Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алишев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

6 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның инесі

Тесуге кедергісін кеміту үшін, иненің ұшының пішіні сопақ келеді және диаметрі үлкен болады. Жіп ілгектің ойығына /7а сурет/ орналасуы керек, олай болмаған жағдайда, ілгектің күрекшесімен ажыратылып /6.11б сурет/ әлсіреуі мүмкін, ал ол жіптің үзілуіне әкеліп соғады.

7 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның иненің ұшының (а) және жіпті жарықшақтандырып жарудын схемалары

Жіптің диаметрін немесе жуандығын бос күйде және бекіті­летін бөлшектерде өл­шеу өте қиын. Жіп тесікті толтыра оты­рып, өзектің дұрыс геометриялық форманы құрмайды, сондықтан бекіту беріктігіне иненің ұшының формасына байланысты болатын тесіктің форманың маңызы зор. Тігісті бұзуға кедергісі 50 пайызға және материалды созу кезіндегі беріктік шегін 50-70 пайызға кемітетін үшкірлігі жалпақ инелерге қарағанда, үшкірлігі конусты инелер жақсы нәтиже көрсетеді.

Маймен сіңірілген жіптерді былғарыдан жұлуға кедергісі резеңкеден жұлуға кедергісінен шамамен үш есе көп, әрі тұтас ине шаншымда тігісті бұзуға кедергісі ұлтан материалына байланысты.

Ұлтарақ картонды жіп ине шаншымымен тесіп өтуге кедергісі Р созылу кезіндегі материалдың беріктік шегімен байланысты. Екі көрсеткіш арасында мынадай тәуелділік бар: (кореляция коэффициеті r = 0,9 болғанда).

Тәжірибе көрсеткендей тігілмелі әдісімен бекітілген аяқкиімдерде жіп ұлтан жағынан үзіледі, аяқкиімді киіп жүру кезінде резеңке тігіс сызығы бойымен қопарылады, ине шаншымның жоғарғы жағының қажаулы кезінде тігістің жұлынуға кедергісі кемиді.

Бұл кемшіліктерді ұлтанның қалдығын арттыру арқылы болдырмау әрекеттері, кейбір жақсы нәтиже берді. Бірақ тігілмелі әдісі тек қана жазғы аяқкиім дайындауға қолданылатындықтан, ұлтанның қалыңдығын арттыру үнемсіз, себебі аяқкиім үсті ұлтаннан бұрын тозады.

Тігілмелі әдісінің кемшілігі – аяқкиімді киіп жүрудің екінші кезеңінде, тігістің сыртқы жағы қажалғанда, тігістің жұлыну кедерісі төмендеуімен түсіндіріледі. Бір жіпті сырттай өрілген ине шаншымның тұзағы ұлтанның сыртқы бетінде жатыр. Ол тұзақ шоғыр бөлігінде қайта-қайта иілу кезінде 16 пайызға дейін созылады. Зығыр жіптердің максимал созылуы 3-4 пайыз болғандықтан, олар ұлтанның иілуіне қарсы тұра алады және жоғары жүкті қабылдай алады. Егер жіптердің беріктігі аз болса, олар үзіледі, Ал егер беріктік жеткілікті болса, онда тұзақтар ұлтанға керу және бір тұзақтың басқа бір тұзақты керу нәтижесінде созылады. Жіптер көбінесе ұлтанның жүк көп түсетін шоғыр бөлігінде үзіледі. Жіп пен тесік бетінің ұстасуының әлсіз болуы, ине диаметрінің үлкен болуына және ине шаншымның вертикаль бөлігіндегі жіптердің өрілмеуіне байланысты болады.

Бұл бекіту әдісінде табаннан бөлінетін тердің жіпке тигізетін әсері қатты байқалады. Жіп ұлтарақтың сыртқы беті арқылы өтетіндіктен мұндай әсер жіппен тікелей қабылданады, басқа әдістерде мұндай байқалмайды. Себебі, зығыр жіптерінің терге қарама қарсылығы аз екені бізге белгілі. Ол үшін жіптерді іруге қарсы ерітінділермен сіңіру керек. Ол үшін кәдімгі қайнатпа жеткіліксіз.

Сонымен қатар, бұл әдістің тағы бір кемшілігі: ине шаншымының конструкциясы мен машинаның жұмысына тәуелді болатын әлсіз керу. Қазіргі кезде иненің жүрісін, материалдың қалыңдығының өзгеруіне байланысты тұзақтың шамасын автоматты түрде өзгертуге болады. Бірақ, жіп пен иненің арасындағы үйкелістің көп болуынан, материалдың қысып тартылуын жоғарлатуға болмайды.

