 пайызын ауқатты, жан-жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл — саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдiк берілетін қоғам.

Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.

Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыру тән.

 

2. Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары, т.б.

Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тiлімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі страталардың болғанын білеміз.

Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:  а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің мәртебелерi мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік мәртебе ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік мәртебеге айналып отырған.

Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

а) брахмандар (дін иелері, абыздар), олар халықтың 3 пайызын құрайтын;

ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7 пайызын құрайтын;

в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) — 70 пайызға жуық;

г) хариджандар - қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу, т.б.) атқаратын адамдар.

Қоғамда қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынас жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары мен өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

Сословиелік жүйелер - феодалдық қоғамдарда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Аталған жүйеде бiр сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік мәртебесi сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептсрі мен астарларына терең назар аударыла басталды.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті. Бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар,  К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі таптары — құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда — феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда — буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Негізгі емес таптар өткен дәуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық, формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер — таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерiн алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. Өйткені, бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.

К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз — қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы, сонымен қатар, таптар деп бір топтың қоғамдық өңдірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауын айтамыз».

Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:

1) адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;

2) олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;

3) еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;

4) қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алу әдісін;

5) қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер  К. Маркстың қоғамның тапқа жiктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Бұл пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер: таптық айырмашылықтар тек меншктің болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.

ЕкіншіденМ. Вебер адамның мәртебесiн — саяси партияға, яғни билікке қатынасты деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.

М. Вебердің пікірінше, мәртебе әлеуметтік топтар мен иңдивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның мәртебесi — білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:

1) капитал иелерінің табы;

2) интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

3) дәстүрлі ұсақ буржуазия табы;

4) жұмысшы табы.

Сонымен, М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген.

Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшiлігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.

Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жынысы, жас мөлшері, темпераменті, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.

Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік елдерде әйелдердің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары.

Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни, адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді.

Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер.

Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.

Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни, тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.

Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіңдіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін  а) басқарушы меншік иелері және ә) меншіктері жоқ бюрократ-менеджерлерге жіктейді. Автор, сонымен қатар, басқарушылар: жоғарғы топ — жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындыға келеді.

XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түсті. Олар, сонымен қатар, қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, страталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті.

Батыс Еуропа мен АҚШ әлеуметтанушылары нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және страталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстарын негіздеді.

Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі П.А. Сорокин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді.

Автор, сонымен қатар, бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері, сонымен қатар, жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе, керісінше, билігі бар адамның жоғары кәсіби дайындығы да бар, байлығы да бар деген сөз.

П.А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды.

Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелудің факторларын үш топқа топтастырған. Біріншісіне адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті, т.б.; екіншісіне қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейін; үшінші топқа меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.

Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы арта түседі. Мәселен, Кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу процесінде саяси факторлардың маңызы зор болды. Билік саласында қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешім-дерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Ал, жоғары билік адамдарының байлық пен меншiкке қол жеткізуде мүмкіндіктері кең болды.

Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға өту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.

Ресей Ғылым Академиясының Әлеуметтану институты жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3 пайызы әлеуметтік жіктелудегі басты факторға «билікті» жатқызса;

- табыс көлемін - 91,2 пайызы;

- меншікті - 64,8 пайызы;

- көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді - 52,7 пайызы;

- білімді - 35,1 пайызы;

- қабілет пен талапты - 34,6 пайызы;

мамандық түрін - 30,1 пайызы;

- адамның шығу тегін - 25,0 пайызы;

- ұлттық тегін - 14,5 пайызы атап көрсеткен.

Яғни, зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.

Әрине, әлеуметтiк стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек.

Білім деңгейі — мектептегі, орта, жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.

Кәсіби шеберлік — белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.

Мәртебе — адамның жоғары мәртебесiне қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.

Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3, 4, 6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Солардың 4 жіктен тұратын моделі мыналар:

1) жоғары тап;

2) орта тап;

3) жұмысшы табы;

4) төменгі тап.

Жоғарғы тапқа ірі меншік иелері — қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары — мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы шенеуніктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешушi роль атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1 пайызын құрайды.

Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы мәртебелерi де жоғары.

Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80 пайызын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені, орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.

Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Олар - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни, олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш-жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.

Бұл жерде айта кететін бір жағдай, орта таптың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:

а) жоғары орта тап;

ә) орта таптың орташасы;

в) төменгі орта тап.

Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни, адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.

Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми-техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында — заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.

Төменгі тап — құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.

Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (фр. еgаlіté - теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П.А. Сорокин ғылыми жағынан негіздеп, терең зерттеді.

Әлеуметтік мобильдік деп қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады. Олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын, және горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдік.

Вертикальды мобильдік — индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырауяғни, кері кету бағытында болады.

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

Адамның вертикалды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты иңдивидтің өзінің бұрынғы мәртебелiк дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметриялық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адам қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарылау — ерікті құбылыс, ал, төмен түсу — еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизонталды мобильдікте индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да, оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның мәртебесiнде айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобильдіктiң мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматтыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылысқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрінде де индивидтің мәртебелiк деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайына ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауылдан қалаға және керісінше қоныс аударуды жатқызуға болады.

Мобильдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінiң, әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.

Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикалды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу — әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инженер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі — қысқа мерзімді процеске жатады. Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуші таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде — дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуы болып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшеммен шектелуі мүмкін.

Индивид бір мәртебелік топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамымен некеге тұруға тырысады.

Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.

Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсіндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]