- •4 Сурет Жіптің ұстастыру әдістердің схемалары
- •5 Сурет Ұлтанды тігестін машинаның орындаушы құралдары
- •6 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның инесі
- •7 Сурет. Ұлтанды тігетін машинаның иненің ұшының (а) және жіпті жарықшақтандырып жарудын схемалары
- •2 Үлгінің конструктивтік сипаттамасы
- •2.1.Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
- •2.2.Туфлидің қатаң шолақ ұлтарағын жобалау
- •2.3.Туфлидің ұлтанын жобалау
- •2.4.Салмалы ұлтарақты жобалау
- •2.5. Қатаң өкше және тұмсық сірілерін жобалау
Мазмұны
бет
|
Кіріспе |
2 |
1 |
Аяқ киімнің конструктівтік ерікшеліктері |
4 |
1.1 |
Аяқ киім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
|
5 |
2 |
Үлгінің конструктивтік сипаттамасы |
12 |
2.1 |
Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
|
12 |
2.2 |
Туфлидің қатаң шолақ ұлтарағын жобалау |
13 |
2.3 |
Туфлидің ұлтанын жобалау |
13 |
2.4 |
Салмалы ұлтарақты жобалау |
14 |
2.5 |
Қатаң өкше және тұмсық сірілерін жобалау |
15 |
2.6 |
Қалыпталған өкшенің қаптамасын жобалау |
15 |
2.7 |
Төсеніш контурын жобалау |
16 |
2.8 |
Табанорта сынасының орнын жобалау |
16 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
17 |
Кіріспе
Азамат соғысы жылдарында аяқ киімнің фабрикалық түрде жасалуы айтарлықтай азайды. 10000 адамға (армия мен флотты .санамағанда) жыл сайын 129 пар аяқ киім келді. 1921-1922 ж.ж. неғұрлым ipi аяқ киім кәсіпорындары шаруашылық есепте жұмыс істейтін трестерге бірікті.Ал ipi трестер былғары синдикатына қосылды. Сол жылдардағы аяқ киім ассортименті етік, қысқа қонышты етік, резеңке табанды бүтіндей пішілген әйел башмақтары, бәтеңке, жартылай бәтеңке, туфли және сандалий құрады. Матадан (желкенді) да аяқ киім тігілді. Фабрикалар ұстастыру жолдары әртүрлі винттік,(60 %-ке жуық), ағаш сыналы және жіппен (сыздықты және тігілмелі) тігілген аяқ киім дайындады. Төменде аяқ киімді ұстастырудың қай әдістepi қай жылы жасалғаның көруге болады.
Жасалған
жылы
Виттік
Ағаш
сыналы
Тігілмелі
Сыздықты
Желімді
Доппелді
Ыстықтай
жабыстыру
Қайыма-желімді
Құйма
Опанкалы(опанка-ыстықтай
жабыстыру, опанка-желімді, опанка-тігілмелі)
1813
1833 1861
1887
1910 1937 1938
1946 1965
1968
Алғашқы бесжылдықдарда (1929—1941) аяқ киім өнеркәсібі қауырт дамыды. Өнеркәсіптің өсуімен қатар ғылыми және оқу базасы дамып, нығая түсті. 1928 жылы Орталық былғары-аяқ киім өнеркәci6i ғылыми-зерттеу институты (БӨОҒЗИ), 1930 жылы Украин былғары-аяқ киім өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (УБӨҒЗИ) ұйымдастырылды. Дәл сол 1930 жылы Москва мен Киевте жеңіл өнеркәсіп технологиясы институты және еліміздің басқа қалаларында бес техникум ашылды.
Сол жылдары елімізде жаңа өнеркәсіп саласы — жасанды былғары және пленкалы материалдар өнеркәсібі ұйымдасты. 1939 жылы Орталық былғары алмастырғыштар ғылыми-зерттеу нституты (қазір Бүкілодақтық пленкалы материалдар және жасанды былғары ғылыми-зерттеу институты—ВНИИПИК) ашылды.
