Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aero_praktikum_shpor_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.59 Кб
Скачать
  1. Поляр жұлдызы бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз

Ұшақ– шардың бұрыштық координаттарын анықтау үшін арнайы аэрологиялық және ұшақ шарға арналған теодолиттер тағайындалған. Соңғы жылдарда бұл теодолиттер басқа да кейбір аэрологиялық объектілердің координаттарын анықтау, РЛС – ке қорытынды және салыстырмалы бақылаулар жүргізу, желдік – температуралық зондылаулар, РЛС – ті бағдарлау және т.б жұмыстар үшін қолданылады. Мұнымен байланысты, аэрологиялық теодолиттер айтарлықтай қолданыстарға ие.

Теодолитті бағдарлаудың 3 негізгі амалы бар:

) магниттік стрелка бойынша;

2) мира бойынша;

3) полярлық жұлдыз бойынша;

Полярлық жұлдыз бойынша бағдарлау. Полярық жұлдыз толықтай солтүстік полюсте орналасқан. Оның бұл бағыттан ауытқуы 10 аспайды. Бағдарлаудың бұл түрі мира бойынша бағдарлаумен сәйкес келеді. Горизонтальды шеңбер бойынша азимут мәнін 00 келтіреміз және қысқыш бұранданы босатамыз. Горизонтальды шеңбердің микрометрлік бұрандасын қолданбай, теодолитті Полярлы жұлдызға келтіреміз. Азимут мәнінің 00 екеніне сеніп, қысқыш бұранданы бекітеміз. Осымен бағдарлау аяқталады. Поляр жұлдызы бойынша бағдарлау сирек қолданылады. Бұл әдіс станцияның әлемдік координаттарын анықтауда қолданылады. Бұл жағдайда теодолитті бағыттау кемінде үш рет жасалады. Осы жағдайда қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

19. Мира бойынша теодолитті бағдарлауды сипаттаңыз

Ұшақ– шардың бұрыштық координаттарын анықтау үшін арнайы аэрологиялық және ұшақ шарға арналған теодолиттер тағайындалған. Соңғы жылдарда бұл теодолиттер басқа да кейбір аэрологиялық объектілердің координаттарын анықтау, РЛС – ке қорытынды және салыстырмалы бақылаулар жүргізу, желдік – температуралық зондылаулар, РЛС – ті бағдарлау және т.б жұмыстар үшін қолданылады. Мұнымен байланысты, аэрологиялық теодолиттер айтарлықтай қолданыстарға ие.

Теодолитті бағдарлаудың 3 негізгі амалы бар:

1) магниттік стрелка бойынша;

2) мира бойынша;

3) полярлық жұлдыз бойынша;

Мира бойынша бағдарлау. Мира - бұл аз бұрышты мәнімен, айтарлықтай қашықтықтағы, бірақ көкжиекте жақсы ерекшеленетін, өзіндік сәйкестігі жоқ зат, оның бұрыштық координаттары жақсы белгілі (ең алдымен - азимут). Мира үшін завод мұржасындағы жай тартқыш немесе телевизиялық мачтаның жоғарғы жағы қызмет етеді. Мира бойынша бағдарлау аэрологиялық станцияның стационарлы жағдайында ғана жүзеге асырылады. Мираны таңдап, оның ең алдымен координаттарын анықтаймыз. Сол анықталған координаттар көп жыл қолданылады. оның орын бұрышын білу оның орналасқан жерін білу үшін өте қажетті. Мира бойынша бағдарлау өте қарапайым. Горизонтальды шеңбер бойынша азимут мәнін, ал вертикальды шеңбер бойынша орын бұрышының мәнін анықтаймыз. Қысып тұрған бұранданы босатып, азимут бойынша микрометрлік бұранданы қолданбай, мираға қаратамыз. Оны айқасқан сызықтарға келтіріп, қысқыш бұранданы бектеміз. Мира бойынша бағдарлау осымен аяқталды.

