- •Аэрология пәнінің мақсатын айтыңыз
- •Аэрологияда қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз
- •Аэрологиялық станция үшін орын таңдауға түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық станциядағы жұмысты ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Бірпункті шарұшақ бақылауларын ұйымдастыруды сипаттаңыз
- •Түнгі уақытта шарұшақ бақылауларын жүргізуге түсініктеме беріңіз
- •Шарұшақ бақылауларының қателіктерін түсіндіріңіз
- •Шарұшақтың қабықшасы, қабықшаларды толтыруды сипаттаңыз
- •Базистік бақылау әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Базистік бақылау әдістерінде базаның көтерілуіне түсініктеме беріңіз
- •Радиопелинг әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Радиолокация әдісіне түсініктеме беріңіз
- •Аэрологиялық теодолиттерге анықтама беріңіз
- •Шарұшыру әдістері: аналитикалық,графикалық,графо-аналитикалық әдістерді салыстырыңыз
- •Аэрологиялық теодолиттерге қойылатын талаптарды атаңыз
- •Теодолиттерді нивелирлеу және бағдарлауға сипаттама беріңіз
- •17. Теодолиттерді тексеру жұмыстарының жүргізілуін түсіндіріңіз
- •Поляр жұлдызы бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •19. Мира бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз
- •Мира азимутын буссоль бойынша анықтауды түсіндіріңіз
- •Мира азимутын Күн бойынша «тең бұрыштар» әдісімен анықтауды түсіндіріңіз
- •22. Теодолиттерді түнгі уақытта қолдануды сипаттаңыз
- •23.Шарұшақтың вертикалды жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз.
- •24. Шарұшақтың толық және еркін көтерілу күштерін сипаттаңыз.
- •25.Шардың қозғалыс теңдеуін көрсетіңіз және түсіндірме беріңіз.
- •26.Шарұшақ бақылауларының аналитикалық әдісін сипаттаңыз.
- •27.Шарұшақ бақылауларының графикалық әдісін сипаттаңыз.
- •28.Шарұшақ бақылауларының графо-аналитикалық әдісі.
- •30.Жел бақылауларын графиктік өңдеуге арналған планшеттерді суреттеңіз.
- •31.Тіркеу лентасын суреттеңіз.
- •32. Ортаңғы қабат биіктігінде желдің жылдамдығы мен бағытын анықтауға сипаттама беріңіз.
- •33. Жердің түзу еместігіне және радиотолқындардың рефракциясына түзеті енгізуді түсіндіріңіз.
- •34.Молчанов шеңберін суреттеңіз.
- •36.Шарұшақ бақылауларында бақыланатын параметрлерге сипаттама беріңіз.
- •37. Стандартты изобарикалық беткейлер және олардың биіктіктерін анықтаңыз.
- •38. Желдік зондылау мәліметтерін өңдеу тәртібін түсіндіріңіз.
- •39. Ортаңғы қабаттың жер бетінен биіктігі мен теңіз деңгейінен биіктігін анықтау тәсілдерін салыстырыңыз.
- •41. Желдік бақылауларды графикалық өңдеу үшін қолданылатын планшеттерді суреттеңіз.
Бірпункті шарұшақ бақылауларын ұйымдастыруды сипаттаңыз
Ұшақ – шар синтетикалық каучуктан жасалған және оған сутек немесе гелий толтырылған. Бұл газдар ұшақ – шардың көтерілуін қамтамасыз етеді. Мұндай ұшақ – шар еркін ұшуға жіберілгенде жоғары көтеріледі және оған горизонтальды жел әсер етеді. Ұшырылған ұшақтың көлемі үлкен болғанымен оның салмағы өте жеңіл. Күшті жел кезінде ұшақ – шардың орын бұрышы баяу өзгеруі мүмкін. Себебі, жел шардың жоғары көтерілуіне кедергі жасайды. Осы ұшырылған ұшақ – шардың координаттарын өлшеп, оның уақытын белгілеп, жолын анықтауға болады:
Дк – көлденең қашықтық; Дқ – қиғаш қашықтық; Н – ұшақ шардың уақыт белгісімен алынған биіктік; α – азимут; β – орын бұрышы; Dқ = W · t; W – вертикальды жылдамдық; Бұрыштық координаттарды аэрологиялық теодолит деген аса нақты құралмен өлшейді. Ұшақ – шардың биіктігі оның вертикальды биіктігі тұрақтығы деген болжаммен анықталады. Ұшақ – шардың координаттары бірнеше рет анықталуы қажет.