Елімізде аяқ киім пішy жөніндегі ғылым 30-жылдары барынша дамыды. Онын негізін антропологтармен, ортопедтермен, физиологтармен т.б. қоян-қолтық жұмыс істеген аяқкиім өнеркәсібінің ғалымдары мен мамандары калады. 1936 жылы БӨОҒЗИ бip топ ғалымдары (Ю.П.Зыбин, Б.П.Хохлов, X.X.Лиокумович) аяқ киімнің жоғарғы бөлігін пішудің табанды жаппай өлшеу деректерінде негізделген принциптік жаңа жүйесін жасады. Бұл жүйе бұрынғыларға қарағанда жобаны ғылыми есептеулер негізінде жасауды қарастырып, әртүрлі пішінді аяқ киім жасауға пайдаланылды. Сапасы жоғары және сыртқы пішінi әдемі аяқ киімді өндірістік тұрғыда шығару, аяқ киім үлгілері үйін ұйымдастыруды қажет етті. 1953 жылы Орталық (қазір Бүкілодақтық) аяқ киім үлгілері үйі (БОСҮ), ал 1958 жылы Киевте Республикалық аяқ киім үлгілері үйі ашылды. Жетіжылдық жоспар (1959-65) кезінде аяқ киім өнеркәсібі айтарлықтай дамыды.1960 жылдан бастап еліміздің аяқ киім кәсіпорындарында полимерлер кеңінен қолданыла бастады, капрон жіптер, өкшелер, нәлдер, термопластикалық артқы cipілep мен ішкі ұлтан, резеңкеден, капроннан және поливинилхлоридтен жасалған профилактикалық ұлтандар пайда болды.
Аяқ киім конструктівтіқ ерекшіліктері
Сандал дайындамалары тұтас жұлықты және тұтас өкшелікті (өкше жағы тіліксіз) және тұрқы белдікті болады. Сандал дайындамаларының негізгі құрылымдарына жататындар: пішінді жұлықты (1 а сурет), бойлық және тұрқы белдікті (1 б сурет). Сандалдарды табанға тұрқы белдіктердің және айылбас көмегімен бекітеді. Аяқ киімнің үстінің дайындамалары конструкцияларын сән бағытына қарай, тұтынушылардың жасы мен жыныс топтарына қарай және дайындамаларды өндіріс технологияларына сәйкес өңдейді. Аяқ киім пішіні қалып фасонына тікелей байланысты. Ол сәннің әсерінен өзгерістерге жиі ұшырап отырады. Аяқ киімнің пішініне сонымен қатар, дайындама конструкциялары әсерін тигізеді. Сәннің ықпалымен аяқ киімнің үстінің композициясы да өзгереді. Әр түрлі әшекейлерді қолдану аяқ киімнің өзгертпестен сәнді аяқ киім жасауға болады. Әшекей ретінде конструкцияның бөлігі болып саналатын тілшіктер, күлтелер, қаптау бөлшектері бизиктер, сыдырма құлыптар, айылбастар, бастырмалар, түймелер, баутесіктер және т.б. қолданылады. Сонымен қатар, аяқ киімнің үстінің сыртқы бөлшектеріне салынатын перфорациялар, тігістер, өрнек салу кестелер, аппликациялар және т.б. қолданылады. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларына қойылатын талаптар таңдалған материалдарға да байланысты болады. Материал таңдауға олардың технологиялық қасиеттері ықпал етеді: жіппен, желіммен, балқыту-желімдеу арқлы бекітілуі қабілеті, қалыптану және т.б. Аяқ киімнің үстінің дайыдамаларына пайдаланытын материалдардың, аяқ киімнің ішкі жағында оңтайлы микроклиматты қамтамасыз ететін гигиеналық қасиеттері болуы тиіс.
1 сурет Сандалийлердің конструкциялары
Доппельдік әдіс. Ұлтанды өкше бөлігіне дейін сандалды әдістегідей бекиді. Ерекшелігіне астар керме жиегін ұлтараққа бекіту жатады. (2сурет). Ұлтандың өкше бөлігін шегелермен доппель машинада ұстастырады. (2 сурет). Сондықтан доппельді әдіс деп аталынып кеткен.
2 сурет. Доппельдіқ үстастыру әдісі
1-дайындама; 2-ұлтарақ; 3-төсеніш; 4-ұлтан; 5-аста; 8-жіптік жік; 10-жіптіқ жік; 12-бастырма сыздық
1.1 Аяқ киім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
Жіппен бекіту әдістерін ұлтандары былғарыдан және резенкеден болатын күнделікті, өндірістік және спорттық аяқкиімдерді тігу үшін қолданады. Ұлтанды аяқкиім үстіне сыртқы өрілудің /3а сурет/ бір жіпті тігісімен немесе ішкі өрілудің екі жіпті тігісімен машиналарда бекітеді /3 сурет/.
