Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aero_praktikum_shpor_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.59 Кб
Скачать
  1. Мира азимутын Күн бойынша «тең бұрыштар» әдісімен анықтауды түсіндіріңіз

Мира – көкжиекте негізгі фоннан ерекшеленетін зат. Ол келесі талаптарға сай келуі керек: 1) мираның мазмұндық нүктесі антенна визирі көмегімен оңай анықталуы керек; 2) мазмұндық нүктенің визирлану сызығы визир сызығының енімен сәйкес келуі керек.

Станция маңында бірнеше мира таңдап алу керек. олардың бірі-негізгісі, ал қалғандары-қосалқысы болады. мираға деәінгі ара-қашықтық 500м-ден төмен болмау керек. мира азимутын станцияны орнатқанша немесе өзгерткенде анықтау керек. Мира азимутын АТК, ТТ-50 немесе Т-30 теодолиттер көмегімен анықтаған кезде дәлдігі 1' болу керек. Егер мира азимутын станцияны орналастырып болңған соң ғана анықтаса, онда теодолиттің орналасу нүктесін дұрыс таңдау керек. Мира азимутын анықтау үшін бірнеше тәсілмен қондырылған солтүстік бағытты білу қажет:

1) Полярлы жұлдыз бойынша

2) Күннің түскі орналасу жағдайы бойынша;

3) Күннің «тең бұрыштар» тәсілі бойынша;

4) Буссоль бойынша;

«Тең бұрыштар» әдісімен Күн бойынша солтүстік бағытты анықтау арқылы мираның азимутын анықтау. Солтүстік жарты шарда Күн сағат тілімен қозғалады. Егер теодолит көмегімен Күн аспанның шығыс бөлігінде көтеріліп жатқанда Күннің вертикальды және горизонтальды бұрышын анықтасақ, содан соң дәл осы вертикальды бұрыштағыдай, Күн аспанның батыс бөлігінде батып бара жатқанда, Күннің горизонтальды бұрышын анықтасақ, онда 1-В бұрышы мен 1-А бұрышы теодолитті дәл ортасынан бөлетін сызық-станцияның меридианында орналасады және оңтүстік бағытты көрсетеді.

Жұмыстың орындалу реті келесідей: теодолитті орнатқаннан кейін талапқа сәйкес оның трубасын мираға келтіру нүктесін жіппен қиылысатындай етіп келтіреміз. Трубаның орналасуын өзгертпей 0,0°есебімен горизонтальды лимбқа орнатамыз. Таңертең, Күннің биіктігі 10°-тан жоғарылағанда, вертикальды және горизонтальды Күн бұрышының бірінші есеп нәтижесі алынады. Бұл 1-А нүктесінің координаталары болады. Сонымен қатар, теодолит трубасының горизонтальды жібін Күннің төменгі шетіне, вертикальды жібін солтүстік шетіне әкеледі. Бұрыш нәтижелерін 1' дәлдікпен анықтайды.20-30 минут соң тағы 2 бақылау жасалады, ал бақылау нәтижелерін 2А және 3А нүктелерінің координаталары ретінде жазамыз. Күннің горизонтальды бұрышын күн батысқа қарай төмендейді және 3А нүктесіндегівертикалды бұрышқа дейін жеткен кезінде анықтайды. Бұл жағдайда теодолит трубасының вертикальды жібін Күннің оң жақ шетіне әкеледі. Горизонтальды бұрыш нәтижесін 3В ретінде жазамыз. 2А және 1А нүктелерін солай, яғни 2В және 1В деп жазамыз. 5) мираға қатысты горизонтальды бұрыштың оңтүстігінде қарай бағытын 1А және 1В нүктелерінің келесі теңдеумен анықтаймыз: . А1 – мираға қатысты оңтүстікке бағытталған горизонтальды бұрыш. 6) 2А және 2В нүктелері үшін де осы теңдеу қолданылады. Теңдеу нәтижелері А2 және А3-ке сай жазылады. «Тең бұрыш» әдісімен Күннің оңт.бағытын анықтау.

А1, А2, А3 мәндерінен ортақ арифметикалық мән алынады. Алынған нәтиже мираға қатысты оңтүстікке бағыттылған горизонталды бұрыштың нақты мәні болады.Мираға қатысты оңтүстікке бағытталған азимут анықталады. Ол үшін 360°-тан мираға қатысты оңтүстікке бағытталған горизонталды бұрыш алып тасталынады.Алынған мәнге 180°-ты қосып, мираға қатысты сәйкесіше бағытталған азимут анықталады. Егер Күнге бақылау Оңтүстік жарты шарда жасалса, онда 7-8 жұмыстарында мираға қатысты азимуттың бағыты бірден солтүстікке анықталады. «Тең бұрыш» әдісімен тек Күннің нақты солтүстігін ғана емес, сонымен қатар 10°-тан төмен, 60°-тан жоғары емес кез келген жұлдыздың нақты солтүстігін анықтауға болады. Төменде «тең бұрыш» әдісімен Күннің оңтүстігінде бағытталуын анықтағандағы теодолиттің көріну аумағындағы Күн жағдайы берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]