Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алишев.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2 Үлгінің конструктивтік сипаттамасы

Аяқ киім тобы - балалардікі

Аяқ киім түрі –туфли

Ұстастыру әдісі – доппельді

Кесте 4

Аяқ киім бөлшектерінің структурасы

№

Бөлшектер

Жинақ

тағы саны

Материал

Қалың

дығы, мм

МЕСТ, ТЖ, ӨСТ және т.б.

1

Жартылай айналма жұлық

2

Хромдап иленген былғары

0,9-1,1

СТРК 1165-2002

2

Қоныш

2

Хромдап иленген былғары

0,9-1,1

СТРК 1165-2002

3

Бекіткіш

2

Хромдап иленген былғары

0,9-1,1

СТРК 1165-2002

4

Жұлық астары

2

Тик-саржа

0,6-0,8

МЕСТ 19196-00

5

Қоныш жақтың астары

4

Астарлық былғары

0,8-1,0

МЕСТ 940-01

6

Жұлық астараралық бөлшегі

2

Термобөз

0,4-0,6

МЕСТ 19196-00

7

Қоныш астараралық бөлшегі

2

Термобөз

0,4-0,6

МЕСТ 19196-00

8

Негізгі ұлтарақ

2

СЦМ картоны

1,8-2,5

ТЖ 17-21-430-03

9

Щолақ ұлтарақ

2

СЦМ картоны

1,8-2,5

ТЖ 17-21-430-03

10

Салмалы ұлтарақ

2

Астарлық былғары

1,0-1,2

МЕСТ 940-01

11

Өкше сірісі

3-1 картоны

1,5-2,5

МЕСТ 9542-05

12

Тұмсық сірісі

2

Термокорд

1,2-1,4

ТЖ 17-21-592-02

13

Төсеніш

2

Мақта қалдықтары

1,5-2,5

МЕСТ 19008-02

14

Табанорта сынасы

2

Металл

1,5-2,5

ӨСТ 17-24-03

15

Өкше

2

Пластмаса

50-60

ТШ 17-331-01

16

Нәл

2

Полиуретан

50-60

ТШ 17-21-115-86

17

Өкше қаптамасы

2

Хромдап иленген былғары

0,9-1,1

СТРК 1165-2002

18

Ұлтан

2

Резеңке тәрізді былғары

5-7

ӨСТ 17-92-81

Қайықша туфлидің астыңғы бөлшектерінің көбісін қалып ізінің жазбасын, яғни негізгі ұлтарақ контурын қолданып жобалаймыз.

2.1.Негізгі ұлтарақ контурын жобалау

Қалып ізінен жазба алу үшін қалыпты қағаз бетіне орналастырып, оның ізінің контурын көшіріп аламыз. Контурға 7-10мм әдіп қосып жаңа контур сызамыз да ішкі контурға перпендикулярлы етіп тереңдігі 15-20мм, арақашықтықтары 10-15мм қималар жасаймыз.

Қағаздан жасалған қима үлгіні қалып ізіне желіммен жабыстырамыз да із қабырғасынан асып кеткен жолақтардың шеттерін қаламмен белгілейміз. Қимаүлгіні қағаз бетінен ажыратып алып оны қалып қағаз бетіне жайып желіммен жабыстырамыз да белгіленген контур бойынша қиып аламыз. Осылай қалып ізінің жазбасын аламыз.

Өкше сірісі жақсы қалыптасуы үшін ұлтарақ ұзындығын өкше бөлігінде «у» мөлшерге қысқартады. Оның мөлшері ұлтарақ қалыңдығы мен қалыптың өкше аймағындағы бүйір бетінің қисықтығына тәуелді. Бүйір бетінің қисықтығын α бұрышы сипаттайды. Бұл бұрыш қалып бүйір бетіне жанама өтетін сызықпен осы қимадағы қалып ізіне тұрғызылған перпендикуляр арасында пайда болады.

Ұлтарақты қысқарту мөлшерін және ұлтарақ ұзындығын мына формулалар арқылы табамыз:

Уп=tстtgα=2,2*tg200=2*2*0,36=0,792мм.

Бұл аяқ киім түрінде астының құрылымына қалыпталған түйін қолданылады, яғни негізгі ұлтарақ + шолақ ұлтарақ + табанорта сынасы біріктірілген түйін. Осыған орай, қатаң шолақ ұлтарақ жобалау қажет етеді.