Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жамбыл обл лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.4 Кб
Скачать

Лекция №10

Тақырыбы: Жамбыл облысының жануарлар дүниесі

1. Жануарлар дүниесінің таралу ерекшеліктері

2. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі

Жануарлар дүниесінің таралу ерекшеліктері. Жамбыл облысы – сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: арқар, таутеке, елік, ақбөкен, қоңыр аю (Батыс тянь-Шань жоталарында) доңыз, кездеседі. Басқа жыртықштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған. Ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан сақалтай, ұлар, үкі, шымшық, бұлдырық т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы сирек кездесетін жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензбир суыры, көкқұс, лашын т.б. құс-жануарлардың мекені.

Өсімдік және жануарлар дүниесінің негізгі тіршілік ортасы шөлейтті және жартылай шөлейтті тау алқаптары техногендік әсерлер нәтижесінде тау алқаптарындағы ландшафтты зоналар. Бұл құбылыс тек өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес географиялық аймақтарында өзгеруіне әкеліп соғады. Өсімдік және жануарлар дүниесінің нашарлап кетуіне төмендегідей жағдайлар үлкен әсерін тигізеді.

-су құрылымдарының гидрологиялық, гидрохимиялық режимдерінің өзгеруі;

-жер байлықтарын шектен тыс пайдалану жайылымдарға ерекше салмақ салу;

-аң аулау, балық аулау т.б. кәсіптердің шектелмеуі;

-дәрілік өсімдіктерді жинау мезгілін, нормаларын сақтамау.

Облысымызда көптеген түз тағыларымен құстардың түрі кездеседі. Яғни 50-ден аса сүт қоректілер, 160 – қа жуық құстардың түрі бар. Қазіргі кезде құстардың көбі жойылып кету қаупінде. Олар ҚР Қызыл кітабына енген. Оның 7 сүт қоректілер. Оларға жағдай туғызып сақтап қалуға толық мүмкіндіктер бар.

Бетпақдалада селевиния (сирек сүт қоректілер қатарында) және тышқандардың түрлері мекендейді. Облыстың барлық аймағында борсық, жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, сүтқоректілерден қарақұйрық, елік, киік, қабан шошқа кездеседі. Құстар шөлдерде салыстырмалы аз, бірақ көпшілігі эндемикалық түрлер. Ірі құстардан бүркіт, дала бүркіті т.б. Ұсақ құстардан – торғайдың түрлері, бұлдырықтар, бозторғайлар кездеседі. Қырғыз Алатауында әдемі Орталық Азиялық ешкі, тау теке мекендейді. Арқар Қаратауда, Шу-Іле мен Қырғыз Алатауында кездеседі. Тау етегіне қарай дикобраз, құстардан-ұлар, кекілік бар. Ауыл шаруашылығына зиянды –жәндіктер дүниесі түрге бай. Шегірткелер, прус т.б.

Өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау іс-шараларын жоспарлаған кезде жануарлардың табиғи жағдайларындағы талаптарын олардың өмір сүру және молайу ерекшеліктерін қорғау, табиғи түрлерін кему жолдарын, табиғи жайылымдардың сапалылығын т.б. ескеру қажет.

Әдебиеттер тізімі

1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.

2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.

3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.

4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.