Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журн[1]..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

«Ана тілі» газеті

1990 жылдың 22 наурызынан жарық көріп келе жатқан апталық газет. Алғаш редакторы – Ж.Бейсенбайұлы. Газеттің негізгі мақсаты – қазақ тілінің жай-күйі мәселелерін көтеру, тіліміздің мемлекеттік мәртебесін орнықтыруға атсалысу және елтану, тілтану тақырыптарына арналған материалдар жариялау. Алғашқы шыққан сандарынан бастап «Ана тілі» газеті нағыз ұлттық бағытты ұстанды. Онда тіл мәселесінің қоғамдағы орны мен рөлі жөнінде, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту туралы өткір бастамалар көтерілді. Сондай-ақ Алаш зиялыларының өмірі мен еңбектері жайында, әдебиет, мәдениет, тіл саласындағы тұлғалардың шығармашылығы хақында өзекті материалдар ұсынып келеді.

Грамматикалық анықтағыш Етістік. Етістіктің түрлері. Тұйық етістік.

Етістік қимылды білдіреді, сұрақтары - не істеді? не қылды? Етістіктер мағынасына байланысты 2 топқа бөлінеді:

1. Негізгі (айт, жаз)

2. Көмекші (е, ет, де)

Құрамына байланысты 2 топқа бөлінеді:

1. Дара (сөйле, көмектес)

2. Күрделі (жазып бол, кіріп шық)

Жасалуына байланысты 2 топқа бөлінеді:

1.Түбір (оқы, кел)

2.Туынды (ойла, ойна)

Етістік тудырушы жұрнақтар:

1.-ла, -ле, -да, -де, -та, -те

майла,тұзда, баста

2. -ар, -ер, -р

қысқар, жасар

3. -ғар, -гер, -қар, -кер

теңгер, басқар

4. -ай, -ей, -й

азай, көбей

5. -а, -е

сана, теңе

6-тапсырма. Кестеде көрсетілген туынды етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тұйық етістік

Тұйық етістік етістіктің түбіріне –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Тұйық етістік-қимыл есімі болғандықтан, жалғау түрлерін қабылдайды.

Тұйық етістіктің тәуелденуі

Жекеше

Көпше

І жақ баруым

баруымыз

ІІ жақ баруың

баруларың

ІІ с\т баруыңыз

баруларыңыз

ІІІ жақ баруы

барулары

Тұйық етістіктің септелуі

А.с.

кездесу

І.с.

кездесудің

Б.с.

кездесуге

Т.с

кездесуді

Ж.с.

кездесуде

Ш.с.

кездесуден

К.с.

кездесумен

7-тапсырма. Берілген етістікті тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Білім беру, бәсекеқабілетті мамандар дайындау, білім сапасын көтеру, біліктілікті арттыру, талап ету, талапқа сай болу, артта қалуды болдырмау, пайда көзі ретінде көріну, озық ғылымды дамыту, кредиттік жүйені енгізу,

8-тапсырма. Етістіктермен сөйлейміз. Төменде берілген суреттегі табиғат құбылыстарына сипаттама беріңіз. Суреттегі құбылыстар жылдың қай мезгілінде болады?

СОӨЖ тапсырмалары

1. Қазақстан баспасөзі жүйесіндегі реформалар туралы әңгімелеп беріңіз.

СӨЖ тапсырмалары

1. «Ана тілі» газетінен бір мақала таңдап, лексико-грамматикалық талдау жасаңыз.