  1. Мира азимутын буссоль бойынша анықтауды түсіндіріңіз

Мира – көкжиекте негізгі фоннан ерекшеленетін зат. Ол келесі талаптарға сай келуі керек:

1) мираның мазмұндық нүктесі антенна визирі көмегімен оңай анықталуы керек;

2) мазмұндық нүктенің визирлану сызығы визир сызығының енімен сәйкес келуі керек.

Станция маңында бірнеше мира таңдап алу керек. олардың бірі-негізгісі, ал қалғандары-қосалқысы болады. мираға деәінгі ара-қашықтық 500м-ден төмен болмау керек. мира азимутын станцияны орнатқанша немесе өзгерткенде анықтау керек. Мира азимутын АТК, ТТ-50 немесе Т-30 теодолиттер көмегімен анықтаған кезде дәлдігі 1' болу керек. Егер мира азимутын станцияны орналастырып болңған соң ғана анықтаса, онда теодолиттің орналасу нүктесін дұрыс таңдау керек. Мира азимутын анықтау үшін бірнеше тәсілмен қондырылған солтүстік бағытты білу қажет: 1) Полярлы жұлдыз бойынша, 2) Күннің түскі орналасу жағдайы бойынша; 3) Күннің «тең бұрыштар» тәсілі бойынша; 4) Буссоль бойынша; Мира азимутын буссоль бойынша анықтау –күрделі әдіс. Ол астрономиялық әдістерден жүйелілігімен ажыратылады. Қателік 0-02-ден 0-03-ке дейін болуы керек. буссол әдісінің кемшілігі магнитті аномалия аудандарында қолданыла алмауында. КСРО аймағында бұндай аудандарға 1-2 км радиусты орындардағы магнитті стрелкалардың (тіл) иілуі 130-170°-ты құрайтын Курск магнитті аномалия ауданы жатады. Магниттің әсерінен магниттік еңкею өзгерсе, бусссольмен жұмыс жасау дәлдігі бірден төмендейді. Солт.жарты шарда (65° ендікте) буссольді магниттік сызығымен бағдарлау кезінде қателіктер болуы мүмкін. Түнде оның мәні 1-00 ду-ға жетеді. Бусссольмен солтүстікке бағыттауды анықтау үшін осы аталған жағдайларды ескеру керек. 1) Магниттік еңкею мәні бірдей пунктте теодолитті орнатқаннан соң оның горизонтальды лимбіне есеп қойылады. 2) Теодолит трубасының вертикаль бұрышына шартты түрде 90° енгізіледі. Теодолит түріне байланысты орналасатын объективке белгі бойынша буссольды орнатады. 3) Магнитті стрелканы арретирден босатады. Горизонтальды лимбтың стопорын босатқанда теодолит азимутқа солтүстікке стрелканың шеткі белгіге қарама-қарсы буссольдің мөлдір қабырғасына қарай бұрылады. Горизонтальды лимбтың микрометрлік винтті қосушы күйінде қалады. Егер горизонтальды лимб алидадамен бірге қозғалса және азимуттың көрсеткіштері алдын-ала сақталатын болса. 3) Стопролы винт пен горизонталды лимбты бекітеді. 5) Теодолит трубасының буссольды шешіп, мирада оның азимутын анықтайды. Кездейсоқ қатені болдырмау үшін есептелген жұмыстарды 3 рет қайталайды. Мира азимутын анықтауда 3 есептік көрсеткіштің орташа арифметикалық мәні қолданылады. Егер радиолокаторды қондырмас бұрын жасаса және теодолит антеннаның орнында тұрса, теодолит көмегімен негізгі мира азимутын анықтауға болады. Сондай-ақ, әрбір мира азимуты анқталуы мүмкін. Бұл координаттарды жұмыс журналына енгізеді, координатамен бірге мираның сызбалық суреті жасалады. Миралық нүктеде стрелкамен жұмыс жасаушының аты-жөні мен қызметі жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]