- •4 Сурет Жіптің ұстастыру әдістердің схемалары
- •5 Сурет Ұлтанды тігестін машинаның орындаушы құралдары
- •6 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның инесі
- •7 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның иненің ұшының (а) және жіпті жарықшақтандырып жарудын схемалары
- •2 Үлгінің конструктивтік сипаттамасы
- •2.1.Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
- •2.2.Туфлидің қатаң шолақ ұлтарағын жобалау
- •2.3.Туфлидің ұлтанын жобалау
- •2.5. Қатаң өкше және тұмсық сірілерін жобалау
- •2.4.Салмалы ұлтарақты жобалау
2.2.Туфлидің қатаң шолақ ұлтарағын жобалау
Шолақ ұлтарақ пен негіз ұлтарықтың өкше бөліктері бірдей болады. Ал табанорта бөлігінде шолақ ұлтарақ контуры негізгі ұлтарақ контурынан 1-3мм кем болады. Шолақ ұлтарақтың алдыңғы шеті шоғырлардың орта сызығынан 10-20мм қысқа етіп жобалаймыз.
2.3.Туфлидің ұлтанын жобалау
Жазық ұлтан контурын негізгі ұлтарақ контурына қарй жобалаймыз. Қағаз бетіне негізгі ұлтарақ контурын және өсін түсіріп аламыз да негізгі ұлтарақтың өкше бөлігінде ығысу мөлшерін есептейміз. Есептеу үшін
S=0,02Д+0,05Вк
формуласын қолданамыз. Бұл жерде: Д-табан ұзындығы,мм.; Вк-қалыптың өкшелік бөлігінің көтеріңкілігі,мм.
S=0,02Д+0,05Вn=0,02*240+0,05*45=7,05мм.
Негізгі ұлтарақ контурының өкшелік бөлігінің ең шығыңқы нүктесінен оның өсінің жалғасында Оа арақашықтықта; яғни 7,05мм сыртқа қарай белгілеп О нүкте орнын табамыз.
Бұл нүктеден ұлтарақ өсі бойынша жоғары қарай:
0,018Д=0,18*240=43,2мм
0,41Д=0,41*240=98,4мм
0,62Д=0,62*240=148,8мм
0,73Д=0,73*240=175,2мм
0,8Д=0,8*240=192мм.
Арақашықтықтардың орнын білдіретін нүктелерді белгілейміз. Осы нүктелер арқылы негізгі ұлтарақ өсіне перпендикуляр тұрғызып оларды ұлтарақ контурынан оң және сол жақтарында 8-10мм асып тұратындай етіп созамыз.
Осы қималарда негізгі ұлтарақ контурына ұлтан жобалау үшін, қосатын әдіптердің мөлшерлерін есептейміз.
Бұл әдіп, яғни қосынды әдіп мөлшерін мына формула арқылы есептейміз:
ΣΠ=Πв+r+fmin+fқос
Ал Пв әдібін:
Πв=[Σtв(1-sinα)\cosα-tст*tgα]*Қн
Мұндағы: Пв- дайындама бөлшектері материалдарының нығыздануын есепке алған кездегі аяқ киім үстінің материалдарының жалпы қалыңдығы,мм.; Σtв- дайындам аның барлық бөлшектерінің қалыңдығы,мм.; tст- негізгі және шолақ ұлтарақтар мен табанорта сынасы түйінінің қалыңдығы,мм.; α- қалып бүйір бетінің пішінін сипаттайтын бұрыш, град.; Қн- материалдардың нығыздануын есепке алатын коэффициент; r- ұлтанның аяқ киім үстінен қарағанда көрінетін шетінің еніне берілетін әдіп, мм.; fmin- фрезерлеуге берілетін қажетті технологиялық әдіп, мм.; fқос- әрлеудің технологиялық тәсіліне, өндірістің дәлме-дәлдігіне және механикаландыру деңгейіне байланысты берілетін әдіп мөлшері, ол (0,5-4мм.) тең болуы мүмкін.
Крокульді ұлтан жобаланып жатқандықтан өкшенің бөлікте біз әдіптерді есептейміз.
Әдіптер мөлшерлерін төменгі қималарда есептейміз:
Табанортаның ішкі жағы: α=45º¸ Σtв=2¸6мм.
Πв=[Σtв(1-sin45º)\cos45º-tст*tg45º]*0,9=[2,6(1-0,7)\0,7-3,8*1]*0,9=[1,82\0,7-3,8]*09=-1,2*0,9=-1,08мм.
ΣΠ=Πв+r+fmin+fқос=-1,08+2,5+0,5+2=3,92мм.
Табанортаның сыртқы жағы: α=20°,Σtв=2,6мм
Πв=[2,6 (1-sin20º)\cos20º-3,8*tg20º]*0,9;
Πв=[2,6 (1-0,27)\0,96 -3,8 *0,287]*0,9=[1,97-0,93]*0,9=0,93мм
ΣΠ=0,93 +2,5+0,5+2=5,63мм.
Сыртқы шоғырда, α=10º¸ Σtв=2¸7мм.
Πв=[2,7 (1-sin10º)\cos10º-2,0*tg10º]*0,9;
Πв=[2,7(1-0,13)\0,99-2 *0,13]*0,9=[2,37-0,26]*0,9=1,9мм
ΣΠ=0,19 +2,5+0,5+2=6,9мм.
Ішкі шоғырда, α=10º¸ ΣП=6,9мм.
Крокульді ұлтанның контурын жобалағанда, ұлтарақтың өкше бөлігіне қалыпталған өкшені жоғарғы бетінен олардың контурлары беттесетіндей етіп орналастырамыз. Осы күйде өкшені ұстап тұрып оның жоғарғы бетінің алдыңғы сызығын үздік-үздік сызықпен белгілеп аламыз. Қалыпталған дайын өкшенің фронталь бетінен жазба аламыз. Алынған жазбаны өкшенің алдыңғы сызығымен беттестіріп контурын айналдыра сызып аламыз. Өкшенің фронталь бетінен алған жазбаның контуры ұлтарақ контуры мен қиылысқанша созамыз.
Өкшелік бөлікте жазба контурына жан-жағынан 3-3,5мм, ал кронуль бүгілетін жеріне 5-7мм әдіп беріп сызамыз.
