- •65. Геоақпараттық картографияның мүмкіншіліктерін географиялық зерттеулерде пайдалану
- •66. Диссертация тақырыбының өзектілігін негіздеу, мақсатын, міндеттерін анықтау
- •67. Ғылыми ақпарат іздестіру бағдарламалары
- •68.Эксперимент, маңызды ерекшеліктері және түрлері
- •69.Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және жариялау
- •70.Жоба концепциясын негіздеу
- •71.Қазақстандағы географиялық зерттеулердің басты бағыттары
- •72. Географиядағы арнайы зерттеу әдістерін зерттеу саласы бойынша қолдану мүмкіндіктері
68.Эксперимент, маңызды ерекшеліктері және түрлері
Эксперимент (латынша «experimentum» - сынама, тәжірибе деген мағына береді) – белгілі бір құбылысты, объектіні басқарылатын жағдайларда зерттеу әдісі. Ғылыми экспериментті екі мағынада түсінуге болады: біріншіден, жаңа білімдерді қалыптастыру құралы ретінде іргелі ғылымдардың таным әдісі ретінде, екіншіден, алдыңғы қатарлы ғылыми идеяны, бағдарламаны сынамалау үшін, яғни қоршаған ортадағы жағдайды өзгертуге бағытталған қолданбалы ғылымдардың тәсілі ретінде. Эксперимент жүргізу мүмкіндігі Поппердің критерий бойынша ғылыми теорияның жалған теориядан басты айырмашылығының бірі болып табылады. 1935 ж австриялық философ Карл Поппер ұсынған эмпирикалық теорияның ғылымилығы туралы критерийдің мәнісі мынадай: теория эксперимент жасау арқылы теріске шығару мүмкіндігі болса ғана ол ғылыми болып табылады.
Ғылыми эксперименттің байқаудан басты айырмашылығы – зерттелетін объектімен, тікелей белсенді өзара әрекеттесуі. Екінші айырмашылығы – экспериментте тек қана сипаттаушы ақпаратты ғана алмайды, байланыстар, қатынастар, процестерге түсіндірме беріледі.
Эксперименттің тағы да басқа маңызды ерекшеліктеріне жататындар:
Зерттеуші зерттелетін құбылыстың қашан болатынын күтпей-ақ, әрқашан өзі жүзеге асыра алады, яғни кез келген уақытта жаңғырта алатындығы.
Эксперимент белгілі бір жағдайларда көп рет жаңғыртыла алады және жағдайлар өзгеріссіз қалса, ұқсас нәтижелер беріледі.
Экспериментте зерттелетін процестің өту жағдайларын өзгертуге болады
Экспериментте заңдылығы бар байланыстарды (тәуелділіктерді) анықтау үшін кейбір жағдайларды біртіндеп алып тастап, байқауға болады
Эксперимент жағдайлардың сандық арақатынасын өзгерте отырып, деректерді математикалық өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, эксперимент ғылыми зерттеулер шеңберінде жүргізіледі және гипотезаны тексеру үшін және феномендер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатын көздейді. Эксперимент ғылыми білімге қатысты эмпирикалық ұстанымның негізі болып табылады. Өйткені жаратылыстану ғылымдары тұрғысында таным құрылымдық жағынан эмпирикалық және теориялық зерттеулерді қамтиды. Сонымен, эмпирикалық бағыттағы эксперимент – ғылыми тұрғыда қойылған тәжірибе, мұнда зерттеу объектісі жасанды түрде жаңғыртылады немесе дәл есептелген жағдайларға қойылады.
Эксперименттің әдіс ретіндегі жалпы логикасын XIX ғ өмір сүрген ағылшын философы Джон Стюарт Милль негіздеп берген: ол индуктивті тұжырымның бірнеше логикалық сызбаларын анықтады. Олардың бірі – айырмашылық әдісі, оны Милль «бір айнымалының ережесі» деп атаған. Мысалы, екі объект бірдей болғанымен, олардың қоршаған ортаға әркелкі реакция беретін болса, осы айырмашылықтың өзі олардың бір айнымалы негізінде әртүрлі болуына негіз болады.
ХХ ғасырдың басына дейін жаратылыстану ғылымдарындағы ғылыми эксперимент бірфакторлы эксперимент әдіснамасына бағдарланып келді, яғни зерттелетін параметрлер арсындағы бақыланатын айнымалы және функциялы тәуелділіктер қатаң тіркеліп келді.
