- •Лекция №1
- •Лекция №2 Тақырыбы: Жамбыл облысы табиғатының зерттелу тарихы
- •Лекция №3
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Лекция №6
- •Лекция №7
- •Лекция №9
- •Лекция №8
- •Геобатаникалық аудандастырылуы.
- •Лекция №10
- •Лекция №11 Тақырыбы: Жамбыл облысының ерекше қорғауға алынған нысандары
- •Лекция №12 Тақырыбы: Жамбыл облысының табиғат зоналары
- •Лекция №13
- •Лекция №14 Тақырыбы: Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастырылуы
- •Лекция №15 Тақырыбы: Жамбыл облысының халқы, экономикасы, өнеркәсібі
- •1.2 Жамбыл облысының үлкен қалалары мен демографиясы
- •Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Лекция №8
Тақырыбы: Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы
1. Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары.
2. Геобатаникалық аудандастырылуы
Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары. Шөлді жазықар мен аласа таулар облыс территориясының басым көпшілігін алады. Шөлдің гидротермикалық режимі жазғы температурасының өте жоғары болуы, құрғақшылық жағдайы өсімдік жамылғысының эфемерлі және ксероморфоз ерекшеліктерін анықтайды.
Эфемерлі өсімдіктердің вегетациялық кезеңі қысқа, жылы, ылғалды мерзімде өте шығады. Бір жылдық өсімдіктер – эфемерлер мен көп жылдық – эфемероидтар, күзде жаңбыр жауғанда өне бастайды.
Өсімдік жамылғысының екінші бір ерекшелігі – ксероморфоз, жазғы ыстық аптапқа төтеп бере алу қабілеті, әрине ол бейімделуден пайда болады. Бейімделудің бірнеше белгілері бар: өсімдік таспалары жіңішке, булануды азайтады, жапырағында, сабағында түгі бар.
Тұзды сортаңды топырақта – галофиттер сабағы мен жапырағы қалың етті, өсуі баяу өседі. Геоботаник З.В.Кубанскаяның зерттеулері Бетпақдалада өсімдіктердің 6 типін ажыратады. Шөлді, шөлді-сораңды, дала, шалғынды, бұталы, сүректі.
Геобатаникалық аудандастырылуы.
Жамбыл облысы көлемінде кешенді табиғат жағдайлары әр түрлі, яғни, геологиялық құрылысы мен тектоникасы, жер бедері, климаттық ерекшеліктері және топырақ жамылғысы алуан түрлі болып келетін және белдеулік-зоналық биіктік деңгейлеріне бөлінген физ-географиялық аудандар орналасқан. Ал, жалпы аймақтық ерекшеліктері кейбір тікелей жағдайларға байланысты мысалы: жергілікті ауа алмасуына, беткейлердің әр түрлі орналасуына, топырақтың алуан түрлілігіне және төселіп жатқан тау жыныстарына қарай өзгеріп отырады. Міне осы өзгерістер өз кезегінде көптеген өсімдік түрлерімен солардан құралған фитоценоздар үшін әр түрлі тіршілік ету ортасын қалыптастырып, флора құрамын байытып көбейтуге қажетті алғы шарттар жасайды. Қабылданған жаңа флоралық аудандастыру кестесіне байланысты.
Әдебиеттер тізімі
1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.
2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.
4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.
Лекция №9
Тақырыбы: Өсімдіктердің зерттелу тарихы
1.Өсімдік ресурстары, олардың шаруашылықтағы маңызы.
2.Дәрілік өсімдіктер
3. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлері
Өсімдік ресурстары, олардың шаруашылықтағы маңызы. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы - өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне жағдай жасайды. Жазықтар мен тау етегіндегі шөлді сұр, қоңыр топырақты белдемді жусанды-сораңдыөсімдік жамылғысы алып жатыр. Тақыр мен сортаң жерлерде өсетін сексеуіл тоғайлары, негізінен жапырақсыз аласа қара сексеуілден тұрады. Сексеуілді тоғайлар арасында әр түрлі шөптесін өсімдіктер (жусан, күйреуік, изен, теріскен) көптеп кездеседі.
Облыс көлемінде өсімдіктердің 1309 аса түрлері өседі. Соның ішінде 79 түрі эндемикалық, бұлардың да түрі күн сайын кемуде республикалық Қызыл кітапқа 98 өсімдіктер енген. 104 түрлі дәрілік өсімдіктердің көбі Қаратау жоталарында екендігін ескерсек Берікқара ботаникалық қорығының негізінде Қаратау-Билікөл ұлттық паркін құру кезеңі туды Бұл мәселе бойынша біраз жұмыстар жүргізіліп қазіргі кезде бұл жайында негіздеу жұмыстар ғана қажет болып отыр.
Тұзды сортаңды топырақта – галофиттер сабағы мен жапырағы қалың етті, өсуі баяу өседі. Геоботаник З.В.Кубанскаяның зерттеулері Бетпақдалада өсімдіктердің 6 типін ажыратады. Шөлді, шөлді-сораңды, дала, шалғынды, бұталы, сүректі.
Обылыстың табиғаты темперетураның құбылмалығы, жауын-шашынның әрі жылы, әрі территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Жамбыл обылысындағы өсімдіктер сол климат жағыдайына бейімделген. Обылыстың оңтүстік таулы аймағының ауа райы жұмсақтау келеді. Қысы онша қатты емес , ылғал да біршама жақсы түседі. Сол себептен бұл жерде өсімдіктер ерте көктемде шығады, әсіресе қар астында өсетін бәйшешектер таулы жерлерде күн жыли бастаса, март айларында шыға бастайды. Обылыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5˚ және 0,5˚ арасында ауытқып тұрады.
Әдебиеттер тізімі
1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.
2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.
4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.
