Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

отбасы педагогикасы

.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
25.13 Кб
Скачать

Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы– бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы– туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы– ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»– дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Педагогикалық ойдың даму тарихында отбасы мәселелері Батыс және Шығыс елдері философтары, әлеуметтанушылары, педагогтары, психологтары және т.б. ғалымдардың зерттеу нысаны болды. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу– ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару- әр қоғамның көкейіндегі басты арманы. Ал баланың негізгі білім мен тәрбиенің қайнарын әуелі отбасынан, мектептен, одан соң белгілі бір оқу орындарынан алатыны баршаға мәлім. Сол сияқты жастарды отбасы өміріне даярлау да өмір баспалдағына байланысты, оларға мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен– ақ «отбасы» деген тақырыпта әңгіме құрып, әр затты өз уақытында түсіндіріп, олардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыпты күрделендіре түсіріп, ұғындырып, санасына құйып отырған жөн.Бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына, ондағы қалыптасқан әдеттер мен дағдыларға, ата- аналардың өзара жасайтын қарым-қатынасына, ондағы адамдардың кәсібі мен қызметіне т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбие әдістері де түрленіп отыруы қажет. Тәрбиенің белгілі бір әдісін баланың өскен ортасына, алған тәрбиелік бағытына, жас ерекшелігіне, сыныбына, тағы басқа артықшылықтарына қарай кейбір балаға қолданғанда ойдағыдай нәтиже берсе, екінші бір жағдайда нәтиже бермеуі де мүмкін.Көптеген отбасында қазір бала тәрбиелеу күннен- күнге қиындап бара жатыр деген пікір бар. Ол пікірді әр адам әртүрлі қабылдайды, біреуі заман өзгерді десе, тағы бірі адам өзгеріп барады дейді. Бірақ біз бір затты ескеруіміз керек, отбасында бес бала болса, оларға бірдей тәрбие берілсе де балалар әртүрлі болып өседі. Себебі, әр адамның қабылдауы әр түрлі .

Республикамыздың президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан- 2030», «Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерін– біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін саралайтын әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз»,- деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикамыздағы отбасылардың алдында қомақты міндеттер жүктейді. Ата- аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесіне, материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым –қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады.Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас .

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастар «қызықты» әсерді іздеушілер өсіп шығады.Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайда қалдырады.Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер, іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі.Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойына да тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.Міне қазіргі отбасының осындай ерекшеліктері баланың әлеуметтану үрдісін де күрделендіре түсіреді.Баланың әлеуметтік қалыптасуы ерте балалық шақтан (Мэри Эйнверт және Джон Болби) бастау алады:

        қоршаған ортаға бейімделу және оған деген қызығушылық (дүниеге келгеннен үш айға дейін);

        сүйіспеншілік сезімнің дамуы (екіден жеті ай аралығында);

        потенциалды қарым–қатынасының дамуы (үш пен он ай аралығы);

        «Мен» тұрақты сезімнің пайда болуы (тоғыз бен он сегіз аралығы);

        эмоционалды қиялының пайда болуы (он сегіз бен отыз алты жас аралығында);

        эмоционалды пайымдаудың көрініс табуы (отыз бен қырық сегіз жас аралығы);

Сонымен қатар әлеуметтік педагогикада адам әлеуметтенуіне күшті ықпал ететін биогенді және социогенді бағыттар айқындалған.

Биогенді бағытты жақтайтындар жеке тұлғаның дамуы тұқымқуалаушылыққа тәуелді деп есептейді.Олардың айтуынша, нақ осы адамның болашаққа кім болатыны тұқымқуалауға байланысты. Ғылыми тұрғыдан алғанда бұл бағыт жеткілікті түрде негізделмеген .

Ата-аналарының біреуі немесе екеуі де маскүнем не нашақор болса, сондай-ақ психикасында ауытқушылық болса, мұның бәрі сәбидің өсу және даму үрдісінде тежеу факторы ретінде айтарлықтай із қалдыруы мүмкін. Мұндай балалармен жұмыс, айтарлықтай деңгейде олардың әлеуметтік– жағымсыз дамуы мен тәрбиеленуін мүмкіндігінше ескерту және тежеу.Осы бағытта тек қана нақты баламен ғана емес, сонымен қатар оның қоршаған ортасымен, оның ішінде бірінші кезекте ата-анасымен әлеуметтік– педагогикалық профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.Баланың әлеуметтік тәрбиелеу, және дамыту үрдісінде оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін білу керек. Сонымен бірге балаға тән қабілеттердің толық және мақсатты жүзеге асуын қамтамасыз ететін орта жағдайын тиімді ұйымдастыра білу қажет. Бұл ата-аналар мен әлеуметтік педагогтардың, мектеп психологтары мен мұғалімдердің міндеті.Баланың әлеуметтік тәрбиесін жүзеге асыруда мұғалімнің оқушылардың отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс.Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. Міндетті, қажетті деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың ақыл кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады.Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектігін білу де маңызды.Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден бір дұрыс норма– ол бірін– бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиелеу қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Мұндай қатынастың маңыздылығы сол– мұғаліммен ата-аналарда жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Ата– аналардың жұмыс орнына «Үлгерім экраны», «Ашық журнал» сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. Қара тізімге ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата– ана мектептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім, сынып жетекшісі осы жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістерімен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Екінші ереже. Ата– ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білім жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі– ресми тұлға. Ол қызмет аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден жасыратын құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да, ата-аналар қандай болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға тиіс.

Төртінше ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қолданылса, онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндетті шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайда толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын тәрбиелік рецент беретін анықтама деп емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау керек.Ата- ананың нағыз махаббаты- балаға орынды талап қоя отырып, жоғары мақсатқа жеткізетін жақсы көрушілік. Ол мақсат балаларға өздігінен өмір сүріп, еңбек етуді үйретеді. Отбасы мүшелеріндегі үлкендердің балалармен бірігіп әрекеттерінің мәні зор. «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет», «Ережеден өнеге артық», «Сөз шақырады ал үлгі қызықтырады» деген халықтың даналық сөздері үлкен педагогикалық шындықты білдіреді, себебі бұлар- көп жылдар, көп ғасырлар бойы қалыптасқан өмір тәжірибесінің жиынтығы [4].

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады [5].

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Осылайша баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді [6].

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақалы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу. Демек , мұғалім мен тәрбиеші қаумының қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретініде содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн.Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту,ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе,К.Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екеніні еш уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі - ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене ?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни,балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса,жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн .

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж.

2. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. «Дарын» әлеуметтік–гуманитарлық университет 2004ж.

3.  Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

4. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.

5.  Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

6. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс «Парасат әлемі» баспасы 2005ж.