3 сурет. Тігістер түрлері
Ішкі бекіту әдісіне жататын тігілмелі әдісімен бекітілген аяқкиімде керме жиегі ұлтан мен ұлтарақ арасына орналасады. Сыздық, сандал, доппель және Парко әдістерімен бекітілген аяқкиімде тігіс сыртында орналасады. Ұлтанды аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе ұлтараққа және аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе керме жиегі сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасымен бекітеді /4 сурет/. Әрі мұндағы сыздық және керме жиегі бойынша жүргізілген тігіс аяқкиімге сән беріп тұрады.
Жіпппен бекіту әдісі металл бекіткіштер санын және аяқкиім массасын кемітуге, иілгішті арттыруға мүмкіндік береді. Ұлтанды жоғары аяқкиім үстініне жіппен бекіту үшін, зығыр және капрон жіптерін қолданады, олардың физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері 4 кестесінде келтірілген.
4 Сурет Жіптің ұстастыру әдістердің схемалары
1 кесте.Жіптердің физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері
-
Жіптердің нөмірі
Жіптердің метрлік нөмірі
Жіптердің орташа диаметрі, мм
Үзілу күші, Н
Зығыр жіптері
9,5/5
7,5/4
9,5/6
7,5/5
9,5/7
7,5/6
9,5/8
7,5/7
2,00
1,65
1,43
-
1,25
-
1,05
1,15
1,24
1,28
1,32
1,38
130
155
180
188
205
220
Капрон жіптері
34/5,3
34/6,3
34/6,4
2,0
1,8
1,3
0,87
1,04
1,07
200
240
320
* Жіптің нөмірі немесе құрылысы деп аталатын атау бастапқы иірілімінің метрлік нөмірінен /1 цифр/, өрілген жіптер санынан /екінші цифр / және келесі өрілу жіптері санынан /үшінші цифр / тұрады капрон жіптері үшін.
Метрлік нөмірмен 1 грамдағы жіптердің метрлер санын көрсетеді.
Келтірілген мәліметтерден диаметрлері бірдей болғанымен капрон жіптері зығыр жіптерінен екі есе мықтырақ екені көрінеді. Мұның маңызы зор, өйткені аяқ киімді тұтынудың бірінші сатысында /ине шаншып үзбелері бұзылмай тұрып/ былғары ұлтан жіптердің сөгілуінен ғана жұлынады. Капрон жіптер көп дүркін механикалық әрекеттерге /иілуге, созылуға, қажалуға/, ылғал, қышқыл, сілтілер, майлар мен микроорганизмдердің әсерлеріне төзімді, аязға, ыстыққа /-70…+160 0С температурада/ төзімді, тігістің жақсы орнығуын қамтамасыз етеді. Қатаңдығы Шор бойынша 90-95 болатын монолитті ұлтанды жіппен бекіту беріктігі былғары ұлтанды бекіту, беріктігінен төмен. Әрі бұл кезде бекіту қирауы жіптерінің үзілуінен емес, ұлтанды жіппен тесіп бұзып өтуінен орын алады. Резенке ұлтаннан жіп түйреуішінің (шпилькасының) яғни бұзылған ине жұлынуға шаншымның кедергісі бұзылмаған ине шаншымының жұлынуға кедергісімен салыстырғанда кемиді. Жіп түйреуішінің жұлынуға кедергісі төмен әсіресе тығыздығы аз саңылаулы ұлтандарда /2 кесте/.
2 кесте.Түрлі сіңірмесі бар жіп түйреуішінің тығыздығы әртүрлі резеңкеден жұлынуға кедергісі, Н/мм.
-
№
Сіңірме құрамы
Резеңке тығыздығы, г/см
1,2
0,9
0,6
1
Канифоль майы
11
6
5
2
Полистирольдың 10 пайыздық канифольмен қоспасы
13
8
7
3
Поливинилацетатаның 10 пайыздық канифольмен қоспасы
13
8
7
2 кестеден жіп түйреуішінің жұлуға кедергісіне жіп сіңірмесі әсер ететінін байқаймыз. Былғары ұлтаннан жұлу кедергісіне жіпті түрлі шайырлармен және түрлі тәсілдермен сіңірудің әсері зерттеліп, жіпті канифоль және машина майынан тұратын шайырмен сіңіру әдісі шығарылған.
