- •4 Сурет Жіптің ұстастыру әдістердің схемалары
- •5 Сурет Ұлтанды тігестін машинаның орындаушы құралдары
- •6 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның инесі
- •7 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның иненің ұшының (а) және жіпті жарықшақтандырып жарудын схемалары
- •2 Үлгінің конструктивтік сипаттамасы
- •2.1.Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
- •2.2.Туфлидің қатаң шолақ ұлтарағын жобалау
- •2.3.Туфлидің ұлтанын жобалау
- •2.4.Салмалы ұлтарақты жобалау
- •2.5. Қатаң өкше және тұмсық сірілерін жобалау
5 Сурет Ұлтанды тігестін машинаның орындаушы құралдары
Маймен жақсы сіңірілген жіп түйреуішінің былғары ұлтаннан жылуға кедергісі маймен сіңірілмеген жіп түйреуішінің жұлуға кедергісі мен салыстырғанда 2-3 есе артады.
Капрон жіптерін сіңіру үшін, АК60/40 3 пайызды полиамид ерітіндісін қолданған жөн. Резеңке ұлтандарын бекіткен жіпті осылай сіңіру жақсы нәтиже бермейді. Бұл жағдайда, жіпті резеңкемен жақсы желімдеуді қамтамасыз ететін заттар қолданады, бұл да қатаңдағы аз резеңкеден жіпті жұлудың кедергісін арттырмайды.
Тігілмелі әдісі. Ұлтанды аяқкиім үстіне бір ине шаншыммен машиналы тәсілмен материал бетінде тұзақ құрып бекіту өнеркәсіпте өткен ғасырдың соңында-ақ кең өріс алды /.
Тігін машинасының инесі 2 /5 сурет/ материалды тесіп мүйіз (рог) 1 тесігіне кіреді, ал жіп лақтырғыш 5 жіпті иненің ілгішіне іледі. Жоғары көтеріле отырып, ине материалдан шығып, өзімен бірге жіпті 6 алып кетеді. Тасымалдыуыш 4 өңделетін аяқкиімді ине шаншым шамасына жылжытады. Құралған тұзақ, жіп лақтырғышпен 3 ұсталып тұрып, материал бетінде жатады. Бірінші тұзақтан өтіп барып, ине материалды екінші рет теседі, жіп лақтырғыш оған жіп лақтырады. Ине қайтадан көтеріліп және материалдан шығып, материалдан және алдыңғы тұзақтан жаңа тұзақ құрайды.
Аяқкиім астының бөлшектерін бекіту үшін зығыр және капрон жіптер қолданылады /3 кесте/. Зығыр жібін тер және қоршаған ортаның гигротермиялық әсерінен шіріп кетпеуі үшін және де жіптерді материалдағы тесік бетімен ұстасуын /адгезиясын/ арттыру үшін, оларды машиналық маймен пластификацияланған кристалданбайтын канифольды түріндегі шайырмен сіңіреді. Канифольдің кішігірім сабындалуы үшін, оған натр қосады. Шайырдын балқу температурасы 65-70 С-тен кем болмауы керек.
3 кесте.Иненің нөміріне байланысты жіптерді таңдау.
-
Иненің нөмірі.
Жіп материалы
Зығыр
Капрон
240,260
268,284
292,300
9,5/5
9,5/7,9,5/8
9,5/8
1,8
1,3
-
Машинаның мүйізімен өтер алдында жіп электр қоздырғышпен балқылатын шайыр арқылы керіледі. Мүйіздің де электр қыздырғыштары бар, олар жіптегі шайыр қатып камас үшін, тұрақты температураны ұстап тұрады.
Шайырмен сіңіру жіптің тігістен жұлыну кедергісін 30-50 пайызға арттырады. Шайыр қызып кетпеуі қажет /қайнап көпіршіктенбеуі керек/, өйткені 70 0С тен аяқкиім үстінің температурада тез ұшқыш заттар жойылып кетеді, бұл оның былғарыға адгезиясын кемітеді, тұтқырлығын арттырып, жіптің жылжуын қиындатады.
Жіпті шайырмен былғары ұлтанды бекіту үшін ғана емес, сонымен қатар резеңкелі ұлтанды бекіту үшін сіңіреді, бірақ сонда да екінші жағдайда сіңіру эффектісі біріншімен салыстырғанда төмен.
Тігін машинасында 4, 0892-20-240 … 0892-20-300 типті инелер қолданылады /6.10 суретте/. Ілгек тұрақты пішінді, бірақ иненің нөміріне байланысты түрлі өлшемдері болады. Жіптің үйкелуін кеміту үшін, иненің көзі жақсы жылтырауы тиіс. Тігін машинасының инесі бекітілетін материалдарды тесу және тесік арқылы жіпті өткізу, оны ине шаншым құру үшін, жіберу кездерінде үлкен кедергілерден өтеді.