Қазіргі кезде әдіснамалық жағынан экспериментті 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Зерттеу объектісі туралы теориялық ұғымның қалыптасуы;
Айнымалылар арасындағы байланыстардың бар екендігі, сипаты және бағыттары туралы гипотезаның қалыптасуы;
Айнымалыларды тәуелді және тәуелсіз деп жіктеу.
Эксперимент айнымалылары дегеніміз – зерттелетін объектінің жағдайына тікелей немесе жанама ықпал ететін бақылаудағы немесе бақылаусыз факторлар. Басты айнымалылар – тәуелді және тәуелсіз айнымалылар. Эксперименттік айнымалыларды бөліп көрсету – объектіні алдын ала теориялық талдаудың нәтижесі. Бұдан соң эксперименттің әдістемелік бөлігі басталады. Зерттеу мақсаты мен бағдарламасы дайындалғаннан соң салыстырмалы екі топты – эксперименттік және байқау тобын құрады.
Зерттеуші экспериментте табиғатта жоқ жағдайды орнатады, осы арқылы құбылыстың мәнін түсінуге қажетті кездейсоқ белгілерді, нәтижелерді бұрмалайтын факторларды алып тастайды. Ал кез келген құбылыстың мәні – жалпыға ортақ, заңдылыққа сәйкес және қажетті болып табылады. Барлық ғылымдардағы эксперименттің қабілеті – жүрдек көлікпен қаншама тәуліктер бойы жете алмайтын аумаққа жылдам жеткізгені сияқты болады. ал мұндай «жүрдек көлікті» жасау өте қымбатқа түседі. Яғни ғылыми эксперимент те ең қымбат тұратын ғылыми әдіс. Сонымен қатар, ең тиімді әдіс. Адамзатқа ең көп пайда әкеліп жатқан ғылым салалары да – эксперименттер көп жасалатын ғылымдар (физика, биотехнология, химия және т.б.). Бұл салаларға орасан зор қаржы құйылуда.
Күнделікті өмірде біз «эксперимент» деп атайтын жаңалықтарды енгізу тәжірибесінен ғылыми эксперименттің айырмашылығы – мұнда зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі негізделіп, гипотезалар ұсынылады, түсініктер нақтыланып, гипотезаны тексеретін әдістемелік тәсілдер ұсынылады. Осы тұрғыдан алсақ, ғылыми эксперимент дегеніміз – зерттеу стратегиясы, мұнда құбылыстың белгілі бір сипаттамаларын біртіндеп өзгерткен жағдайда, екінші бір сипаттамалары қалай өзгеретіндігіне мақсатты түрде байқау жүргізіледі.
Эксперименттің түрлері:
Шынайы және квазиэксперименттер
Табиғи эксперименттер
Далалық эксперименттер
Лабораториялық эксперименттер
Көпфакторлы және бірфакторлық эксперименттер
Үлгілік және ойша эксперименттер
Параллель және сабақтас эксперименттер
Нақты өмірді «жақсартатын» және «дубликация жасайтын» эксперименттер
Пилоттық эксперименттер
Эксперимент өтетін жағдайларға байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
Лабораториялық эксперимент, арнайы жасалған жағдайларда зерттеу объектісінің қасиеттерін үлгілеу. Бұл арнайы жабдықтауды қажет етеді, кемшілігі – лаборатория жағдайында табиғи жағдайды толығымен қалпына келтіруге болмайды, тек оның кейбір фрагменттерін үлгілеуге болады
Далалық эксперимент, ол зерттелетін құбылыс үшін табиғи жағдайларда жүргізіледі.
Эксперимент жағдайы – эксперимент жүргізілетін жағдайлардың жиынтығы. Ол жағдайлар далалық және лаораториялық болуы мүмкін. Эксперимент кезінде айрықша жағдайды жасауға болады, осы арқылы белгілі бір құбылыс туралы аса құнды деректер алынады. Эксперимент объектісі – зерттелетін процесс, құбылыс, объект, оларды екі топқа бөледі (эксперименттік және байқау топтары. Осы екі топты салыстыру арқылы айырмасын табады және осының өзі күтілген өзгерістер болған-болмағандығын көрсетеді.
Экспериментті пайдалану саласы – зерттеу гипотезаларының дәлелі. Эксперименттің қолданылуының өзіндік шектеулері бар: ол бұрыннан бар білімнің негізінде айнымалылардың құрылымын бөліп алуға болатын, эксперименттік факторды енгізуге болатын, объектіде болып жатқан өзгерістерді байқау және өлшеу мүмкіндіктері бар жағдайда өткізіле алады.
