Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жамбыл обл лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437 Кб
Скачать
☆

Лекция №5

Тақырыбы: Жамбыл облысының климаттық жағдайы

1. Климаты. Климаттық аудандастырылуы.

2. Агроклиматтық жағдайы

Климаты. Жамбыл облысы солтүстік ендіктің 42-43 º белдеуіне таман, жазы құрғақ жылы, қысы қоңыржай – суық қары аз жауатын, салқын қоңыржай климаттың орташа жоңғарлық-солтүстік Тұрандық шөлінің зонасында жатыр. Міне осы Орталық Азия мен Қазақстанның жазықтықтарына жалпы тән заңдылықтарға қоса, рельефтің кедір-бұдырлығынан туындаған ауа айналымы және Тянь-Шаньның биіктік белдеулігі әсер етеді. Биік таулардың альпі және субальпі белдеулерінің теңіз деңгейінен 2500-3000 м-ден жоғары климаты, қысы біршама ұзақ қыркүйектен мамыр айына дейін созылады. Ал жазы қысқа-қоңыр салқын болып келетін ерекшеліктер тән.

Облыстың аумағының басым бөлігі ашық әрі жазық екенін ескерсек, жылдың суық айларында солтүстіктен келетін Азиялық антициклонның ықпалы мол. Облыстың бұл өңіріне ылғалға мол континенттік Сібір және арктикалық ауа массасы енеді. Ылғалды ауа массасының қайталануы сирек, облыстың оңтүстігіне жеткенше оның ылғалы азаяды.

Аязсыз күндер жоқтың қасы. Орташа жылдық температура -6-9º шамасында. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жекеленген аудандарда 900-мм-ді құраса, ал жалпы орташа есеппен 485 км-ді көрсетеді.

Климаттық аудандастырылуы. Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш-Арал, Жоңғар, Шу-Іле және Қаратау-Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық адандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға Орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданының батыс бөлігі (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Талас аңғары климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады.

Одан басқа облыстың таулы өңірі – батыс Тянь-Шань таулы климаттық облысының Жуалы, Шығыс Қаратау, Солтүстік Қырғыз және Шу-Іле климаттық аудандары кіреді. Жазық өңірлердегі климаттық аудандарға негізінен қуаң климат тән.

Жауын-шашынның түсуі біркелкі таралмаған, беткейлердің орналасуына қарай 300-500 мм аралығында түседі. Жыл ішінде 6 ай жауын-шашын қар түрінде түседі. Қардың қалыңдығы төменде 10 см, орташа биіктіктерде 30 см. Қар жамылғысы 50 күндей жатады. Жауын-шашынның мол жауатын кезі сәуір-маусым.

Әдебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2. Ә.С.Бейсенова., А.Б. Самақова., Т.И. Есполов., Ж.Б.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: «Ғылым», 2004

3. В.Е.Соколова., Е.Е.Сыроечковский. Заповедники СССР. Заповедники Средней Азии и Казакстана. - Москва: «Мысль», 1990.

4. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.

Лекция №6

Тақырыбы: Жамбыл облысының ішкі сулары

1.Өзендері, көлдері

2. Жер асты сулары

3. Бөгендері мен тоғандары

Су қорларының жағдайы. Жамбыл облысының жер беттік сулары Арал теңізі бассейініне жатады. Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған.

Жамбыл облысының су қорларының негізі - өзендер. Олардың 60 пайызы көрші Қырғызстан тауларынан басталады. Ал 40 пайызы өз жерімізде. Негізгі жер үсті су көздері Шу, Талас, Аса және 235 майда өзендер.

Өзен алқаптарындағы қоймалары, суармалы жайылымдары суландыруға және ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, комуналдық, тұрмыстық құрылымдарды сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Өзендері, көлдері. Облыстың Таулы өңірінде және тау бөктерінде өзен торы біршама жиі, ал Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдерінде өзен жоқ. Ең үлкен өзені Шу (1186). Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Табиғаты көркем Буам шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. ол облыстың шығыс бөлігінен өтеді, тасығанда төменгі ағысындағы кең алқапқа суы жайылады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылады. Шу өзінің аңғарында кішігірім көлдер тобын түзей отырып, тұран ойпатының шығысындағы құмға сіңіп кетеді. Шу су жинау сипаты жағынан аралас толығатын өзендер қатарына жатады. өзен ағынын реттеу және суару мен суландыруға пайдалану үшін Шу қаласының жоғарғы бөлігінде оған Тасөткел бөгені салынды.

Балқаш көлінің оңтүстік батыс бөлігі Жамбыл облысына жатады. Жағалауынан 1,5-2 км жерде Қашқантеңіз көлі орналасқан. Аумағы 18,5 мың шаршы шақырым. Оьлыс аумағындағы ең ірі көл – Билікөл. Ауданы 86,5 мың км. кв. Оның суы тұщы. Көлде көксерке, жайын, сазан, табан балық т.б. бар.

Билікөлден басқа Ащыкөл (суы сортаң), Ақкөл (тұзды), Айдын (тұзды) т.б. кішігірім көлдер бар. Жалпы көлдердің басым бөлігі Талас аңғарында орналасқан.

Жер асты сулары.

Облыста арыны жоғары бірнеше жер асты су алаптары бар. Олардың ең ірісі – Аса-Талас артезиан алабы. Оның суы 100-300 м-лік тереңдіктен шығады. Суы палеоген және неоген шөгінділерінде жатыр. Артезиан ұңғымасынан тәулігіне 7000 м текше су алынады. Одан басқа облыс аумағында (Сарысу және Талас ауданы аумағында) Кіші Қаратау жер асты су алабы орналасқан. Ол кембрий-ордовик кезеңдерінің карстік-жарқшақты әктастарында таралған. Сулы қабаттың қалыңдығы 40-300 м. Өзен аңғарларында көптеген қайнар бұлақтар бар. Одан басқа алапта 10-нан астам жер асты су көздері жете зерттелген. Жер асты суының пайдалануға болатын жалпы қоры тәулігіне 216 мың текше метр көлемінде болжанған.

Бөгендері мен тоғандары. Облыстағы ең ірі бөген – тасөткел бөгені. Оның су сыйымдылығы 620,0 млн м текше. Бөген Шу өзені бойында орналасқан. Облыстың 42,3 мың га жерін суарады және шабындықтарды суландырады. Екінші ірі бөген Теріс өзенінде салынған. (Жуалы ауданы). Оның су сыйымдылығы 158,0 млн. м текше.

Әдебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2. Ә.С.Бейсенова., А.Б. Самақова., Т.И. Есполов., Ж.Б.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: «Ғылым», 2004

3. В.Е.Соколова., Е.Е.Сыроечковский. Заповедники СССР. Заповедники Средней Азии и Казакстана. - Москва: «Мысль», 1990.

4. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.