Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журн[1]..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.4 Mб
Скачать

Ұлылар туралы сыр Еңбек пен іскерлік жайындағы даналар сөзі

Тірек сөздер: мақала, очерк, роман, жанр, қалам, ауқымды публицистика, сарын, көркем, шығармашылық, жазушы, ел, жер, жетістік, шабыттылық, қайраткер.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мәтінді аударыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын түсіндіріңіз.

4. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге жоспар жасап, сол жоспар бойынша мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Ұлылар туралы сыр

Мұхамеджан Қаратаевтың публицистикасы өз алдына алып қарарлық дүниелер деуге болады. Себебі бұл жанрға автордың кең құлаш жайғандығы демекпіз. Шағын мақала-очерктерден бастап, роман жанрына дейін қалам тартқан. Міне, ойымыздың қайнар бұлағы да осы.

Қандай дәуірдің сөз шебері болсын, өзі өмір сүріп отырған кезең ішіндегі қоғам мәселелеріне араласпай қалмаған. Ертеден келе жатқан дәстүріміз соны айғақтайды. Суреткердің заманды бейнелеуі үлкен парасаттылықтан тумақ. Г.И.Потанин: «Оның шын дарыны қазақ оқушылары үшін жазатын қазақ публицисі, немесе әдебиетшісі болуы еді» - дейді Шоқан туралы.

Бұл пікірден әдебиет әлеміне араласушы қалам иелерінің өз халқына етене жақын, ыстығы мен суығына біте қайнасқан қадірменді жан екендігін сезу қиын емес.

М.Қаратаев - кеңес әдебиетініц бел ортасында жүрген азаматының бірі. Әдебиетіміздің даму жолындағы сын-зерттеу еңбектері шын жанашырлықтан пайда болған, оның ізденісті жемісі. Қайтпас қажырлылық та, жігер да сарқа жұмсалып, әдебиеттің өркендеуі мақсатына ыстық ықыласпен келді. Сондықтан да болар: «Шеберлік шыңына», «Әдебиет және эстетика», «Социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасуы», «Эпостан эпопеяга», «Туған әдебиет туралы ойлар» деп толғануы құптарлық.

Ал Қаратаевтың публицистикасы оның тағы бір қырын танытыды. «Даладағы дабыл» сияқты құжаттарга негізделген публицистикалық романы мол ауқымдылықты білдіреді. Қала берді, тағы да сол публицистикалық сарында жазылған көркем очерктері шығармашылық мүмкіндікпен тоқайласып жатыр. Жазушы өмірінен жазылсын, әйтпесе туған ел мен жер, жетістік жайлы жазылсын, аса шабыттылық нышанын сеземіз.

Әрі академик, әрі жазушы, әрі қайраткер Мұхамеджан Қаратаев жөнінде айту көптік етпес деп ойлаймыз. Негізінен, журналистік-жазушылық бағытындағы керкем публицистикасын бөліп қарамақпыз.

Өріс алып, өркен жайған өскелең әдебиетімізде қазіргі кезеңде де қаламын суытпай отырған Қаратаевтың публицистикалық шығармаларын атауымыз керек. Ол, мейлі тарихты жазсын, мейлі бүгінгі күн тақырыбын қозғасын, бәрінде де азаматтық сарын бар. «Мәдени сапар» очеркінде өзге елдің тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен экономикасын сөз етсе, енді бірде «Известия» газетінің бетінен «Көзі ашылған бұлақтар» деген өз еліміз жайлы мақаласын оқисыз. Осыдан-ақ автордың өмір жайларына сергек те сезімтал қарай білетініне көз жетеді.

Қаратаевтың шығармашылығы жайлы айтылып та, жазылып та келеді. Бірақ көбіне ғалымдық жағына тоқталып, соған ойыса беретін. Байыптап қарасақ, бір кездері журналистік жолдан да өткенін өмірбаян беттерінен білеміз. Баспасөз органдарында біршама қызмет те еткен. Қысқасы, журналистік іске қатынасқан, осы тқрғыдан көркем публицистикалық шығармалары мен очерктері жөнінде сөз арасында айтылып жүргені болмаса, арнайы қолға алынбай келеді. Сол бұрын-соңды жарияланған М.Қаратаевтың шығармашылығы жайлы ой-пікірлердің жетегіне еріп кетпей, өзімізше сөз қозғауды мақсат деп білеміз.

Мұхамеджан Қаратаев – публицистикалық мақалалармен бірге, көркем очерк те жазған. Оның ұшқыр қаламы өмірден түйген ой қорытындаларын ғана емес, жайнаған табиғатты да, кісі әмірінің қызықты шақтарын да тамылжата тербейді. Ғылыми зерттеулерінің, арнауларының өзінде кестелі тіл үйірімі бар. Заманымыздың қарыштап алға басқан кезеңінде сәулетті өмірімізді жазушының көрмей отыруы мүмкін емес. Ол үшін қуана білу, шаттана білу қажет. Ал Мұхаңда бүл қасиет бар десек, қателеспейміз. Ол өнер адамдары жайлы жазады. Ол ірі әдебиет өкілдерінің портретін береді.Ол туған ел жайлы, шет ел достығы жайлы толғайды.

«Әркімнің туған жері - бір Мысыр» дейтін сөз ертеден есімде. Бұдан Мысырға деген қастерлеу сезімі естілетін. Бала кезден көп тыңдаған қисса, дастан, аңыздардан, бала күнімде кездейсоқ қолыма түсіп, оқу туралы арманымды пирамиданың, сфиникстің суретінен, оқыған тарих кітаптарынан оның алыстағы бір ғажайыпқа толы ел екеніне күмән келтірмейтінмін. Әсіресе, Ніл дариясы ғажап ертегі-өзен көрінетін. Міне, сол ертегідей еміс-еміс есте қалған ел мен жерді енді өз көзіммен көргелі барамын. Жүрек алып ұшады. Ұшақ та алып ұшқалы тұр. Азын-аулақ қазақ ол жаққа баяғыда барған ғой. Бірақ қалай және қанша уақыт жүріп барған десеңізші! Айлап жүріп, жылдап елден безіп, әуелі атпен, одан поезбен, кейін кемемен, соңынан түйемен жүріп, әрең жететінін еститінбіз. Ал сол жерді біз қазір бес-ақ сағатта алатын көрінеміз».

(Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі.).

2-тапсырма.