Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.55 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

  2. Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

  3. ХV ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

  4. Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

  5. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: қайталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің негін қалаушылар.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақ хандығынының құрылу үрдісінің негізін қалаушыларына сипаттама беру, мемлекеттің алғашқы хандары керей мен Жәңібек туралы білім қалыптастыру;

  • Керей мен Жәңібек туралы айта келе оқушылардың жеке қайраткерлерге баға беруге дағдыландыру;

  • Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ мемлекетінің алғашқы жері ? Астанасы ?

  2. Не себепті Қазақ мемлекеті Жетісу аймағында орналасқан ?

  3. Қазақ рй-тайпаларының қоныстану ерекшеліктері қандай ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

  2. Қазақ хандығының құрылуы.

III. Жаңа сабақ.

Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. Керей ханның Орыс ханға дейінгі ата-бабалары жөнінде тарихи зерттеулерде біршама жақсы қарастырылғандықтан, біз оларға тоқталмаймыз. Зерттеулердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады. 1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Т.И.Сұлтановтың жазуы бойынша, Керей ханның атасы Тоқтақия «жұмсақ мінезді және әділетті» адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған. Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама» бойынша Керей хан – Болаттың (Анике Болаттың) жалғыз ұлы. Тоқтақияның Болаттан басқа Тәңірберді және Бұғышақ атты екі ұлы болып, Бұғышақтың Мұхаммед, Ахмет және Әли атты үш ұлы және Имен би атты қызы болғандығы белгілі.