Тігістің әлсіз керілуінен, ұлтан мен ұлтарақтың арасында шамалы жылжу болғанның өзін де қайта иілу әсерінен жіптер тез үйкеліп тозады деп табылған. Тігістің жеткілікті мықты керілу кезінде бөлшектердің жылжуы толық жойылады, соның нәтижесінде қайта иілуден тігіс бұзылмайды.

Қазіргі кезде тігілмелі әдісі басқа сенімділеу, тиімді әдістермен алмастырған.

Ұлтандарды машинамен сыртқы тігіс пен бекіту өткен ғасырдың басында, доппель машина ойлап шығарылғанда пайда болды. Ұлтанды, ішкі өрілген екі жіпті тігіспен сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне немесе сыздыққа бекітеді.

Екі жіпті тігістің беріктігі бір жіпті тігістің беріктігіне қарағанда жоғары. Екі жіпті тігістің сыртқы үзбесі бір жіпті тігісімен салыстырғанда аз күш астында болып терең керілгендіктен және материалдың ішінде өрілуден жіпті түйреуішінің үзілуге қарсы кедергісі жоғары болады.

Аяқкиім астын бекітудің ең кең тараған әдістері: сыздықты, парко, сандалды және доппельді /жартылай сандалды/.

Басқа әдістер мен салыстырғанда едәуір күрделі, еңбек сиымдылығы жоғары, ұлтан және ұлтарық материалдарының шығыны көп болатынына қарамастын сыздықты әріс кең қолданылады.

Бұл аяқкиімнің ұтымды конструктивтік шешімімен, үлкен беріктіктің жоғарғы иімділікпен үйлесуі мен, жақсы гигиеналық қасиеттермен, аз жылу өткізгіштікпен, әсем сыртқы түрімен және т.б. түсіндіріледі. Сыздық аяқкиім үстінің дайындамасына және ұлтарақтың ерніне бір мезгілде, бір жіпті тігіспен, сыздық–тігіс машинасында бекітіледі.

Сыздықты тігілмелі әдісі, сыздықтың аяқкиім үстінің дайындамасы мен ұлтараққа бір тігіспен, тігілмелі машинасында тігілуімен, сыздықты әдістен өзгешеленеді.

Сыздықты-топсалы әдіс бойынша сыздық дайындама немесе ұлтараққа топсалар арқылы бекітіледі. Топсалар ұлтарақты тесіп өтіп, қалыптың металл пластинкасына соғысып, майысады.

Парко және сыртқы қалыптау тәсілді сыздықты әдістері бойынша сыздық тек қана аяқкиім үстінің дайындамасына тігін машинасында бекітіледі.

Ішкі қалыптау тәсілді (ысырмалы қалыппен) сыздықты әдіспен бекіту кезінде сыздықты аяқкиім үстінің дайындамасы және мата ұлтарақ пен бекітеді (6.8,е сур. қара) немесе қалыптаудаң кейін.

Бұл әдістердің сыздықты әдісіне қарағанда артықшылықтарына: ұлтан және сыздықты бекітуге қажетті аяқкиім ізін дайындаудың және ұлтарақты өңдеудің бір қатар операцияларының қажет болмауының нәтижесінде еңбек сиымдылығының төмен болуы, сонымен қатар материал сиымдылығына аз болуы жатады. Бірақ осы әдістермен өңделген аяқкиімдердің пайдаланыстық қажеттері сыздықты әдісті аяқкиімдікінен төмен. Осыған орай, бұл ұстастыру әдістерді аз қолданады.

Сандал бекіту әдісі бойынша ұлтанды аяқкиім үстінің дайындамасының сыртқа қайырылған керме жиегінің контурының бойына бекітеді.

Бекіту беріктігі жоғары болу үшін, керме жиегіне ұлтанды бекіту кезінде бір мезгілде жапсырма сыздықты қойып тігеді.

Доппельді бекіту әдісі, қаптап-керу мен қалыптау кезінде, сыртқа қайырылған керме жиегіне контур бойымен ұлтанды бекітеді, өкше бөлігін есептемегенде. Ал ішкі қалыптаудың доппельді бекіту әдісі бойынша ұлтанды дайындамасынын керме жиегі мен қосұлтанға контур бойымен бекітеді.

Сандал әдісіндегідей, бекіту беріктігін жоғарлату үшін, бір мезгілде ұлтанды бекітеді және аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне жапсырма сыздықты қойып тігеді.

Сандал және доппельді бекіту әдістерін негізінен балалар және көктем-жаздық жеңіл аяқкиімдерін жасауда қолданады. Мұндай аяқкиімдер жеңіл, иілгіш және жақсы гигиеналық қасиеттерімен басқа жіппен тігу әдістерінің аяқкиімдерінен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]