- •Лекция №1
- •Лекция №2 Тақырыбы: Жамбыл облысы табиғатының зерттелу тарихы
- •Лекция №3
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Лекция №6
- •Лекция №7
- •Лекция №9
- •Лекция №8
- •Геобатаникалық аудандастырылуы.
- •Лекция №10
- •Лекция №11 Тақырыбы: Жамбыл облысының ерекше қорғауға алынған нысандары
- •Лекция №12 Тақырыбы: Жамбыл облысының табиғат зоналары
- •Лекция №13
- •Лекция №14 Тақырыбы: Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастырылуы
- •Лекция №15 Тақырыбы: Жамбыл облысының халқы, экономикасы, өнеркәсібі
- •1.2 Жамбыл облысының үлкен қалалары мен демографиясы
- •Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Лекция №12 Тақырыбы: Жамбыл облысының табиғат зоналары
1. Жамбыл облысының шөлді аймағы.
2. Биік таулы аймағы.
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы, оның ландшафтысының құрылымына байланысты. Себебі табиғи ландшафт аумағында, адамның шаруашылық әрекеті жүзеге асып жатады. Антропогендік әрекетке әрбір ландшафтының төтеп беру қабілеті, экологиялық тұрақтылығы әрқалай болады.
1. Шөл табиғи зонасының ландшафтысы. Бетпақдаланың оңтүстігінен Мойынқұмды, биік таулардың етегіне дейінгі алқапты тұтас қамтиды. Экологиялық жағдайы шөлдердің генетикалық типтерінде әр түрлі болып қалыптасады. Облыс жерінде сазды, құмды және тасты шөлдер кездеседі. Сондықтан топырақ жамылғысына комплекстілік тән, ол кезегімен өсімдік жамылғысының комплекстілігіне әсер етеді. Жусанды-сораңды, эфемерлі өсімдіктер басым. Шөлдің экологиялық жағдайына байланысты, өсімдік жамылғысында, қысқа мерзімді көктемдегі мезофитті өсімдік түрлері, жаздағы ұзақ мерзімді ксерофиттермен алмасады. Өсімдік жамылғысының зональды өзгерісімен қатар, қыс мезгілі ішіндегі өзгерісі байқалады. Ол қыстағы ауа температурасының біресе жылынып, біресе суынуына байланысты. Өсімдік жамылғысының суық мезгіл ішіндегі өзгерісіне, түскен ылғал мөлшеріде әсер етеді. Шөл зонасындағы жауын-шашын мөлшері 180-200 мм ғана, құрғақшылық индексі-1,05.
Биік таулы облыстар Жамбыл облысы территориясының 10% ғана алып жатыр. Тау беткейлеріндегі биіктік белдеулік спектрлері, оның абсолюттік биіктігіне, экспозициясына байланысты дамиды. Мысалы, Қырғыз Алатауында ландшафтының биіктік спектрі төмендегідей:
А/. Тау алды бөктеріндегі шөлейт, астық тұқымдасты-жусанды-эфемерлі өсімдіктері бар, ашық каштан топырағында дамыған /1100-1200 м басталады/.
Б/. Аласа таулы /1100-100 м басталады/ бөлігінде, таудың каштан топырағында дамыған дала ландшафтысы. Тау беткейлері жиі тілімделген, опырындылар жиі байқалады. Дала шөптері – бетеге, селеумен бұталар араласады. Тау басындағы дала зонасының жоғарғы шекарасы шамамен 2000-2200 м деңгеймен өтеді.
В/. Орта биіктікті бөлігінде қара топырақты шалғынды-дала /2600-2800 м/ бұталармен, ормандармен алмасады. Ормандары аршадан тұрады. Қылқан жапырақты ормандар /Тянь-шань шыршасы, Семенов самырсыны / кең тарамаған.
Г/. Биік таулы /2600-2800 м жоғары/ таудың қара топырағында субальпілік таулы-шалғынды ландшафт дамыған.
Д/. Биік таулы /3000-3800 м/ альпі шалғыны - аласа шөптесінді ландшафт нивальды мәңгі қарлы-мұзды зонаға өтеді. Нивальды зонаның аса маңызды экологиялық ролі бар. Себебі барлық өзендер түгелге дерлік осы мұздықтардан бастау алады.
Жамбыл облысындағы табиғи ландшафтылардың экологиялық қасиеттері, шаруашылықты жүргізгенде ескерілүі қажет. Экологиялық шиеленіс әрі табиғи, әрі антропогендік факторлар арқылы туындайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.
2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.
4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.
