Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жамбыл обл лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437 Кб
Скачать
☆

Лекция №7

Тақырыбы: Жамбыл облысының топырақ жамылғысы

1.Топырақтың таралу заңдылығы

2.Топырақтың негізгі генетикалық типтері

Топырақты өсімдік жабындысы әр түрлі және оңтүстікке қарай ауысып отырады.Жазықтықтар мен төменгі тау бөктерлері теңіз деңгейінен 800 метрге дейінгі жусанды-тұздықты және бос далалы-дәнді өсімдіктері бар шөлейт далалы белдеу. Құмдарында сексеуілдер тоғайы, өзен алаптары мен тау бөктерлерінде талды, жыңғылды және жиделі тоғайлар бар. Теңіз деңгейінен 800-1700 метр биіктікте бетеге – жусанды өсімдіктер тоғайы бар құрғақ далалық белдеу, ал 150-1700, 2000-2100 метрге дейін тоғайлы әр түрлі шөптесін көгал далалы орманды-көгалды далалы белдеу орналасқан. Өзен алаптарында көк теректі, үйеңкілі ормандар, жабайы алмалардың, доланалардың қопалары, тасты баурайларда – ағашқа ұқсас аршалар кездеседі.

Жер қорлары және топырақ жағдайы. Жамбыл облысының топырағы әр түрлі Топырақ жамылғысының дамуы ендік бағытындағы зональды және вертикальды белдеулік заңдылықтарға сәйкес дамыған. Биіктік белдеулік бағытында дамыған топырақ - өсімдік жамылғысының типтері: шөлді, шөлейтті, құрғақ-дала, таулы, шалғынды дала, таулы-шалғынды және альпілік шалғынды-дала. Бұл топырақ-өсімдік жамылғысының типтері облыс жеріндегі тауларға тән. Облыстың жазық аймағында шөлді болғандықтан топырақ жамылғысы аналық тау жыныстарына байланысты болады. Шөлдің барлық аналық тау жыныстары карбонтты және тұзды (гипс, тез еритін тұздар). Саздар мен құмсазда лайдың үлесі 12-18 пайыз. Топырақ түзілу процесінде шешуші рөлді биоклиматық жағдайлар атқарады. Атмосфералық жауын-шашынның аздығы мен жаздағы жоғарғы температура биологиялық, топырақ процестерін жасауға мүмкіндік брмейді. Сондықтан облыс территиясында топырақ қабаты жұқа қалың емес, қарашірігі аз, тұзды.

Топырақтың негізгі генетикалық типтері. Топырақтану ғылымының негізін салушы, еліміздің атақты ғалымы В.В.Докучаевтың сипаттамасына қарағанда, «топырақ дегеніміз- түрлі климат жағдайларының әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың, ал мәдени түрге келтіргенде адамдардың да қатысуымен өңделген және өзгерген мәдени өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ете алатын, құнарлылығы бар жер бетінің ең жоғарғы қабаты». Аталған өзгерістер топырақ түзілу факторларының әсерінен болады. Топырақ – тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаты мен қасиеті бар табиғи ерекше құрылым. Топырақ судың, ауаның және организмдердің литосфераның жоғарғы қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол бір-бірімен байланысты қабаттардан тұрады. Топырақтың табиғи құнарлылығы оның құрамына, қасиетіне және түзуші фактрларға байланысты болады. Топырақ түзуші негізгі фвкторлар – ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, белгілі бір аймақтың жер бедері мен геологиялық жасы, сондай-ақ адамның шаруашылық әрекеті.

Әдебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2. Ә.С.Бейсенова., А.Б. Самақова., Т.И. Есполов., Ж.Б.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: «Ғылым», 2004

3. В.Е.Соколова., Е.Е.Сыроечковский. Заповедники СССР. Заповедники Средней Азии и Казакстана. - Москва: «Мысль», 1990.

4. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.