β
С1-Сn – Ұшақ – шардың жүрген жолы;L – алып тастау кескіні.Осы анықталған кескінді азимут мәнін сақтай отырып, мм-лік қағазға түсірсек, онда әр қабаттағы желді анықтау бізге оңай болады. алынған мәліметтер қандай да бір қабаттың ішіндегі жел өзгерісін білдіреді. Сол қабаттың орташа биіктігі мына формуламен анықталады: Н n-1·n= Н n-1+ Нn / 2; Н n-1 және Нn - қандай да бір уақыт аралығындағы биіктік. Шарұшақ бақылаулары ҚазГидрометтің берген жоспар-тапсырмаларына сәйкес уақыттарда жүргізіледі. қолайсыз метеожағдайларда шарұшақ жіберу біршама кейінге шегерілуі мүмкін. Осы ұшырмау себептері КАЭ-3 кітапшасына жазады. Қолайсыз жағдайларға – жауын, төменгі тұман, мұнар, дауыл, т.б. жатады. Негізгі (стандартты) уақыттардағы бақылаулар шардың жарылуына дейін немесе шар бұлтқа кіріп кетуіне дйін жүргізіледі. Ал арнайы тапсырмалар бойынша бақылаулар (аэропортта ұшақтың ұшып-қонуын қамтамасыз ететін) қажет биіктікке жеткеннен соң тоқтатылуы мүмкін. Бақылау жұмыстары біткен соң оны өңдейді, нәтижесін КН-03 кодымен кодтайды және тұтынушыға береді. Ай ішіндегі бақылау мәліметтерін ТАЭ-2 кестесі түрінде біріктіреді. Ол кесте техникалық және критикалық бақылаудан кейін ҚазГидрометтің мұрағатында сақталады және керек кезінде қолданылады. ТАЭ-3 көшірмесі тұтынушыда қалса болады. Шарұшақ бақылаулары кезінде келесі жұмыстар келесі ретпен орындалады: газөндіру, шар қабығын дайындау, шардың вертикальды жылдамдығын анықтау, теодолитті орнату, қысым-температура-ылғалдылық-жел-шар ұшыру алдындағы бұлттылыққа метеолық бақылаулар, шар ұшыру және оны бақылау, мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді соңғы бақылау, КН-03 коды бойынша телеграмма құрастыру, ТАЭ-2 бақылау нәтижелерінің айлық кестесін құру.
Түнгі уақытта шарұшақ бақылауларын жүргізуге түсініктеме беріңіз
Ұшақ – шарды қараңғы кезде бақылау үшін оған арнайы шам байлап қою қажет. Қазіргі кезде айналмалы электронды шамдар қолданылады. Шам белгілі бір формада ақ қағаздан жасалынады. Қағаздың төменгі жағы бүктеліп, қалақ түрінде жасалынады. Бұл бүктелген қағаз бөлігі шағылдырғыш ролін атқарады. Бұндай шам кернеуі 2,3 – 6 В болуы керек. Шам қағаздың сыртқы жағына ілінген батареялардан қуат алады. Шар көтерілгенде ауа ағындары қалақтарға әсер етуі арқылы шамды айналдыра бастайды. Шамның бұл айналуын жер бетінен бақылайтын болсақ, ол оның өшіп – жануы сияқты көрінеді. Шам массасы едәуір үлкен болады. Шамамен 80гр. Сондықтан, оны N30 қабықшасына іледі. Шардың вертикальды жылдамдығын есептеу кезінде шамның салмағын есептеп, еркін көтерілу күшін есептеу қажет. Сонымен қатар, шам ауа ағынына кедергі жасап, қабықшаның жылдамдығын 6%-ға дейін азайтады. Демек, шардың ұшақ – шарға ілінуі кезінде жоғарыда аталған екі түрі де ескерілуі қажет және оның салмағын жүк кқтерімділігінен алып тастау қажет. Сонымен қатар, алынған вертикғальды жылдамдықты 6%-ға кеміту керек. Түнгі уақытта бақылау жүргізу үшін теодолитті де дайындау қажет, яғни есептегіш шкалаларға және бақылау мәліметтерін жазатын кітапшаға жарық түсірілуін қамтамасыз ету қажет.
